Еш нәрсеге көңіл толмау



Дата08.02.2022
өлшемі47,99 Kb.
#119979
Байланысты:
Еш нәрсеге көңіл толмау


  1. Еш нәрсеге көңіл толмау

Әйелдің өз өміріне, тұрмыстағы жағдайына, балаларына, жұмысына, күйеуіне көңілі толмаса, ер адам оны өзінің әлсіздігі, өзінің сәтсіздігі ретінде қабылдайды. Әйел адамның кез келген нәрсеге көңілі толмауы ер адамның санасына тигізетін әсері орасан зор. “Менің кесірімнен әйелімнің көңілі еш нәрсеге толмайды”, “Мен сорлымын, бейшарамын” деген ойлар автоматты түрде миына кеп қонады. Ал, керісінше ер адамның көңілі толмаса, біз оны өз есебімізге алмай, жүрегімізге жақын қабылдамаймыз, аса мән бермейміз. Бұндай мінездің себебі әйел адамның қарапайым дүниелерге қуана алмай, нағыз өмір мен кітаптағы, сериал, фильм немесе желідегі идеал өмірдің аражігін ажырата алмауында.

  1. Ар-намысқа тиетін сөздерді айту, балағаттау

Әйел адам өз ойын нақты, дұрыс, тез жеткізе алмаған жағдайда балағат пен намысқа тиетін сөздерді қолданады. Кейде еріне айтайын дегенін түсіндіре алмай, шыдамы таусылған сәтте абайсызда балағаттап жіберуі әбден мүмкін. Оның себебі, бала кезімізден бізді ата-анамыз жекіп, тыйым салып, жиі ұрсатын. “Жылама!”, “Үніңді өшір!” секілді сөздердің әсерінен біз өз сезімдерімізді тұншықтырып, сыртқа білдірмей жүргенді жөн көреміз. Балағаттау мен намысқа тиюдің тағы бір себебі – қорқыныш, үрей. Әр адамның басында жүрегін жаралаған, қатты өкпелеткен бір оқиғасы болады. Сол сезімді қайта бастан кешірмеу үшін біз өзімізді ренжіткенін қаламаймыз, қорқамыз. Менің намысыма тигенше, мен оның намысын таптайын деген оймен балағат сөздерді қолданамыз.

  1. Үнемі талап ету (сұраумен шатастырмаймыз)

Әйелдер ерінен қалағанын мүлде сұрамайды немесе талап етеді. Келісесіз ғой? Ауыр сөмкені тасып беруін сұраудың орнына, өзі біліп, көмектесуін күтіп тұрамыз. Көмек ұсынбаған жағдайда, ренжиміз. Бұл проблеманың бастауы да балалық шақтан. Кішкене балалар ата-ананың көңіл бөлгенін, оларды тыңдағанын, естігенін қалайды. Әдетте, бүлдіршін ата-анасынан бір нәрсе сұраған кезде, ата-анасы жекіп, ұрсып не болмаса қалағанын алып бермейді. “Мазамды алма!”, “Болмайды!”, “Ешкімнен ештеңе сұрама!” деген сөздер арқылы баланың психологиясына қатты әсер етеді. Ал, бала есейгенде қалағанын ашық сұрай алмайтын, қорқақ, өзіне сенімсіз, келіссөз жүргізе алмайтын, ұяң болып өседі. Сондықтан, үлкен өмірде ол қалағанын не талап етеді, не мүлде сұрамайды.

  1. Еріне деген сенімсіздік

Әйелдер ерінің бастамаларын үнемі қолдап отыру керек. Мейлі үлкен бизнес болсын, мейлі шағын идеялар болсын. Тіпті, қолынан келмейтінін біліп тұрсаңыз да қолдаңыз. Көбіне әйелдер ерлерінің бұрынғы қателіктерін бетіне басып, сенімсіздігін байқатып отырады. “Бұл жолы да шықпайды”, “Тағы да күйесің”, “Алаяқтарға сеніп қалсаң ше?” дегендей сөздерді айтып, ерінің қабілеттеріне күмән келтіреді. Оның себебі, бала кезімізден бізге ешкімге сенбеу керек екенін, тек өзімізге ғана сенуге болатынын миымызға құйып отырған. Немесе балалық армандары орындалмаған, ата-анасына өкпесі бар адам да осындай сенімсіздікке тап болады. Үнемі барлығын біліп отырғысы келетін,  өз күйеуін өз бақылауында ұстайтын әйелдер де осы іс-әрекеттерге барады.

  1. Жаңа туысқандарды жақтырмау

Тұрмысқа шыққанда қыз баласы күйеуінің туыстарының көңілінен шығуға, ұнауға тырысады. Бірақ, жарының туысқандарын жақтырмау да жиі кездесетін нәрсе. Ер адам оны өте ауыр қабылдайды. Туыстар адамның бір бөлшегі болғандықтан, ер адам оны өзін сыйламайтындай көреді. Сол себепті, көп жағдайда күйеу әйеліне қарағанда туыстарын жақтайды, таңдайды. Әйелдікі дұрыс болса да қолдан келер шара жоқ. Бұл проблеманың шығуы әйел адам өзін-өзі бағаламай, жаңа ортаға бейімделе алмайтындығында. Яғни, “Мені ұнатпай қалады”, “Мен бұл отбасыға керек емеспін” деген ойлар мазалайды. Оның үстіне, егер әкесінің туыстары анасын ұнатпаған болса, ол да әсер етуі ғажап емес.

  1. Өміріңіздің сапасына көңіл толмау, налу

Әйел адамның жұмысы ешқашан таусылмайды. Үй жинау, тамақ жасау, балаларды тәрбиелеу, арасында жұмысыңыз бар дегендей. Күйбең тірліктен шаршаған ол өзінің өміріне, тұрған үйіне, киетін киімі мен дастарханына да көңілі толмайды. Оның үстіне тұрмыс жағдайы өзінен жоғары адамдарға қызығып, өмірінен түңіліп кетуі де ғажап емес. Оның себебі, бала кезде сізді ата-анаңыз “жұрттың баласымен” салыстырып, “Сен ешқашан ондай бола алмайсың!”, “Қолыңнан түк келмейді!” деген сынды сөздерді естіп өскендіктен. Сол үшін де ешқашан ештеңеге көңіліңіз толмай, үнемі бір кемшіліктермен өмір сүресіз.

  1. Өміріңізді басқа адамдардың өмірімен салыстыру

Адамның бір нәрсеге қанағаттанбауы, одан да көп дүниеге қол жеткізгісі келіп, бір орында тұрмай, үздіксіз дамуы өте жақсы. Дегенмен, қазіргі әлеуметтік желілер мен дүниелік заттардың кесірінен өз өміріңізді сондай ішпыстырарлық, мәнсіз, қызықсыз деп ойлайсыз. Өйткені, инстаграмдағы басқа адамдардай әр ай сайын шетелге шықпайсыз, олар сынды қымбат әрі сәнді киінбейсіз, тағысын тағы. Сонда да өз өміріңіздің бағасын ұмытпағайсыз! Желіде барлығы жылтыр боп көрінгенмен, шын мәнінде ондай өмір сізге керек емес болуы мүмкін. ”Қанағат қарын тойғызар” демекші, барыңызға алғыс айтып, көбейтуге тырысыңыз.
Жоғарыда айтылған “Қате әліпбиді” көбіміз байқамасақ та, күнделікті қолданатынымыз жасырын емес. Осы іс-әрекеттерді қайталай отырып, ер адамыңыздың алдында өз бағаңыз бен қажеттілігіңізді түсіресіз. Ер адам әйел адамды бағалаған жағдайда ғана барлық қалағанын жасайды. Ал, өз бағаңызды түсіре берсеңіз, соңы өте мұңлы картинаға ұласуы бек мүмкін. Өзіңізді рухани байытып, жан-жағыңызға тек жылу мен шуағыңызды таратып, позитивті ойлап жүрсеңіз, сүйгеніңізбен де қарым-қатынасты түзете аласыз. Сәттілік, құрметті оқырман!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет