Ертеңгілік Тақырыбы: Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсін!



Дата28.01.2018
өлшемі135,22 Kb.
#35535
Ақтөбе облысы

Байғанин ауданы

Қораши ауылы

Қарабұлақ орта мектебі

Бастауыш пәні мұғалімі

Сабыр Айман Нәшенқызы


Ертеңгілік

Тақырыбы: Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсін!

Сахна iшi. 8сынып оқушылары мектеп формасымен келеді Қолында гүл.



Үзілхан : Сағатына қайта-қайта қарап, достарын іздейді. Қалған 8 сынып

оқушылары келеді. (бұрынғы 4-класс бітірткен оқушыларым)



Айдана : Бізде келіп қалдық . Бәсе сен өз уақытында кешікпей келуге

үйренгенсің-ғой.



Гүлжазира Қандай жақсы болды, бүгін мектепте мереке-ғой.

Айдана : Иә қандай жақсы, бүгін 4сынып оқушылары бастауышпен

қоштасып, орта буынға аттанбақ.



Үзілхан : Қандай қызық! Дәл осындай тұп-тура 4 жыл бұрын бізде

бастауышпен қоштасып, біздіде сән-салтанатпен шығарып салған еді.



Айдана : Иә Үзілхан! Бастауышта апайымыздық epкeci, кей-кейде тентегі

ек. Кейбір қылықтарымды ойласам балалық пен жасалған шалалық екен.

Сонын бәрін кешірген ұстаз жирегі неткен мейірімді десеңші.

Гүлжазира : Fылым иeci ғылымда, ел қорғаған батырда, тілінен бал тамған

акында, тегеурінді темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып терін

төккен шаруада, кекті шарлаған ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім алған!

Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз (бәрі 6ipre бас иеді)

(ұстазымызға арнап би немесе ән)

Айдана : Алдында тұрып тақтаның

Дәріс бердің сақтадым

Білімді шыққан сөздің мен

Әр ісіңді мақтадым

Лупілдеген жүректі

Жақындатқан еліммен

Жаксы iciмнің барлығын

Ұстаз берген дедім мен

Жақсы менен жаманның

Айырмасын танытқан

Пайдасы мен заланың

Санамызға дарытқан

Жан ұстазым-жақыным

Аямаған акылын

Жақсы ұстазы болмаған

Көп нәрседен мақұрым

Шу-шу етіп жан-жақтан

Шаршатқан да болармыз

Жиналғанда кайта біз

«Қош келдіңіз» айтамыз

Мектеп, ұстаз- қос ана

Әлдейленіп қайтамыз



Гүлжазира: Білімді шәкірттерің аялаған

Жақсылығын ешкімнен аямаған

Саялы бақ жанашыр жас ұрпақтың

Ұстаз деген ардақты аяаулы адам

Үзілхан (тақпақ айтады)

Бәрі: Ұстаздарға мың алғыс!

Хор: Ұстазым әні (8сынып оқушылары орындауында)

Айдана: біздің алғашқы ұстазымыз Сабыр Айман Нәшенқызы ортаға

шақырамыз.

Мұалім: Сөз сөйлейді (пойыз дауысы естіледі)

Айдана: Жолың болсын, алысқа аттанғандар!

Аттанған соң ешқашан тоқтамаңдар.

Сендерсіңдер өмірдің бар бақыты,

Көздеріңде керемет от бар жандар

Не жетеді көңілдің байлығына

Мойындатар еңбегі мен жұртты мына

Мектебі ниеттес боп қолын бұлғап

Сәттілік тілеп тұрғой староста Ақмаралға

Ермахан спортты сүйеді

Мектеп үшін намысты бермей, күйеді

Бірақ оның қай жерде жүретінін

Тек бip өзi біледі.


Қуаныш көп болуда сүйікті елде

Ақылды адам-бәрінен биік пенде



Дәулет Нурлан болашағың жарқын болсын

Жулдызың болсын әркез биіктерде


Әйгерімдей әншіміз бар деп мақтанамыз

Әніне рахаттанып шаттанамыз

Талантымен талайды табындыратын

Әйгерімге ақ тілекті ақтарамыз.


