Сіздің баурыңызға басқан қызыңыз, ержүрек пулеметші, аға сержант Мәншүк Мәметова жолдастың қаһармандықпен қаза тапқанын туралы Сізге терең қайғырған сезіммен хабарлаймыз. Қазақ халқының даңқты қызы Мәметова жолдастың жауынгерлік жолы біздің Отанымызға адалдық пен шексіз берілгендіктің өшпес үлгісі бола алады, Мәметова жолдас майданға өз еркімен келіп, «Максим» пулеметін ерекше табандықпен меңгерді және сонымен өмірінің соңғы минутына дейін фашист құзғындарды қанжұтқыза жусатты.
Оның өлімі – біздер, майдангерлер, қарулас жолдастары үшін орны толмас үлкен қаза, туған анасы болып, халықтың осындай ержүрек, ізгі жанды, Ұлы Отанымыз үшін бұл қайғы сізге тіптен ауыр. Оның есімін Ұлы Отан соғысының батыры ретінде қашан болсын мақтанышпен,атаймыз. »
Иван Черноколпаков, Қасым Шәріпов, Асқар Закарин, Иван Комаров, Бабаш Абдоллаев.
25қазан 1943жыл
«Ерліктен өмір гүл атты»
«Отан үшін, әкем үшін...» деп қан майданға аттанған ержүрек ару қыздың артында аңыз боп ерлігі қалды. Өзгеде кездесе бермейтін ерлік пен батырлық, қайсарлық пен өжеттілік Мәншүктің ғана жүрегіне тән еді. Себебі ол қазақтың маңдайына жарқырап біткен жарық жұлдызы, мыңдар мен миллиондардың бірі... Ол кешкен аз ғұмыр өте мәнді өтті. Себебі оның жаны біздерге жеңіс алып берді. Халқы үшін ерен еңбек сіңіріп, әр кезеңде келер ұрпақтың санасынана өшпейтіндей дара жолы бар қазақтың қос қарлығаштай батыр арулары бүгінде тыныш заманның тәуелсіз төрінде ескерткіш болып қана тұр...
Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел батырлары Отанымыздың байтақ жерін, ақ сүт берген анасын, пәк күлкі шашқан баласын, парасатты данасын қорғады. Осы әділет жолында қасық қанын қиып ұрыс даласында ерлікпен шайқасқан батыр қаһарманымыз Мәншүк Мәметова әрқашанда ел есінде, оны әрдайым еске алып, құрмет көрсету біздің парызымыз.