Балада варикоцеле.Варикоцеле-жұмыртқа мен ұрық бауының көк тамырларының кеңіп кетуі,көбінесе сол жағында және 10 жастан кейін кездеседі.10-17 жастағы балаларда кездесу жиілігі 12% ға жетеді.Бұл жастағы балаларда кездесу жиілігінің үлен болуы осы жас шамасындағы балардын өсуіне байланысты және ата безінің 4 есе улкейюі тамыр ішіндегі ортостатикалық қысымды жоғарлатадыб сондықтан оның кенейюі басталады. Бұл ауру біріншілік және екіншілік деп екіге бөлінеді.Біріншілік варикоцеленің себебі белгісіз,яғни идиопатиялық болып табылады.Екіншілік варикоцеле жұмыртқа венасын құрсақ қуысы астарындағы ісіктің басып қалуынан пайда болады. Бұл аурыдын ең улкен асқынуы репродуктивті қасиетінің жоғалуымен байланысты. Ата безді қоршап тұрған кенейген тамырлар ұма ішіндегі температураны адам ішкі температурасына дейін котереді, ал сперматогенез адамның ішкі температурасынан 1-2 градус томен температуралда жүреді.
Этиологиясы:
Шырмауық венасының іштен туған әлсіз болуы(клапандық жетіспеушілік)
Тамыр қабырғасының туа біткен әлсіздігі
Тұқымқуалаушылық аурулар: фимоз, варикозды кеңеюлер, жүрек клапандары ақауы
Патогенезі:
Сол жақ атабезден шығатын шырмауық венасының іштен туған әлсіз болуы, оның эмбриогенезде өте күрделі даму жолдарынан өтуіне байланысты. Вена сол жақ бүйрек венасына барып құяды. Ол аорта мен жоғарғы шажырқай артериясы арасында қысылуы мүмкін. Сол кезде венада қысым жоғарлап, қан ағуға кедергі пайда болып ағыс ақырындайды.
Сонымен қатар варикоцеленің пайда болуына тамыр қабырғасының туа біткен әлсіздігі де жатады. Және генетикалық сәйкестік ( варикоцелемен ауыратын науқастардың туыстарының кемінде біреуінде көктамырдың варикозды кеңеюі, жалпақ табандылық, жүрек клапандарының ақаулары, фимоз және т.б. байқалуы мүмкін) болуы ықтимал. Варикоцелидің сол жақта жиі кездесуі оның анатомиялық орналасуына байланысты. Егерде он жақ ата безінен шыққан қан тамырлар бауырдың қақпа венасына бірден түсетін болғандықтан оның ішіндегі қысым томен болады, ал сол жақтан шығатын веналар бірінші сол жақ бүйрекке құядыда ортостатикалық қысымды вена ішінде жоғарлатады. Баланын 10-17 жетілуіне байланысты ата без үлкеюі жоғары ортостатикалық қысымды одан сайын жоғарлатады.
Клиникалық көрінісі:
Варикоцеле науқастарда клиникалық көрініс бермей де өтуі мүмкін. Клиникасы көбінде екі түрлі сипатта болады. Бірінде жұмыртқа маңында ауырсыну сезімі, енді бірінде ауырсынусыз бедеулікке әкелуі мүмкін.
Атабез маңында маңында ауырсыну сезімі
Кей жағдайда атабез маңында ауырсыну жоқ, бірақ бедеулікке алып келуі мүмкін;
Диагностика:
Диагноз көбінесе профилактикалық тексеру кезінде қойылады. Егер тамырлардың кеңейгені анық көрініп, күдік тудырмаса басқа тексеру керек емес.
Егер варикоцеле дәрежесі кіші болса, қосымша зерттеулер талап етіледі: ұманың ультрадыбыстық зерттеуі немесе доплерографиясы. Бұл зерттеулер міндетті түрде екі қалыпта жасалуы керек (жатып және тұрып)
Варикоцеледе спермограмма жасалуы тиіс.
Варикоцеле емі:
Иванессевич операциясы
Мармардың микрохирургиялық операциясы
Иванессевич операциясы: Шәует каналының кеңейген веналарын байлап тастау немесе кесу түрінже жасалынады. Нәтижесінде венозды қаннық артқа атабез венасына құюы тоқтатылады.
Операция: Мықын аймағының біраз жоғары жағында, шап каналына параллель 5 см тіледі. Қабаттармен тері, тері асты майы, фасция ажыратылады. Кейін шап каналының қабырғасы- апоневрозды кеседі. Шап каналының элементтерінің бірі көк тамыр байланады немесе кесіледі. Опеарция соңында тері қабатарымен тігіледі.
Мармардың Микро-хирургиялық операциясы: Иваниссевич операциялық әдісімен ұқсас келеді, бірақ инвазивтілігі төмен, себебі кесілу аймағы тек 2 см және аз травматизацияланады, сонымен қатар тек аталық без веналар бумасының қысып семенной канатиктің ішіндегі венага әсер болмагасын қан айналым сақталып рецедив беру денгейі төмен. Кесінді шапта жасалынады, шәует каналын сыртқа шығарып, кеңейген вена кесіліп тасталынады.
Варикоцеленің II-III сатысы бар балаларға шұғыл операция жасау керек. Балаларда да, ересектерде де операция Иванссевич және Паломо әдісі арқылы жасалады.
Иванессевич оперкциясынан кейін жұмыртқа венасынан басқа жұмыртқаны бүйрек венасымен байланыстцратын ұсақ веналар болуынан рецидив болуы мүмкін.Палом операциясынан кейін жұмыртқа венасы мен артериЯсын бөліп алу барысында абай болу керек,өйткені лимфа ткмырларының қоса байланып кетуіне байланысты жұмыртқа қабына су жиналуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |