Әртүрлі ауруларда көмірсу алмасуының бұзылысы Орындаған: Ерболатова Д. Е



Дата03.12.2022
өлшемі5,87 Mb.
#161035
Байланысты:
Патфиз 5
арайлы алтын күз, Сабақ жоспары, 3 СРОП, Саулелі диагностика, Мамытхан Талшын кдс, Тыныс алу жүйесі ауруларының синдромдары. Жолдасбаева А.Б. , ішкі ауру

Әртүрлі ауруларда көмірсу алмасуының бұзылысы

Орындаған: Ерболатова Д.Е.

Группа: 303 А

Факультет: Стоматология

Тексерген: Киланбек А.К.


Қазақстан-Ресей Медициналық Университеті
Алматы, 2022

Жоспар

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Көмірсу алмасуының қалыпты жағдайдағы физиологиясы
  • Көмірсу алмасуының патофизиологиясы
  • Әртүрлі ауруларда көмірсу алмасуының бұзылысы
  • Қорытынды
  • Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Көмірсу –энергия көзі ,денеге диполисахаридтер түрінде түседі , қанға моносахаридтер глюкоза түрінде сіңеді . Қанға сіңген глюкоза қақпа венасы арқылы бауырға жетеді , онда гликогенге айналып қор ретінде сақталады. Қандағы қант деңгейі төмендей бастаса , гликоген арқылы глюкоза бауырдан босап шығады да, қанға өтеді.

Көмірсу алмасуына ми қыртысы ,гипоталамус , ішкі секреция бездер әсер етеді . Симпатикалық жүйке жұйесінің қозуынан адреналин глюкозаның қанға өтуін күшейтеді бауырдағы гликогенолиз үдерісін активтеу арқылы . Парасимпатикалық жүйке гликоген түзілуін күшейтеді (гликогенез үрдісін жоғарылатады).

Глюкозаның 4 барьеры

Глюкозаның жасушаға енуі

Көмірсу алмасуының бұзылыстары


Көмірсуларының ішек-қарында ыдырауы мен сіңірілуінің бұзылуы
Гликогеннің түзілуі мен ыдырауының бұзылыстары
Көмірсу аралық алмасуының бұзылыстары

Глюкозаның қанда ауытқуы

Қант диабеті

Қант диабеті (грек. –шыжың)- организмде инсулиннің толық немесе салыстырмалы жеткіліксіздіктерінен дамитын зат алмасуларының бұзылыстарымен, қан тамырларының, жүйкелердің және әр түрлі ағзалар мен тіндердің дерттік өзгерістерімен сипатталатын ауру.

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы қант диабетін алты категорияға жіктеді: 1 типті қант диабеті, 2 типті қант диабеті, қант диабетінің гибридті түрлері, жүктілік кезінде алғаш анықталған гипергликемия, «жіктелмеген қант диабеті» және «басқа ерекше түрлері».

Этиологиясы


Инсулин тәуелді
Инсулин тәуелді емес
Туа пайда болған
Жүре пайда болған
Акромегалия
Феохромоцитома
Иценко-Кушинг ауруы

Патогенезі

Бұлшықеттерде және май тіндерінде, миокардта глюкозанаң қаннан және жасуша ралық сұйықтықтан жасуша ішінде өтуі қиындайды. Ары қарай жасуша ішінде глюкозаны пайдалану шектеледі. Өйткені глкозаны фосфорлау арқылы жасушаның энергетикалық алмасуына әсер ететін ферменттердің түзілуі тежелген.

Қанда глюкозаның деңгейі тұрақты көтерілгенде ол жасушаларға бүліндіретін әсер ететін өнімдерге айналады. Мәселен, глюкозаның тотықсыздануынан коптеген полиолдар түзіледі. Полиолдар мен олардың өнімдері тамыр қабырғаларының жасушаларынан қанға нашар шығарылады және олардың ішінде электролиттердің алмасуы бұзылыстарын туындатады, амин қышқылдарның жасуша қабықтары арқылы тасымалдануын бөгейді: жасушаларда зат алмасуларының бұзылыстарынан АТФ, глутатион мен нәруыздардың түзілулері азаяды.

Гирке ауруы

Гирке ауруы- тұқым қуалайтын, глюкозаның глюкогенолиз сатысында глюкоза-6-фосфатазаның дамуынан дамитын гликогеноз.

Оның пайда болуына контринсулинді гормондар: адреналин, глюкагон, кортизол гормондарының жеткіліксіздіген немесе дұрыс түзілмеуінен болады.

Бұдан организмде бұлшықеттер мен бауырда гликогеннің жиналып, одан глюкоза түзілмеуінен гипогликемия дамиды.

Гипогликемия деп қанда глюкозаның деңгейі 3,5 ммоль/л-ден азайып төмендеуін айтады.

Лактатацидоз

Лактатацидоз организмде сүт қышқылы жиналып қалудан дамиды. Ол глюкозаның жасушадағы зат алмасу процессінде дамитын патологиялық үрдістердің өзгерістерінен пайда болады.

Жасушаішілік процесс кезінд организме келіп түскен глюкоза жасушаға инсулин гормонының көмегімен енеді, кейін глюкоза ыдырап, пируватка дейын жетеді, ол В1 витаминімен байланысып АцетилКоА-ға айналады, ары карай митохондрияға еніп оттекпен байланысып АТФ ка айналады. Енді осы процесстерде В1 витаминінің немесе оттектің жетіспеушілігінен пируваттанған глюкоза қышқылға айналады.

Қорытынды

Сонымен қорыта айтатын болсақ,көмірсу,майлардың және ақуыздардың метаболизм процесінде бұзылыстары болады – жасушаның тіршілігін қамтамасыз ететін, организмде жүріп жататын барлық химиялық процестердің жиынтығы. Бұл организмнің тіршілік қабілетін сақтау және сыртқы ортамен қарым-қатынасын, организмге қоректік заттардың еніп, олармен ферменттер әсерінен ыдырауын, пайда болған жай заттардың жасушалар мен мүшелерге тасымалданып, олардың тотығуын, энергия бөлініп шығуын, жасуша құрамындағы түзілістердің биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің организмнен бөлініп шығуын қамтамасыз етеді. Жасушадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін –метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім – метаболиттер деп аталады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • «Патофизиология» -Ә. Нұрмахамбетұлы, 2011ж, 121 бет
  • https://en.wikipedia.org/wiki/Carbohydrate
  • https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D0%B0%D0%BA%D1%82%D0%B0%D1%82%D0%B0%D1%86%D0%B8%D0%B4%D0%BE%D0%B7


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет