ӘОЖ 57: 37. 3
Ж 31
БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУДЕ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ-ТӘЖІРИБЕЛІК ҮЛЕСКІСІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Абжапарова А.С. оқытушы, Жарлыхасын Г. Т. Б-13-1 тобының білімгері
Мектеп жанындағы оқу-тәжірибе үлескісі биологияны сапалы оқытуда маңызды материалдық базаның бір құрамдас бөлігі. Биологияны оқыту практикасында мектептің оқу-тәжірибе үлескісінің рөлі аса зор. Тәжірибе үлескісінде оқушылар биология сабақтарында меңгерген теориялық білімдерін тереңдетіп өз қолдарымен практикалық жұмыстар жасайды. Сол себепті өсімдіктерді өсіру мен баптаудың практикалық біліктілігін игереді. Жануарларды күту, бақылау дағдылары қалыптасады. Көктемде және күзде тәжірибелер қойып өсімдіктердің өсуінің биологиялық заңдылықтарын анықтап үйренеді. Тәжірибелер мен бақылаулар кезінде ауылшаруашылық дақылдарының түсімін молайту мүмкіндіктерін анықтайды [1].
Биология пәнінен терең білім алу үшін өсімдіктерді өсіруі мен жануарларды күтуге шеберлікпен әдеттену, ауылшаруашылық мамандықтарға қызығушылықтың өсуіне оқу-тәжірибе үлескісіндегі оқушылардың сарамандық, тәжірибелік жұмыстарының маңызы зор. Тәжірибе үлескісіндегі жұмыстар балалардың еңбек мәдениетін, әсемдік сезімін, ұжымдық дағдыларын тәрбиелейді [1,2].
Мектеп үлескісіндегі, биология кабинетіндегі және тірі табиғат бұрышындағы оқушылардың қатысуымен атқарылатын жұмыстар өсімдіктер мен жануарларға жасалатын тәжірибелерге бағытталуы керек. Тәжірибелер оқушыларға өсімдіктер мен жануарлардың морфологиялық құрылысын білуіне көмектеседі. Әрбір мүшенің физиологиялық маңызын, айналадағы жағдайлардың өсімдіктер мен жануарлардың хал-жайына әсері, көп өнім беретін өсімдікті өсіру, азот агротехниканы игеру. Әсіресе оқушыларды өсімдіктер мен жануарлармен тәжірибе жасау әдістемесімен танысуына мүмкіндік беретін сарамандық жұмыс өсімдіктер мен жануарларды зерттеуге деген оқушылардың терең ықыласын арттырады [5].
Мектеп жанындағы оқу-тәжірибе үлескіде биология бағдарламаларынына сай сарамандық сабақтар, тәжірибелер салынады және аталған пәндердің теориялық материалдарын өткенде керекті табиғи көрнекті материалдар дайындалады. Бастауыш мектептің оқу-тәжірибе үлескісінде ауыспалы егісте көкөніс, дала егістік дақылдар, жеміс-жидек өсімдік дақылдары, жемісті әсемдік өсімдіктердің көбейтілуіне арналған екі жылдық өсімдіктерінің тұқымдық жүйектері, ашық ауада оқушылармен сабақ жүргізуге арналған алаң болуы керек. Торларда жануарлардың (ін қояны, үйректер, тауықтар), метеоалаңы болғаны дұрыс [1].
Орта мектептің оқу-тәжірибе үлескісіндегі бастауыш сынып бөлімі, ауыспалы егіс бөлімі, жеміс – жидек бауы, ағаш көшеттерін өсіру питомнигі, жүйелеу бөлімі коллекциялық үлескісімен, биология бағдарламасының тәжірибе бөлімі, сабақ және жапырақ қалемшелерімен егістік тәжірибе жүргізу үшін үлескі, гүлді-әсемдік бөлім, дендрарий, ін қояндарының қол тұқымдары, үй құстары, бал аралары бар зоологиялық бөлім, көшет өсірілетін орынмен және жылыжайымен қорғаныш топырақтағы парниктер, жабдықталған, метеоалаң, көң, құрал-сайман, тыңайтқыштар сақтайтын қалқа.
Мектептерде оқу-тәжірибе үлескісі мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Бастауыш сыныптар бөлімі.
2. Ауыспалы егіс бөлімі.
3. Жеміс-жидек бағы.
4. Жемісті және әсемдік өсімдіктерінің питомнигі.
5. Өсімдіктерді жүйелеу бөлімі.
6. Тәжірибелер бөлімі.
7. Гүлзарлар және гүлділі-сәндік өсімдік егістері.
8. Дендрарий.
9. Зоологиялық бөлімі.
10. Қорғаныш жер (жылыжай, парниктер, тірі бұрыш).
11. Метеорологиялық алаң.
12. «Генетика және сұрыптау», «Өсімдік және орта» және т.б. үлескілері бар жалпы биология бөлімі.
Мектептерде оқу-тәжірибе үлескісі бөлімдеріне тоқталатын болсақ:
Бастауыш сыныптар бөлімі- бастауыш сыныптарынң оқушыларына арналған тәжірибе үлескісінің жері жеке белгіленуі керек. Үлескінің көлемі оқушылардың санына байланысты анықталады.. Бастауыш сыныптардың оқу-тәжірибе үлескісінде болуы тиісті: дақылдары алмасатын көкөністік ауыспалы егіс, гүлзар, жидектік жер, коллекциялық үлескі, ал мүмкіндік болса қорғаныш топырақ (парниктер, көшеттер өсіретін орын), оқушылармен сабақ өткізетін алаң.
Ауыспалы егіс бөлімі - 6 сыныптың «Биология» бағдарламасы бойынша оқып білетін барлық дерлік дақылдар өсіріледі. Оқушылар осы аймақта қолданылатын озат агротехникамен танысады. Сондай-ақ, топырақтың құрылымын жақсартудағы, өсімдіктердің түсімділігін арттырудағы, олардың ауруларымен және зиянкестерімен қарсы күресудегі ауыспалы егістегі дақылдардың алмасуының маңызымен танысады.
Жеміс-жидек бағы - мектептің үлескі көлемінің шамасы үштің бірінде жеміс бағы орналасады. Бақта шекілдеуік, сүйек жемістілерді, жидекті өсімдіктерін және жүзімнің аудандастырылған іріктемелерін өсіру қажет.
Жемісті және әсемдік өсімдіктерінің питомнигі – оқушылар питомникте алманың, қарақаттың, қарлығанның, таңқурайдың, жүзімнің және ағаш өсімдіктерінің көшеттерін өсіруімен іс жүзінде танысуы қажет. Әрбір оқушы көшеттерді отырғызуға дайындауын, жер көлеміне жеміс бағын отырғызу, шұңқырларды қазу, дұрыс отырғызу және отырғызылған өсімдіктерді күтуін қамтамасыз етуді білуі қажет.
Өсімдіктерді жүйелеу бөлімі – бұл бөлімнің екі үлескісі бар. Біріншісінде ауылшаруашылық дақылдары әр түрлі топтарының жинағын орналастырады: астық, техникалық, малазықтық, көкөкністік және т.б. Екінші үлескіде өсімдіктер жүйелеуінің жинағын өсіреді. Бұған оқушылардың биология пәнінде оқытылатын өсімдіктердің тұқымдастары қосылалы: астық, бұршақ, шаршыгүл, күрделігүл, алқа, лалагүл, раушангүл және т.б.
Тәжірибелер бөлімі – үлескіде ботаника және жалпы биологиядан бірқатар эксперименттік жұмыстар жасалады.
Гүлзарлар және гүлділі-сәндік өсімдік егістері – бұл егістіктер қалалық, сондай-ақ ауылдық мектептерге қажет. Оқушылар мектептің территориясын әшекейлендіру үшін әсемдік өсімдіктерді отырғызады. Мектеп үлескілерінде бір және көпжылдық гүлді өсімдіктер өсіріледі.
Дендрарий – бұл бөлім оқу және эстетика мақсатын атқарады. Мұнда әртүрлі ағаш-бұталы тектер, ең көп тараған түрлер жинақталады. Оқушылар өсімдіктердің биологиясын зерттеп біледі, әр түрлі әсемдік өсімдіктердің тұқымдарын себуге дайындығымен іс жүзінде танысады.
Зоологиялық бөлімі – бұл бөлімде 7 сынып оқушылары қызмет жасайды. Бөлімде үй қоян күркесі, құс қора, омарта, пайдалы насекомдарды өсіруге арналған инсектарий, балықтарға аквариумдар және т.б. болуы жөн.
Қорғаныш жер (жылыжай, парниктер, тірі бұрыш) – оқу-тәжірибе үлескіде шағын парник пен көшет өсірілетін орын болуы керек, мұнда оқушылар қорғаныш жерде өсімдіктерді өсіру тәсілдерімен іс жүзінде танысады, мектептің үлескісінде отырғызуға қажетті көкөніс және гүл дақылдарының көшеттерін өсіруге қатысады.
Метеорологиялық алаң – оқушылардың қалай бақылауларының тәсілдеріне үйрену үшін, сондай-ақ ауа – райының мәліметін пайдалануына және салыстыруына, өсімдіктерге фенологиялық бақылаулармен тәжірибелер жүргізуіне қажет.
«Генетика және сұрыптау», «Өсімдік және орта» және т.б. үлескілері бар жалпы биология бөлімі – сұрыптау және генетика үлескісінде екі үлескінің болғаны жөн. Біріншісі – сегіз танапты шөптесін өсімдіктер орналасқан ауыспалы егіс; екіншісі – төрт танапты жеміс-жидек өсімдіктерінің сеппекөшеттері оргналасқан ауыспалы егіс.
«Өсімдік және орта» үлескілерінде 9-11 сынып оқушылары жұмыс істейді. Олар фенологиялық бақылаулар, өсімдіктердің әртүрлі экологиялық жағдайларда өсу және даму динамикасын бақылайды [3,4].
Кейбір мектептерде оқу-тәжірибе үлескісіндегі сарамандық жұмыстар тиісті бағаланбайды. Бұл жағымсыз құбылыстарға соқтырады. Мұндай мектептерде оқушылар теориялық материалды нашар білуіне әкеп соқтырады. Өсімдіктерді өсіруге, жануарларды күтуге және жемдеуге қабілеттері болмайды.
Биология сабақтарын оқыту күйін жақсарту мақсатында, сондай-ақ оқушылардың мамандыққа бағдар етуіне мектеп қызметкерлері оқу-тәжірибе үлескілерінде жұмыстарды ұйымдастыру ережесін және сол үлескілердің тәжірибелік сарамандық жұмыстарын орындаудың әдістемесін басшылыққа алуы керек. Биология пәнінің мұғалімдері оқушыларды мектеп жылыжайындағы, тірі табиғат бұрышындағы және биология кабинетіндегі өсімдіктер мен жануарларға сарамандық және тәжірибелік жұмыстарды жүргізу арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға болады. Мұғалімдердің жетекшілігімен сарамандық жұмысқа осындай көңіл болу арқылы оқушылардың өсімдіктерге, жануарларға, ауылшаруашылық, өндіріске деген қызығушылықтары жоғарылап, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері оянады. Сондықтан мектептің оқу-тәжірибе үлескісінің маңызы өте зор.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мырзабаев А.Б. Биологияны оқыту әдістемесі. Қарағанды, «Полиграфия», 2006ж.
2. Конюшко В.С., Павлюченко С.Е., Чубаро С.В. Методика обучения биологии. Мн.: «Книжный дом», 2004г.
3. Биологияның оқу бағдарламаларымен оқулықтары.
4. Мұхаметжанов Т. Мектептің оқу-тәжірибелік үлескісіндегі жұмыстардың әдістемелік нұсқау ұсыныстары. -А., 2001ж.
5. Ағелеуов Е. Ботаника. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. –Алматы: «Санат», 1998 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |