Мәселе Оқушылар баға алғанда мынадай сұрақтарды жиі қояды: «Оған неге «5», маған неге «4» менің де жауабым дәл осындай болған», «Неге «4», неге «5» емес?» Оқушылардың ата-аналарынан жиі еститініміз: «Менің балама оның тиісті бағасы қойылған жоқ! Менің балам жақсы оқиды, оның үштік баға алуы мүмкін емес» Ата-аналардың және оқушылардың ойынша бағалау өте қарапайым нәрсе. Ал шынында оқушылардың білімін бағалау – бұл күрделі педагогикалық үдеріс. Бағалау - бұл алынған нәтижелерді белгілі мөлшер немесе үлгімен салыстыру. Сондықтан бұл бағалау үдерісі педагогтардың, оқушылар мен ата-аналардың алдында тұрған ең бір актуалды, қарама-қайшылық тудыратын және пікір таласқа көп түсетін тақырыптардың бірі. Тапсырма
Бағалау (ағылш. assessment – көлемін анықтау) – бұл оқыту нәтижесінде оқушылар нені біліп түсінгенін және осы білім-түсініктерін қалай қолдана алатынын терең түсіну үшін түрлі дерек көздерінен ақпаратты жинақтау және талдау үдерісі. БАҒАЛАУ Оқушылардың оқудағы жетіс-тіктерін бағалаудың негізгі мақ-саты – алынған білімдік нәтижелердің алдын ала жоспарланған нәтижелерге сәйкестік дәрежесін анықтау. БАҒАЛАУ МАҚСАТЫ