Ұлы Отан соғысы, жеңіс күні, батырлар туралы әңгіме жүргіземін
Сұрақ – жауап:
- Бұл өлеңде не туралы айтылған?
- Кімнен сұрапты?
- Қандай жауап алды? Шығармашылық жұмыс Топпен жұмыс: тақтаға “Бейбітшілік елін” бейнелейтін
көрнекілік ілінеді
Ал енді балалар, мен сендерге шеңбер таратып беремін. Шеңберде сөздер жазылған. Сол шеңбердегі сөздерді оқыңдар. Қайсысы “Бейбітшілік еліне” тұруға болады. Көңілдерің қалаған сөздерді апарып іліндер. Үш топтың әрбіріне шеңберде сөздер жазылған. Ол сөздердің үшеуі жақсы сипатта, біреуі жағымсыз сипатта. Оқушылар ортада оқып, өзара талдап, дұрыс деп тапқан кеспе ғана ілінеді.
Мысалы: І топ: қамқорлық, сыйластық, қатігездік
ІІ топ: достық, татулық, ашу.
ІІІ топ: Мейірім, төбелес, бірлік.
Топпен жұмыс. “Бейбітшілік елінің” тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды орындасақ, біз бейбітшілік елінде тұруға лайықтымыз.
- Жарайсыңдар! Барлығың да бейбітшілік елінде тұруға лайықтысыңдар. Сергіту сәті: (қимылмен көрсетіп)
Мен атқан таңды сүйемін.
Шуағын шашқан күнді сүйемін.
Аялаған анамды сүйемін.
Қоршаған бар әлемді, өзімді сүйемін. - Балалар енді бейбітшілік елінің тапсырмалары бар. Елімізде мәңгі тыныштық болуы үшін, соғыс болмасын, бейбітшілік мәңгі орнасын деген әр бала осы тапсырманы құлшына орындауы керек. Сөздері оқып, әр топ дыбыс санына қарай сөздерді әр бағандағы сөздердің астына жазыңдар.