Етістік – заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді. Сұрақтары: Қайтті? Не істеді? Не қылды?
Ертең ат шабады (қайтеді?), балуан күреседі (не істейді?). Етістік құрамына қарай екіге бөлінеді:
1) дара етістік; 2) күрделі етістік.
Дара етістік бір ғана сөзден тұрады. Мысалы: Жапырақтардың сыбдыры естіледі. Сөйлемдегі естіледі етістігі бір ғана сөзден тұрған дара етістік.
Күрделі етістік екі не одан да көп сөзден құралады, бір мағынаға ие болады, бір сұраққа жауап береді, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады. Мысалы: Бала күліп жіберді. Бала күліп жібере жаздады. Бала күліп жіберуге шақ қалды. Сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап кірігуінен жасалған күрделі етістіктер: апар – алып бар, әкел – алып кел, әкет – алып кет, әпер – алып бер, түрегел – тұрып кел. Сөздердің қосарлануынан жасалған күрделі етістіктер: бара-бара шаршады, айта-айта жалықты, күліп-күліп шығып кетті. Күрделі етістік құрамындағы бірінші сөз негізгі етістік болады да, негізгі мағынаны білдіреді. Кейінгі сөздер көмекші етістік болады.
Етістік тұлғасына қарай екіге бөлінеді:
1) негізгі түбір етістік; 2) туынды түбір етістік.
Негізгі түбір етістік етістіктің өзінен жасалады: отыр, тұр, жүр, жатыр, оқы, кел, барды, жүгірді, жасаған, көрген.
Туынды етістік басқа сөз таптарына сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады.
Туынды етістіктің жасалу жолдары
Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай екіге бөлінеді:
1) болымды етістік; 2) болымсыз етістік.
Болымды етістік іс-әрекеттің орындалғанын, жүзеге асқанын білдіреді: оқы, жазды, айтқызды, орындады, сана, жүгір. Болымсыз етістік іс-әрекеттің орындалмағанын, іске аспауын көрсетеді.
Болымсыз етістік екі түрлі жолмен жасалады: 1) Синтетикалық тәсіл: негізгі және туынды түбір етістікке: -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы: жақындама, жүгірме, сұранба, күрсінбе, алыстатпа, тездетпе, т.б. 2) Аналитикалық тәсіл: -ған, -ген, -қан, -кен, формалы есімшеге жоқ, емес сөзінің тіркесуі арқылы: айтқан жоқ, келген жоқ, барған емес, көрген емес, т.б.
Етістер – іс-әрекеттің, қимылдың орындаушыға, яғни іс иесінің істелетін іске қатысын білдіретін етістіктің түрі. Етістің төрт түрі бар: 1) өздік етіс, 2) өзгелік етіс, 3) ырықсыз етіс, 4) ортақ етіс.
Етістер етістікке түрлі қосымшалар жалғану арқылы жасалады. Мысалы: