1. Эстетика пәні - философиялық білім саласы ретінде 2.Эстетикалық ойлардың тарихы 3. Философия және өнер
Эстетика (грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым.
Адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсінуі бір-бірімен тығыз байланысты үш нәрседен тұрады:
1. объективті шындықтағы эстетикалық ұғым
2. субъективті эстетикалық үғым (эстет. сана)
3. өнер (субъективті және объективті эстететикалық ұғымдардың бірлігі ретінде).
Эстетика дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсінудің объективті негізін адамдардың қоғамдық мәнісін және табиғат пен қоғамды өзгертуге бағытталған
жасампаздық күштері ашылатын олардың шығармаылық қызметінің іс жүзіндегі көрінісі ретінде анықтайды.
Эстетика гректің «айстетикос» (сезілетін) деген сөзінен шыққан. Ол сөздің мағынасы біз қазір қолданып жүрген эстетика ұғымымен онша сәйкесе қоймайды. Эстетика тек қана ақыл-ойды немесе олардан тыс адам сезімдерін ғана қарастырады десек қателескен болар едік.
Бұл сөздің астарында оның екеуі де бар және интуиция мен елестету (қиялдау), армандауға қатысты қасиеттер де осы ұғымның шеңберінде қарастырылады. Біз эстетикалық деген ұғымға тек сезім арқылы танығандарымызды (қабылдағандарымызды) жатқыза салмаймыз.
Эстетика және эстетикалық дегенде біз өмір мен өнердегі әсемдікті қабылдаудан бөліп алып қарай алмаймыз, заттар мен құбылыстарды өзгеше көркемдік тұрғыдан қабылдаудан ажыратып та жатпаймыз. Мұнан эстетикаға деген адамзат қауымының қызығушылығы ол сөздің, яки эстетика деген атаудың пайда болуынан кейін ғана басталған екен деген ой тумауы керек. Эстетикалық мәселелер ол атау өмірге келмей тұрып-ақ пайда болғаны баршаға аян.
Адамзат тарихында эстетикалық таным тегінің тарихы өте көне дәуірлерден тамыр тартатынын бүгінгі ғылым дәлелдеп отыр. Бірақ олар оны эстетика деп атын атап, түсін түстей қоймаған болатын.
Ол эстетиканы грек тіліндегі «айстетикос» сөзінен құрастырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алған «айстетикос» – сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбірі әлі күнге дейін «анестезия» сөзінде кездеседі», – дейді. А. Баумгартен (1714-1762) адам ақыл-ойы арқылы жүйелі нақты түсіндіруге көне бермейтін құбылыстың бар екенін мойындап, оған танымның ерекше саласы ретінде эстетикалық деген атау берген. Эстетика ғылымы – адамның ақиқат шындықты көркем игеру заңдылықтарын, оны көркем қабылдау заңдылықтарын зерттейді.
«Эстетика» деген сөзді біз күнделікті өмірде жиі пайдаланып жатамыз. Адамдар тіршілігінің барлық саласында дерлік қолданып жүргендіктен бәрімізге де түсінікті, жалпыға ортақ ұғым сияқты әсер қалдырады. Киім эстетикасы, кино эстетикасы, спектакль эстетикасы, үй жабдықтары (шкаф, сандық, орындық, стол т.б.) эстетикасы деп айта береміз. Әрине мұның бәрі қате екен деп айтуға болмайды. Бірақ эстетика негізінен өнер туралы философиялық ғылым.
Өнер адамзаттың өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет. Профессор Б.Ғ.Нұржанов өзінің еңбегінде өнер терминінің қазіргі тілде екі мағынада – кең және тар мағыналарында қолданылатынын айтады.
Эстетика ғылым ретінде осыдан 5 мың жыл бұрын – Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда дүниеге келіп, Ежелгі Грекия мен Римде кеңінен дамыған. Демокрит, Аристотель, Эпикур, Лукреций Кар, т.б. өз еңбектерінде сұлулықтың объективті негізі – шындық өмірдің заттық қасиеттерінде, байланыстарында, қатынастарында, заңдылықтарында деп білді. Ал Платонға сәйкес, сұлулық дегеніміз абс., мәңгілік және өзгермейтін, сезімнен тыс идея, өнер туғызатын сезім иірімдері осы идеяның көрінісі ғана болып табылады.
Қайта өркендеу дәуірі ойшылдарының, жазушыларының, суретшілерінің (Ф.Петрарка, Л.–Б. Альберти, Леонардо да Винчи, А.Дюрер, Бруно, Монтель, т.б.) еңбектерінде адамгершілік сипаттағы реалистік бағыттар дамыды. Ағарту дәуірінің теорияшылары (У.Хогарт, Дидро, Руссо, Винкельман, Лессинг, Гердер), сондай-ақ олардың дәстүрлерін жалғастырушылар (Шиллер мен Гете) өнердің шындық өмірмен байланысын орнықтырды.
Кант эстет. пікірдің мүлдем “мүддесіздігі” туралы қағида ұсынды. Ол сұлулықты пайдаға, көркемдік форманың толымдылығын–идеялық мазмұнға қарсы қойып, формалистік Эстетиканың дамуына ықпал етті. Гегель өз еңбектерінде Эстетикалық қызметті түсіндіруге негіз ретінде тарихнама принциптері мен қарама-қайшылықтарды алды, мұның өзі оған эстет. қызметті капит. өндірістің қарама-қайшы сипатымен салыстыруға, Эстетикалық ұғымның жай-жапсарын түсіну үшін еңбектің мағынасын анықтауға мүмкіндік берді. Алайда объективті идеалист бола отырып, Гегель өнерді абс. рухтың бірінші және жетілмеген формасы ретінде айқындады.
Фейербах сұлулықты тікелей заттар мен құбылыстардың физ. қасиеттерінен, ал эстет. сезімдер мен талғамдарды – биол. заңдылықтардан, адам “табиғатынан” алып көрсетуге тырысты. Эстетика орыс демократтары Белинскийдің, Чернышевскидің, Добролюбовтың еңбектерінде реалистік өнер, заңдылық, өнердің идеялылығы мен халықтығы принциптерін жасау, т.б. мәселелерде көтерілді.
Достарыңызбен бөлісу: |