Алдаберген Нұрланға кезек келді

Қызыл тілім жыр айтып безектеді

Жігіт болды айтсақда сенбейді ешкім

Қаншама бұзық, тентек десекте енді


Бос жіберме ешқашан уакытыңды

Аялай біл ақылың жақұығда



Кенжебай сен ел сыйлар азамат боп

Болашақтан табарсыз бақытыңды


Гулсезім сондай салмақты

Сабақ оқудан талмапты

Әр іске де жауапты екенін сезінумен

Kiмгe болсада ол ардақты



Тоқтардың мінезі бар жанға жайлы

Ешкімді ешуақытта алдамайды

Күліп жүр өмірде де дәл осылай

Қиындыққа кездессең болма кайғы

Ән: ақылшы мұғалім

1.Гүлсезім

2.Тоқтар (тақпақ айтады)

3 оқушы: Тойларыңыз құтты болсын қымбатты 4сынып оқушылары

Бәрі бірге: Той құтты болсын!

Айдана: Той шашушы, 4 сынып оқушыларының «Қара жорға» биін

тамашалаңыздар.



Гулжазира: Көтерген жүктерің де ауыр екен. Ендеше төрт жыл бойы көп

нәрсені көңілдеріңе тоқығандарың көрініп тұр.

Нұрлан

Ермұқан тақпақ айтады



Әйгерім

Айдана: Иә балалар! Жаңа біз көп нәрсені білдік, үйрендік деп

жатырсыздар. Miнe сендерге бip сұрақ қояйын.

-Адамның неше анасы болады?

-Екі анасы болады.

-Дұрыс-ақ

Ендеше отан туралы өлеңдерімізді айтайық

Ән: Атамекен орындайтын Әйгерім

Ақмарал: тақпақ

Орыс биі: орындайтындар Ақмарал

Әйгерім


Гулсезім

Кенжебай


Гүлсезім такпак

Ән ұстазым орындайтын Ақмарал


Ермахан: Апам менің «Айым»- дейд1і0

Мен мұңайсам уайым жейді

Апам меш «Күнім»- дейді

Мен қуансам күлімдейді


Ән «Әкешім-анашым» орындайтын Акмарал

Дәулет Нұрлан

Әйгерім тақпақ

Өзбек биі: 3 қыз



Айдана: Шынында да қанша сабақ оқығанның қаншасы көңілге

ықыласпен тоқылады екен.



Айдана: Қымбатты «Бастауыш бекетінен аттанатын жолаушылар!»

Ортанғы буынға жүрдек пойызына отырғызу бipep минуттан кейін

басталады, құрметті шығарып салушылар! Күту залында бос орындар бар.

Балалы аналарға демалыс белмесі ұйымдастырылған. Вокзал кезекшісі



Гүлжазнра: -Иә, пойыздың келіп тоқтағанын естідім. Бірақ мен оларды

әнсіз, бисіз және күйсіз жолсеріксіз шығарып сала алмаймын.

Би «Коштасу вальсі» 4сынып оқушылары

Пойыз даусы естіліп, диспечер хабарлайды



Айдана: Қымбатты жолаушылар! «Орта буын» пойызына отырғызу

басталды, кол жүктеріңізді алып билеттер бойынша жолсеріктеріңіз өз

вагондарыңызға келулеріңіз сұралады.

Жолсерік Гулжазнра

-Токтаңызшы! Жолаушылар сізден сөз сұралады .



Жолсерік Үзілхан

-Қымбатты жолаушылар! Сіздерге қоштасуға уакыт бершеді. Сондықтан

абыржымаңыздар.

Жолсерік Гулжазнра

-Иә қоштасу киын сәт. Бірақ сендерді алда қызықты жауапты күндер физика,

химия, география піндері және мейірімді орта буынның ұстаздары күтіп тұр

емес пе?


Айдана: Ендеше бугін кенң-байтақ Казақстанның жүздеген мектептерінде

мыңдаған шәкірттер бастауышпен коштасып, орта буынға өтіп жатыр. Олар

өз мектептеріне өз ұстаздарына шексіз алғыс айтуда.

Айдана: Жолың болсын!

Алысқа аттанғандар! ,

Сендерсіңдер өмірдің бар бакыты

Көздеріңде керемет от бар жандар!

Осымен 4-сынып окушыларының бастауышпен коштасу Mepeкеci аяқталды.

Алтын уақыттарыңызды болiп келгендеріңзге көп-көп рахмет айтамыз.



Құттыктау сөз сөйлеушілер кезегі ата-аналарға береді.

1.

2.



4-класс оқушыларының ұстазы Айман апайға сөз кезегін береміз

Ақтөбе облысы

Байғанин ауданы

Қораши ауылы

Қарабұлақ орта мектебі

Бастауыш пәні мұғалімі

Сабыр Айман Нәшенқызы

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты: Етістік туралы берілген ұғымды кеңейту. Етістіктің өзге

сөздермен байланысын таба білуге үйрету, сөздік қорын дамыту.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік стратегиясын пайдалану.

Көрнекілік: плакат, бейне баян, тірек сызба.

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру

  2. Психологиялық дайындық

  3. Өтілген материалдарды пысықтау.

1-тапсырма: Жұмбақ шешу:

Сылдырлады қорқады

Шошынып жортады. (қоян)

- Қоян сөзіне сұрақ қоямыз.

- Не?


- Қай сөз табына жатады ?

- Сөз таптарын ата.

- Зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.

- Зат есімнің қандай түрлерін білеміз?

- Балалар сендер сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер, сөйтіп бір балапанды

құтқардыңдар.

- Балалар, қоян сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?

- Бес дыбыс, төрт әріп бар.

- «Қоян» сөзінің бірінші дыбысын ата.

- Ендеше дәптерімізге бүгінгі күннің жадын және «Қ қ» әрпін әдемілеп жазамыз.


3. Жаңа сабақ . (бейне баяннан суреттерді көрсету)

- Балалар, түлкінің келесі тапсырмасын орындайық.


2- тапсырма. Оқулықтардағы жаттығуларды орындайық.
3- тапсырма. Тест тапсырмаларына жауап алу.
1. Заттың атын білдіретін сөзді қалай атаймыз?

а) Зат есім

ә) Сын есім

б) Сан есім

в) Етістік

2. Заттың атын білдіретін сөздерді тап

а) қара, қоңыр, ақ

ә) тырна, Айгүл, кітап

б) бес, үш, бір

3. Кім? деген сұраққа жауап беретін сөзі бар сөйлемді тап.

а) Күз болды

ә) Айсұлу әдемі

б) Машина жүрді

4. Бала, үйрек, ана сөздеріне төмендегі сұрақтардың қайсысын қоюға болады.

а) қандай? қай?

ә) кімдер? Кім?

б) кім? не?

5. Кімдер? Нелер? Сұрағына жауап беретін сөздер қатарын тап.

а) балапандар, үйлер, ағалар

ә) жасыл, келді, сары

б) парта , гүл, дәптер

4-тапсырма . Жұмбақ шешу







і












і










і







і




і







і







і




і







І



тіл

киім


кірпі

ілгіш


ірімшік
а) жазылған сөздерден сөйлем ойла.

ә) етістікті таптыру

б) етістікке сұрақ қой.

Мысалы: Әжем ірімшік қайнатты


5-тапсырма. Дәптермен жұмыс

1- жаттығу

6- тапсырма. Тақтамен жұмыс

2- жаттығу



7-тапсырма. Сабақты қорытындылау.

1. Суретке қарап, етістікті таптыру, сұрақ қойдыру

Бағалау.


Үйге тапсырма

Ақтөбе облысы

Байғанин ауданы

Қораши ауылы

Қарабұлақ орта мектебі

Бастауыш пәні мұғалімі

Сабыр Айман Нәшенқызы

Сабақтың тақырыбы: Таза бұлақ.
Сабақтың мақсаты: Ы.Алтынсарин әңгімесінің мазмұнын меңгерту.

Мәтін арқылы оқушылар бойында ақылдылық, тазалық,

адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Оқушылардың тілін, ой өрісін дамыту, шығармашылыққа тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин портреті, сөзжұмақ шешу.слайд.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын сұрау, мынасұрақтармен пысықтау.

1.Құстар тордан қалай құтылмақ?

2. Құсбегі тордағы құстардың айтыстарын қайдан білді?

3.Тор неліктен салбырап түсе бастады.?

4.Құс алушы торды не істеді?

- Өткен сабақта тағы кімдердің шығармасымен танысып едік.

- Ы.Алтынсарин.

- Олай болса шығарманың тақырыбын айтып жіберіңдерші?

- Баланың айласы.

- Осы шығармадан көрініс қоялық.

Ы.Алтынсарин туралы не білеміз? Кім айтады?

Ыбырай Алтынсарин кім?

Кімнің тәрбиесінде болған?

Оның қандай шығармаларын білесіңдер?

