Еркін түсу үдеуін анықтау Жұмыстың мақсаты



Дата22.10.2023
өлшемі74,55 Kb.
#187427
Байланысты:
ЛОБ4


Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
Физика кафедрасы


Зертханалық жұмыс-10
Тақырыбы:Еркін түсу үдеуін анықтау
Орындаған: Каукербек О.Б
Топ:С-23-1
Қабылдаған: Маженов Н.А

№10 Зертханалық жұмыс


Еркін түсу үдеуін анықтау
Жұмыстың мақсаты: арнайы құрылым, электромагнит – ЭМ, болат шар, секундомер құралдарын пайдалана отырып, дененің еркін түсу үдеуін анықтау, жұмысты орындап, есептеулерді реттеп жазып, жұмыстан шыққан қорытындыны тұжырымдау.
Құрал жабдықтар: арнайы құрылым, электромагнит – ЭМ, болат шар, секундомер.

Жұмыстың орындалу барысы:

  1. Электромагнитті 2 – 2,2 м. биіктікке бекіту керек

  2. Секундомерді рычагты баса отырып, «0» нөлдік жағдайға қою керек

  3. Магниттің тумблерін «қосылған» жағдайға қою керек

  4. Болат шарды магнитке жабыстыру керек

  5. Секундомерді, магниттің тумблерін «қосылған» жағдайға қою керек

  6. Электромагниттің тумблерін тоқтан айырғанда, секундомер тоқтайды

  7. Шардың t, c түсу уақытын кестеге енгізу керек

  8. Тәжірибені 10 рет қайталау керек

  9. Еркін түсу үдеуін мына формула бойынша анықтаңыздар.


g =
𝑡

  1. g - ның орташа арифметикалық мәнін анықтаңыздар.

𝑔1 + 𝑔2 + 𝑔3 + … 𝑔𝑛
𝑔 =
n

  1. Еркін түсу үдеуінің орташа квадраттық қателігінің орташа арифметикалық мәнін табыңыздар.

Sg=

  1. Еркін түсу үдеуінің орташа арифметикалық мәнінің сенімді интервалын есептеңіз.

Δg = 𝑡𝑝,𝑛 ∙ 𝑆𝑔
мұндағы 𝑡𝑝,𝑛 коэффициенті Р=0,95 және n = 10 үшін кестеден алу керек.

  1. Кестені толтырыңыздар.



h , м

t, c

g , м2
с

g , м2
с

𝑆𝑔 , см2

м
Δg, 2
с

1.

2

0,62

10,4

9,8

0,1

0,226

2.

2

0,65

9,47

3.

2

0,63

10,07

4.

2

0,65

9,47

5.

2

0,63

10,07

6.

2

0,65

9,47

7.

2

0,64

9,77

8.

2

0,64

9,77

9.

2

0,65

9,47

10.

2

0,64

9,77

Бақылау сұрақтарына жауаптар:

  1. Еркін түсу қандай қозғалысқа жатады?

Еркін түсу үдеуі – айнымалы үдемелі түзусызықты қозғалысқа жатады

  1. Үдеу дегеніміз не?

Үдеу – жылдамдықтың өзгерісінің шапшаңдығын сипаттайтын физикалық векторлық шама.

  1. Жер бетінің әрбір нүктесінде ауырлық күшінің үдеуі неге әртүрлі?

Жер бетінің әр нүктесінде еркін түсу үдеуінің әртүрлі болу себебі, бікіләлемдік тартылыс заңынан шығатын еркін түсу үдеуінің формуласы радиусқа тәуелді, яғни жердің әр нүктесінде радиус ұзындығы әртүрлі

  1. Диаметрі бірдей екі шағын (картон және металл) дисклер ауада неге әртүрлі жылдамдықпен құлайды?

Диаметрі бірдей екі бірдей шағын (картон, металл) дисклердің ауада әртүрлі жылдамдықпен құлау себебі оларға ауаның тарапынан әсер ететін кедергі күшінің шамасы әртүрлі. Оны И.Ньютон тәжірибе жүзінде дәлелдеген.

  1. Еркін түсу үдеуі дененің формасы мен массасына тәуелсіздігіне тәжірибе жүзінде қалай көз жеткізуге болады?

Еркін түсу үдеуі дененің формасы мен массасына тәуелсіз, оны былай
2ℎ дәлелдеуге болады: g = 𝑡2

  1. Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын жаз

𝐹 = 𝐺 𝑚 𝑟1𝑚2 2 , 𝐺 = 6.67 × 10−11

  1. Тәжірибеде алынған еркін түсу үдеуі мәндерін мына түрде жазып, g = gорт ± Δg және түсінік беріңдер.

g = gорт ± Δg бойынша g = (9,8±0,226) м/с2

8. Жер бетіндегі дененің еркін түсу үдеуі қандай күштермен анықталады? Еркін түсу үдеуі жердің ендігіне тәуелді ме?
Жер бетіндегі еркін түсу үдеуі ауырлық күшімен анықталады. Еркін түсу жердің географиялық ендігіне (ф) және дененің теңіз деңгейінен биіктігіне тәуелді.

  1. Дененің салмағы мен гравитациялық тартылыс күшінің айырмашылығы неде?

Салмақ – дененің тірекке немесе аспаға әсер ететін күш. Егер дене тыныштықта болса, ауырлық күші мен дененің тірек реакция күші тең болады. Ал тең емес айнымалы қозғалса, салмақ қозғалыс бағытына қарай не жеңіл, не ауыр болады. Бүкіләлемдік тартылыс күші – кез келген массалары бар екі дене арасындағы әсерлесу күші, оның мөлшері массаға тәуелді және де мөлшері өте аз.


  1. Салмақсыздық деген не?

Салмақсыздық – тірек дененің қозғалысына бөгет болмайды, сондықтан дене тірекке не аспаға әрекет етпейді. Немесе қарапайым тілде түсіндіретін болсақ, дененің қозғалыс үдеуі еркін түсу үдеуіне тең болатын кез, сәт.

Р=0.95 ықтималдылығы үшін
Стьюдент коэффициенттері кестесі

n өлшем саны

Стьюдент коэффициенті
𝑡𝑝,𝑛

2

12.71

3

4.30

4

3.18

5

2.78

6

2.57

7

2.45

8

2.36

9

2.31

10

2.26


Қорытынды.
Зертханалық жұмыстың басты мақсаты қателікті есептеу болғандықтан, алынған өлшеулер арқасында біз бұл қателікті анықтауды үйрендік. Біріншіден, электромагниттің тумблерін «қосылған» жағдайға қойып, онымен болат шардың түсу уақытын анықтадық. Екіншіден, алынған өлшеулерден соң әрқайсысының еркін түсу үдеуін есептедік. Үшіншіден, үдеудің орташа мәнін есептеп, оның орташа квадраттық қателігінің мәнін таптық. Қорыта келгенде, алынған өлшеудің нәтижесінде еркін түсу үдеуінің қателігі, яғни арифметикалық мәнінің сенімді интервалы арқылы оның дәлдік мәнін есептеп шығардық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет