Балалардың өзіне-өзі қол салуға бейімділігі мына төмендегі мәселелерге байланысты болады:
Баланың достары болмаса;
Ешкіммен араласпаса;
Ата-анасымен сырласпаса;
Ешкімге сенбесе;
Ешнәрсе қызықтырмаса;
Қымбат адамын жоғалтса;
Біреуге ренішін ұзақ уақыт уайымдаса;
Сүйген адамы қарамаса;
Ата-аналары ажырасып, олардың махабатын жоғалттым деп ойласа;
Ата-аналарының өмірден өткенін қайғырса;
Басқа адамдар қорлап, кемітіп тілін тигізсе;
Өзінікін дұрыс деп кешірім сұрағысы келмей жазалаудан қашқанда;
Ұзақ уақыт бопсалауға кездескенде;
Жолдасына, кітаптағы немесе кинодағы кейіпкерлерге еліктегенде.
Жасөспірім қыздар жүктеліп қалып ұяттан қашып сондай іс әрекетке баруы мүмкін;
Жас өспірімдер арасындағы суицидтік мінез - құлықтың алдын алуға арналған жаднама
Суицид белгілері
1. Сыртқы түрі мен мінезінде:
► Сағынып, мұңайып жүргендей түр
► Баяу қимылдау
► Сөйлеудің баяулауы
► Қысқа жауаптар
► Жауап бермеу
► Сөйлеудің жылдамдауы
► Екпіндеп сөйлеу
► Ұқыптылықтың шектен шығуы
► Іс-әрекетсіздік
2.Эмоциялық жағынан бұзылуы:
► Зерігу
► Ашулы
► Қоршаған ортаға өшпенді қарым- қатынас
► Өзіне және ортаға салғырттық
► Мақсатсыз үрейлену, қорқыныш
► Қуанышты сәттерге қуана алмау
► Секемшілдік
► Ешнәрсеге мән бермеушілік
► Қайғылы түр.
3.Психикалық аурулар:
► Депрессия
► Себепсіз қорқынышты байқататын невроздық
► Шизофрения
4. Өз өмірін бағалау:
► Өткен өміріне төмен баға беру
► Өткеннің жағымсыз сәттерін көп еске алу
► Жаңа жағдайларға құлықсыз, төмен баға беру
► Болашақ туралы жоспарларының болмауы
5. Қоршаған ортамен араласуы
► Ортамен араласудан қашқақтауы
► Көмекті қажетсініп ортамен қарым- қатынас
жасауға ұмтылыс, қолдау күту
► Өзінің қайғысын ешкіммен бөліспеу.
6. Тәулік барысындағы динамикалық жағдайы:
► көңіл- күйінің көтерілуі немесе күрт төмендеуі.
Балаңыз агрессияға, күйзеліске түспесін десеңіз:
- Өз проблемаңызды балаға артпаңыз;
- Егер ашулы болсаңыз, онымен қарым-қатынастан аулақ болыңыз;
- Егер бала сіз айтқан ережеге көнгісі келмесе, күштемеңіз;
- Күш көрсету - баланы түзеу орнына, қарсыластығын арттыра түседі;
- Мәселелерді өзіңіз жеке емес, баламен бірігіп шешіңіз;
- Егер бала сізбен араласуды қош көрмесе, күшпен көндірмеңіз;
-Балаңызға өзіңіздің оны жақсы көретініңізді сездіріп отырыңыз.
- Балаға «сен бәрінен жамансың» деп ешқашанда айтуға болмайды.
- Баланың кез келген сұрағына дұрыс және төзіммен жауап беру керек.
- Балаңызбен жалғыз қалуға әр күн сайын уақыт табуға тырысыңыз.
- Балаңызды тек қана достары ғана емес үлкендердің алдында да өзін еркін ұстауға үйретіңіз.
Анда-санда болса да өзіңізді бала орнына қойып көріңіңіз, сонда ғана сіздер оларды түсінетін боласыздар.,,
Достарыңызбен бөлісу: |