-Дұрыс – ақ, Ы.Алтынсарин осы күнгі Қостанай облысының, Қостанай ауданыда 1841 жылы дүниеге келген. Қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жазушы, қоғам қайраткері. Өз әкесі Алтынсары қайтыс болып, Ыбырай жасынан – ақ үлкен әкесі Балқожаның тәрбиесінде болған.

Атасы Ыбырайды 1850 жылы Орынбор қаласында қазақ балалары үшін ашылған қазақ – орыс мектебіне оқуға береді. Атасы немересінің жақсы оқып, жан – жақты білім алуына үнемі қамқорлық жасап тұрды. Ол мектепті 1857 жылы үздік бітіргеннен кейін үш жылдай хатшы болып жұмыс жасайды. Осы жылдары ол білімін өзінше толықтырды. Дүние жүзінің ағартушыларының еңбектерімен танысады. Бұл адамдардың өмірі мен қызыметі жайлы кітаптарды, әдебиет, ағарту мәселесіне қатысты газет – журналдарды көп оқиды. Торғайда 1864 жылы мектеп ашылып, Ыбырайдың арманы орындалды. Бұл мектепті ашу оған оңай болған жоқ. Өзіне қарсы шыққандармен күрес жүргізе отырып, ауыл-ауылды аралап, білім беретін мектептің тиіді екенн халыққа түсіндірді. Халықтың көпшілігі оны жақтап, көмектесті.

Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барып, орыс ағартушыларын зерттеп, орыстық халыққа білім беру жүйесімен танысты. Оқулқ жазуға әзірлік жасады. Ол жазған қазақ тіліндегі ең алғашқы оқулық «Қазақ хрестоматиясын» 1879 жылы Орынборда басып шықты. Оған балаларға арналған өлеңдер мен әңгімелер енгізді.

Біздің кемеңгер ұлы бабамыз Ы.Алтынсарин туған халқына жан аямай еңбек етті. Қысқа ғұмырында ұрпақтарына үлгі – өнеге боларлық, тәлім аларлық бай мұра қалдырды.



3. Жаңа сабақты түсіндіру.

4. Оқулықпен жұмыс. а) Таза бұлақ әңгімесін оқып беру.

ә) өз бетімен оқыту

б) жеке – жеке оқыту, рөге бөліп оқыту.

5. Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі үш жолаушының пікірлеріндегі нақыл сөздерді тауып, дәптерлеріне жазу.

6. Сөзжұмбақ шешу.

1. Ы.Алтынсариннің сабырлыққа шақырғандай әңгімесін оқыған едік?

2. Бүгін өтіп отырған жаңа сабағымыздың тақрыбы қандай?

3. Барша қараңқы қазақ елін қандай өлеңмен оқуға шақырды?

4. Орыс жазушыларынан кімнің шығармаларын қазақшаға аударған?

5. Ы.Алтынсарин кімнің тәрбиесінде болған?

6. Ы.Алтынсарин қай жерде дүниеге келген?

7.Сабақты қорытындылау.

1. Үш жолаушы бұлақ басындағы қандай жазуды оқыды?

2. Бірінші жолаушының жазу туралы пікірі не болды?

3.Екінші жолаушының жазу туралы пікірі не болды?

4.Үшінші жолаушының жазу туралы пікірі не болды?

5. Сен қай жолаушының пікіріне қосыласың?

6. Ы.Алтынсариннің қандай шығармаларын білесің?

Сонымен оқушылар бірінші жолаушының пікірінен адал қызмет істе, жалқау болма, талаптансаң ойлаған мақсатыңа жететінін айтқан. Ал екінші істеген жақсылығыңды міндеп қылма деген, үшінші жолаушы бұлақтың тазалығын айтқан, сенің де көңілің, бойыңда таза болсын деген.

Бұл әңгімеден, үш жолаушының айтқан пікірінде еңбекқор, талапты болуға, адамгершілікке, тазалыққа, достыққа шақырғанын көріп тұрмыз.

Ы.Алтынсариннің шығармалары оқушыларды қандай тәрбиеге баулиды?



«Таза бұлақ», «Кел балалар оқылық!», - адалдыққа, білімге; «Өнер білім бар жұрттар» - өнерге; «Жаман жолдас» - адамгершілікке, «Әке мен бала» - қанағатшыл болуға баулиды.

8. Оқушыларды бағалау.

9.Үйге тапсырма беру.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет