Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер Келіңдер, құстар



Дата08.01.2017
өлшемі41,6 Kb.
#6540
түріСабақ
№ 29 негізгі орта мектеп

1 – сынып

Пән мұғалімі: Толеуова Г.А.

Пән аты: Тіл және оқу

Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер

Келіңдер, құстар.



Б/м: Өтілген материалды пысықтау, талдау. Заттың атын білдіретін сөздерді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге уйрету.

Д/м: Құстар туралы білімдерін толықтыру, сурет көрсету арқылы сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Т/м: Құстарды қорғауға тәрбиелеу, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс тәсілі: түсіндіру, хабарлау, сұрақ – жауап, ойын, топтастыру.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка.

Көрнекіліктер: оқулық, плакаттар, ребус, тірек – сызба.

Сабақтың барасы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау

А) психологиялық дайындық (құстар әнін айту)



  1. Үй тапсырмасын сұрау

«Жазғытұрым» өлеңін жатқа сұрау

Жаттығу жұмысын талдау



  1. Өткен сабақты пысықтау

А) доп қағу ойыны

- Қазір балалар, мен сендерге сөздер айтамын, сендер сол сөздерге сұрақ қоясындар.

Парта, не? Гүл, не? Әке кім? Дәрігер кім? Сатушы кім?

- Олай болса, балалар, заттың атын білдіретін сөздерді не дейміз?


Кім?-Зат есім-не?

- Балалар, біздің сабағымыз жақсы өту үшін және көңіл-күйіміз көтеріңкі болу үшін сабақ басында қандай өлең айтып едік? (Құстар әні)

- Ендеше балалар, Қабдікәрім Ыдырысовтың «Келіңдер, құстар» әнімен танысамыз.

- Құстар қай мезгілде келеді? Көктемде

- Ендеше, қазір қай мезгіл? Көктем мезгіл

- Көктем мезгілінің қай айы? Наурыз

- Көктем мезгілінің алдында қай мезгіл болды? Қыс

- Қыс мезгілі сендерге қандай ерекшелігімен есте қалды? Әр мезгілдің өз ерекшелігі бар

- Көктем мезгілінің ерекшелігі қандай? Қане, кім айтады

Көктемде: күн жылынады, қар ериді, құстар келеді, мал төлдейді, аңдар оянады, 8 – наурыз қыздар мерекесі болады

- Балалар, нелердің суретін көріп тұрсындар? Құстардың

- Құстар бірнеше топқа бөлінеді: үй құстарды, жыртқыш құстар, суда жүзетін құстар, т.б.

Құстарды пайдасы жайлы айту.

Құстардың дыбыстарын келтіру.

Оқулықпен жұмыс.

«Келіңдер, құстар» Қ. Ыдырысов 1928 жылы Павлодар облысында дүниеге келген, ақын, аудармашы. Орыс жазушыларының өлеңдерін қазақ тіліне аударған.



  1. Өлеңді оқып беру

  2. Хормен оқыту

  3. Тізбектеп оқыту

  4. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізу

  5. Дәптермен жұмыс

А) күннің ретін жазу

Ә) көркем жазу. Көктем



85 – жаттығу

Көрікті көктем келді. Қар ери бастады. Құстар келді.

«Кім тапқыр» ойыны

Көзге көрінбейтін, қолға ұстауға келмейтін заттарды қызыл түспен бояңдар.

Көзге көрінбейтін заттар: ауа, ой, арман.

Көзге көрінетін заттар: көктем, гүл, шөп, түн, құстар.

Осы тірек сөздерді пайдаланып «Көктем» тақырыбына шағын әңгіме құлап, жазғызу.

87 – жаттығу

Сөйлемдерді оқыту.



  1. Айжан өлеңді жақсы айтады.

  2. Гүлжан би биледі.

  3. Гүлнар гүлдерге су құйды.

Сергіту сәті.

Қарлығашқа ұқсайық,

Қане, қанат жазайық

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып-ұшып, алайық.

Ребус шешу.

- Нелердің суретін көріп тұрмыз? Алманың

- Алма сөзіне «с» дыбысын қоссақ, Алмас сөзі шығады.

- Балта сөзіне «бай» сөзін қоссақ «Балтабай» сөзі шығады

- Гүл сөзіне «нар»-ды қоссақ Гүлнар сөзі шығады.

- Ендеше кісі аттарына қандай сұрақ қоямыз? Кім?

- Кісі аттары қандай әріптен басталып жазылады?

Ойын. «Бәйшешек»

Көктемде ең алғаш шығатын бәйшешек гүлінің сұрақтарына жауап беру.



Бекіту.

Карточкамен жұмыс.

Үйге тапсырма беру.

«Келіңдер, құстар» өлеңін жаттау. 88-жаттығу.



Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет