Бірнеше рет екі қолыңыздың саусақтарын айқастырып, біріктіріңіз. Байқағаныңыздай, бір қолдың бас бармағы үнемі жоғарғы қалып отырады.
Егер сол қолдың бас бармағы үстінде болса, онда Сіз эмоционалды адамсыз, ал егерде оң қолдың саусағы жоғарыда болса, ол Сіздің миыңызда талдау (аналитикалық) сипаты басым екендігін білдіреді.
Екі қолыңызды кеуде тұсында айқастырыңыз.
Егер жоғарыда оң қолыңыз тұрса, онда Сіз қарапайымдылық пен мейірімге жақынсыз, ал егер сол қол үстінде болса, онда Сіз мақтануды ұнатасыз.
Қолымызды шапалақтаймыз.
Қол шапалақтағанда оң қолыңыз «соғушы» болса, онда Сіздің мінезіңізде жігер басым, ал сол қол белсенді болса, онда Сіз шешім қабылдағанда көп толғанатын адамсыз.
«Менің анкетам » - Туған жерің? - Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың. - Туған жылың? - 1931. Құрдасымын Шәмілдің. - Шыққан тегің? - Шаруамын. - Білімің ше? - Орташа ғой.Алайда өзім жоғары бағалаймын. - Ана тілің? - Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де бар.
Қайда істедің? - Мынау «Еңбек кітапшамнан» тауып ал. Оқымаған, дипломсыз демесең, бір басымнан бар мамандық табылар. - Міндеттісің бе әскерге? - Міндеттімін. Міне мұнда көп мағына бар. - Мекен – жайың? - Жерде жүрген ақын деген пендемін, Қағаз, қалам, уақыт бер аздаған . Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!
Мұқағали Мақатаев
“Мен туған жер Қарасаз баурайдағы ......”
Жас кезі
М.Мақатаев – қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ф.Оңғарсынова
Әйелі – Лашын Әзімжанова. Тұңғыш қызы – Ләззат 1949 жылдың желтоқсанында дүниеге келіп, сәуірде суық тиіп қайтыс болған. Екінші қызы – Майгүл 1951 жылы мамырда дүниеге келген, 1962 жылы Алматыға көшіп келгеннен кейін машина апатынан қайтыс болады. Бұл қаза ақынға қатты соққы болады. Майгүлге арналған өлеңдер циклі баршылық. Қалған балалары – Жұлдыз, Айбар, Алмагүл, Шолпан.
Мұқағали орыс, неміс тілдерін жақсы білген.
1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық кеңес хатшысы, мектепте мұғалім болды.
1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі әдебиет және өнер институтында оқыды.
Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай», «Інімнің ойы», «Шебер». Өлеңдегі ұстазы – Қ.Аманжолов. Ақынның тұңғыш кітабы – «Ильич», ал кейінгі шығармалары«Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», “Чили – шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!», «Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдері бар.
Мұқағали Мақатаев XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақын.
Ақиық ақын 1976 жылы 27-інші наурызда Алматы қаласында