Ғылыми философияның ПӘні әдістері қҰрылымы және жүйесі жақсылық Н. С алматы,2020 Ғылым философиясы



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі23,42 Kb.
#84310
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҒЫЛЫМ ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНІ ӘДІСТЕРІ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ
Алина, Арука слайд1, problemnoe obuchenie diplom


ҒЫЛЫМИ ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНІ ӘДІСТЕРІ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ
Жақсылық Н.С

Алматы,2020


Ғылым философиясы- ғылымды адам іс-әрекетінің ерекше аясы және ұдайы дамудағы білімнің жүйесі деп қарайтын философияның тарауы.
Ғылым философиясы ғылым араларындағы байланыс пен философия білімінің әртүрлі бөлімдерінің дамуына қажеті негізі болып есептелінеді,нақты арнаулы ғылыми пәндердің философиялық мәселелерін кеңейтеді және тереңдетеді.Философия білімі тек ғылымның дамуының себепшісі емес,сонымен бірге ғылыми білімнің ажырағысыз бөлігі,яғни ғылымның бір мүшесң болып келеді. Ғылым философиясы шеңберінде ғылымның өзіндік санасының әлеуметтік-мәдени тұрғысындағы көрінісі анықталады,ғылым қоғамның рухани дамуының контекстінде ұғынылады,ғылыми білім даумының құндылық мақсаттары мен ғылыми зерттеу кәсіптік тәжірибесі қалыптасады.Ғылым философиясы ғылымды әлеуметтік институт ретінде негізін ашуға мүмкіндік береді. Осы білімдер болашақ маманның ғылыми ,педагогикалық іс-әрекетінің кеңістігін қалыптастырады[1].
Ғылым философиясының негізгі пәні қоғам дамуының түрлі тарихи кезеңдерінде ғылыми білімдерді өндірудің ,ақиқаттығын тексеріп,негіздеудің жалпы заңдылықтарын зертттеу болып табылады. Ғылыми білімді негіздеудің ,дамытудың жалпы заңдылықтарын зерттей отырып,ғылым философиясы қоғам таризының түрлі кезеңдерінде обьективтік ақиқат білімдерге қол жеткізудің рационалдық әдістері мен нормаларын табады.Бұл жерде ғылым тарихшыларының көмегіне сүйене отырып,ғылым дамуының жаңа бағыттарын анықтай алады[2].
Ғылым философиясы туралы кейбір концепциялар. Қазіргі заман ғылым философисының кейбір бастама идеяларын антик заманы философмясынан кездестіруге болады. Оған ертедегі Грецияның диалектикалық ойлау әдісін,математикалық ,білімдерді құрудың аксиомалық әдісін және Аристотельдің формальдық логикасын жатқызуға болады.Ғылым философиясының негізі- гипотезалар жасаумен немесе ойлап табумен айналыспай,гипотезаларды ғылыми жорамалдарды логикалық жағынан талдаумен ,яғни олардан туатын қажетті логикалық салдардың бәрін қорытып шығарып, оларды эксперименттермен және бақылаулардың нәтижелерімен салыстыру болып табылады[3].
Ғылым философиясы соңғы кезде 20ғасыр кеңінен тарай бастады. Ең алғашқы бұл термин логикалық позитивтер деп аталатын философтардың еңбектерінде қолданылып,ғылым тілін философиялық тұрғыдан зерттеулер тек ғана формальдық (математикалық) логика шеңберінеде болуы керек.ал ғылыми ұғымдарды эмпирикалық,тәжірибе,байқау арқылы түсіндіруге болады деп түсіндірілді.Ғылым,бұл концепция бойынша – адамның ең жоғарғы ісі, ал ғылым философиясының бір ғана функциясы осы жеке ғылымдарда,логикалық ,метологиялық тұрғыдан қамтамасыз етілуі[4].
Ғылыми танымды гносеология және методология тұрғыдан зерттеу тарихы әріден басталғанымен ,Ғылыми философия 20ғ-да ғана дербес пәне ретінде қалыптаса бастады. Ең алғаш бұл термин О.Конт, Э.Литтре,Г.Спенсер ғалымдар еңбектерінде қолданылды.Олар ғылым тілін философиялық тұрғыдан зерттеу әрекеттері тек формальды логиканың шеңберінде жүзеге асуға тиіс, ал ғылыми теориялық ұғымдарды эмпирикалық таным , тәжірибе сынағы арқылы негіздеуге болады деп тұжырымдады.Бертін келе бұл тұжырымдаманың сыңаржақтылығына көзі жеткен ғалымдар ғылым философиясының зерттеу нысандарына елеулі өзгерістер енгізді. Енді ол ғылымның құрылымымен қатар тарихын зерттеуге ден қойып,бұрыннан белгілі проблемалармен қатар жаңа пәндік мәселелерді,олардың қалыптасу үрдісін қарастыра бастады. Ғылымның теориялық сатысының белгілі бір шамада тәжірибеге тәуелсіз екендігін мойындап,жаңа ғылыми білімнің табиғатында тәжірибе сынақ арқылы дәлелдеу мүмкін емес дүниетанымдық көзқарастардың ,методологиялық принциптердің болатынына көз жеткізді. Бірақ ,ғылымның даму заңдылығын ,оның қызметтік міндеттерін дұрыс түсіндіре алатын методологиялық көзқарас қана. Сананың техникаландырылу деңгейінің артып,компьютерлік дүмпудің өркениет өресіне тікелей әсер етуі , сол арқылы ғылым функциясының кеңейіп,қоғамның өзге салаларымен, алуан текті мәдениет тұрпатарымен байланысының күшеюі ғылым философиясының алдына күрделі мәселелер қойып отыр. Сондықтан ғылым философиясы ғылыми танымның логикалық – гносеология проблемаларымен қатар ғылымның әлеуметтік философия және этика-этника мәселелерін зерттеуге тиіс . Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебі 30 жыл бойы осы бағытта ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде[5] .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет