Филология және әлем тілдері факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
ЭССЕ
Тақырыбы: Әл-Фарабидың еңбектеріндегі “бақыт” ұғымы
Орындаған: Келдос Ляззат Қабылдаған: Өмірбекова Жұлдыз Алматы, 2020 жыл Ғұлама ғалым, ойшыл, философ әл-Фарабидің айтуы бойынша «Адам – бақытты парасаттық теориялық күш арқылы таниды және танып біледі. Бұл адам алғашқыны және бірінші білімді пайдаланып және танығанда болады. Талпынғыш күш арқылы бақытқа жету жолдарын іздейді, ал парасатты практикалық күш көмегімен оған жету үшін үшін қандай әрекет жасау керектігін толғанады. Талпынғыш күштердің құрал әдістер арқылы, толғаныс арқылы білген әрекеттерді жасайды. Қиялдау және сезімтал күштер парасатты күшке көмек береді және дайындайды, адамды бақытқа жету жолына әсер ететін әрекеттерге итермелейді, тек содан кейін ғана адам толық игілікке жетеді». Жалпы, Фарабидің ұстанымдарын қарай келе, тұжырымдасақ, оның ойыншабақыт адам өмірінің маңызды мақсаты ретінде бір жағынан осы адамдар тұратын нақтылы дүниеде қол жетерлік болуы керек. Ал екінші жағынан жан бақытқа жетуі және толық жетілуі үшін тәннен ажырауы керек. Мұндай ажырату, тәннің өліп, ал жанның ары қарай өмір сүруін емес, жанның ендігі жерде өз тіршілігі үшін тән сияқты материалды негізді қажет етпейтінін көрсетеді. Адамға ғана жан қатысты, яғни теориялық парасат қана ажырай алады. Тәнге тәуелді танымдық күштерден тәуелсіз жан басқа өмірге өтеді. Осыдан жанның «бөлінуі немесе ажырауы дегеніміз», адамға тән теориялық парасат абстракциялы ойлай алады және біздің сезімталдығымыздан тәуелсіз екендігі шығады. Мұндай ажырау және жан тазалығы оны мәңгілікке жеткізеді және ақиқат танымға кепілдік береді. Тән әрекеті парасатқа қосылып, жан ай астындағы әлемнің заттарын танып қана қоймай, Алғашқы болмысты, өзін тануды ұсынады. Осы мәңгілік және өзгеріс білімді игеру адамды жетілудің шегіне, бұл адам өмір сүруінің жоғары мәні, яғни «бақыт немесе абсолютты игілікке» алып келеді. Ал «Бақыт» термині ойшылдың әлеуметтік философиясы және этикасындағы орталық түсінік болып табылады. «Бақытқа жол сілтеу» трактатында әл-Фараби «бақытқа жеткесін біз басқа мақсатқа жетуге, ұмтылуға қажет етпейтінімізді көреміз, яғни бұдан шығатын қорытынды, бақыт біз үшін және ешқашан біреу үшін болмайды. Бақыт ең тартымды, ең үлкен және ең жетілген игіліктердің бірі», деп жазды. Сондықтан да Бақыт, әл-Фараби пікірінше, көп мәнді және барлық түсініктер секілді көпмағыналы және көп деңгейлі болып келеді. Ол белгілі бір анықтама немесе өлшемге келмейді, бірақ әл-Фараби адам немесе топтың бақытты өзінше түсінетінін жоққа шығармайды. «Бақытқа жол сілтеу» еңбегінде философ «біз бақытқа жеткесін ештеңеге мұқтаж еместігімізді көрдік. Ал бұл жағдайға жету үшін өзін өзі толық жетілдіру керек дейді. Яғни, адам баласы бақытқа жету жолында ең бірінші өзін жетілдіру арқасында ғана діттеген мақсатына жетеді. Адамның бақытының мәні не екендігін ұғыну, адамзаттық өмір сүруінің мәні мен өмірлік құндылықтары кең мәтінінсіз түсіну қиын. Бақытты іздеу адамның өмірге жалпы бағасын ізденуде, оның тұлғалық және өзін өзі іске асыратын, барлық шығармашылық сұраныстарын қанағаттандыруы және оларды жеке қоғамдық жүзеге асыруында жатыр. ӘлФарабидің пікірі бойынша, «Бақыттың игіліктер арасындағы орны сондай, адам бақытқа жетуі үшін оған жеткізетін әдістер мен заттар болғанын қалайды. Әл-Фараби үшін бақытқа жету жолында адам әрекеттері мен қылықтарын рухани түсіну маңызды, өйткені ол әлеуметтік маңызды әрекет, бұл әрекет тек адам тілегіне орай қалай әрекет жасауында емес, ол қоғамда мақтауға немесе ұялтуға ие болатындығында тұр. Адам жаны күйзелісімен байланысты табиғи әрекет бақытқа жету үшін жеткіліксіз. Адамның жақсы да жарқын іс жасауға тілегі де жеткіліксіз. Адам өз әрекеті айқын болуына сенімді болуы үшін адам әрекеті дұрыстығын қоғам мойындауы керек. Сондықтан философ «біз өз әрекеттеріміз дұрыс, жан аффектілері қандай болуы керек, біздің ізденістеріміз жақсы ақылға жету үшін қандай болу керектігін анықтап алуымыз керек», дейді Демек, адам бақытқа және өзінің жетілуіне тек қана қоғамда және адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық қатынастар жүйесі арқылы жетуі мүмкін. Бұл дегеніміз, әрбір индивид өзінің табиғи бейімділігін, мінез құлқын, темпараментін қоғам талаптарымен және оның жүйесімен салыстыруы керек. Бұл жүйеде адам әрекеттерінің өлшем жүйесі анықталады және енгізіледі, яғни тек табиғи бейімділігіне, мінезіне, құмарлығына және тағы басқаға сәйкес оны жүзеге асыру мүмкін емес. «Адамдардың бірге тұруы» талаптары адамды тәрбиелеуге мұқтаждыққа себеп болады, оған табиғатпен берілмейтін қасиеттердің қалыптасуына, адам мәдениеті әлемімен тәрбиеленуіне, яғни адамды тек қана талап тілегіне сай емес, борышын өтеуге итермелейді. Әрбір адам, әл-Фараби пікірі бойынша, табиғатынан қасиетке ие, оған сәйкес «адамның жан аффектілері, ақыл парасаты, әрекеттері ұнамды болады және болмайды». Бұл дегеніміз әрбір адамның өнегелі немесе өнегесіз әрекет жасауға мүмкіндігі бар екендігін білдіреді. Әл-Фараби өнегелік табиғаты мәселесі туралы бізге жеткен трактаттарында талқылайды. Алайда оның негізгі «Азаматтық саясат», «Бақытқа жол сілтеу» және «Бақытқа жету жолдары» әлеуметтік этикалық трактаттарында философтың өнегелік табиғатын түсінуге талпыныстарының негізгі бағытын анықтауға мүмкіндік бар. Бақытқа жетудің маңызды шарты, әл-Фараби атап көрсеткендей, адамға еркін таңдау және істеген әрекеттің өз еркімен негізделуінде деп ойлаймын.