Жоспары I. Кіріспе Феохромоцитома туралы түсінік II.Негізгі бөлім Этиологиясы Патогенезі Клиникалық көріністері Диагностикасы Емі III. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Феохромоцитома(phaios –қара,қошқыл;chromos-хром)-кризді ағымды клиникасы қатерлі артериялық гипертензиямен көрінетін,катехоламиндер бөліп шығаратын(адреналин,норадреналин)экстраадреналды хромаффинді тіннің немесе бүйрек үсті безі милы затының ісігі.Ісік бүйрек үсті безінен тыс, басқа аймақтарда –симпатикалық ганглийлерде (аортаның,кейде кеуде сарайының параганглиомалары) орналасуы мүмкін.
Этиология және патогенезі
Ағзада адренорецепторларға әсер ете отырып,соған сәйкес симптоматика мен өзгерістерді тудыратын катехоламиндердің көп мөлшерде бөлінумен байланысты дамиды.Катехоламиндердің ісікпен өндірілуі тұрақты түрде немесе импульсті тәртіпте болады,бұл АГ-ның кризді сипатын анықтайды.Ісіктің катехоламиндерді көп бөлуін түрлі сыртқы орта түрткілері қоздыруы мүмкін:физикалық жүктеме,эмоциональды жарақат,дене қалпын өзгерту,медициналық шаралар және т.б.Жүрек-қан тамырлар жүйесі жағынан дамитын өзгерістредің патогенезіне фаталды сипат тән,себебі оның патогенезінде гиперкатехоламинемия маңызды рөл атқарады.
Эпидемиологиясы
Феохромоцитома сирек дамитын сырқат.Артериялық гипертензия жағдайының 0,1%да көрініс береді,30-50 жас аралығында 1% жағдайда анықталады.
Таралу жиілігі-10мың халыққа 1 жағдайдан 200 мың халыққа 1 жағдай сәйкес келеді,сырқаттану –жылына 1,5 -2 миллион халыққа 1 адам сәйкес келеді.Сырқат кез келген жаста көрініс беруі мүмкін,бірақ жиі феохромоцитома жиі әйел адамдарда,30-50 жас аралығында дамиды.