Ғылыми ұғымдар мен түсініктер: білім және ғылым ұғымдарын интерпретациялау



Дата31.10.2022
өлшемі18,65 Kb.
#155797
Байланысты:
Ғылыми ұғымдар мен түсініктер білім


Ғылыми ұғымдар мен түсініктер: білім және ғылым ұғымдарын интерпретациялау, Венн диаграммасы арқылы талдау жасау. Ғылыми ұғымына ғалымдар берген анықтамасын зерделей отырып, өздігінен анықтама құрастыру (таблица түрінде)


Ғылыми ұғымдар мен түсініктер: білім және ғылым ұғымдарын интерпретациялау, Венн диаграммасы арқылы талдау жасау.
Ғылым (лат. scientia — білім) — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Жалпы тұрғыда ол жүйелі білім мен ғылыми тәжірибені меңзесе, ал, арнайы мағынада ғылыми әдістер арқылы жинақталған логикалық білім жүйесін көрсетеді. Яғни, ғылым ғылыми білімдерді ғана емес, сол білімдерге қол жеткізудің барлық жолдары мен әдістерін түгел қамтитын біртұтас кешенді жүйе.
Ғылымның арғы тамыры 3500-3000 жыл бұрынғы ежелгі Мысыр мен Месопотамия өркениеттеріне барып тіреледі. Олар математика, астрономия, медицина секілді ғылымдардың алғашқы кейпін жасап, 2600 жыл бұрын басталған Грек табиғат философиясына, антикалық классикаға арқау болды. Олар физикалық дүниені ондағы оқиғалардың табиғи себептері арқылы түсіндіретін дәстүр қалыптастырды. Әсіресе ғылым тарихында түрлі ғылымдардың ең алғашқы зерттеу объектін бекітіп, жүйелі пайымдаудың алғашқы сынағын жасаған ұлы ойшыл Аристотель дәуір бөлгіш рөл ойнады.
Бірақ Рим империясының христиан дінін қабылдауы Еуропада ғылымның құлдырауына алып келіп, қараңғы орта ғасыр 5 ғасырдан 15 ғасырға дейін жалғасты. Осы тұста шығыстағы Түркі, Парсы, Араб жұртынан шыққан ойшыл ғалымдар - Әл Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина, ИБн Рушд, Омар Хаиям секілді ұлы тұлғалар сол ежелгі ғылым мен Аристотель салған жолды жылғастырып, ғылымды жаңа кезеңге шығарды. Бірақ Шыңғыс хан жорықтарынан кейін бұл талпыныс діни әсірешілдік пен қатып-семушілдіктің зардабынан мүлде әлсіреп, мұсылман әлемі де ғылымы құлдыраған қараңғы орта ғасырға кірді.
15ғ бастап Еуропада Ренессанс сана жаңғыруын жасап, ғылымға жаңа көк жиек ашты. Әсіресе Астрономиядағы Католик шіркеуінің мың жылдық өтірігін ашқан гелиоцентризмнен кейін ғылымның тасқынын ендіқайтып ешкім тоса алмастай болды. Өнеркәсіп революциясының ғылым мен техникаға мұқтаждығы ғылымға жаңа күш бітірді.
Хьюстонның жаратылыстану мұражайында динозаврлар көрмесі
Заманауи ғылым үш негізгі тармаққа бөлінеді: Жаратылыстану ғылымы (Биология, Химия, Физика...) ұлы табиғатты зерттейді; Қоғамдық ғылымдар (экономика, психология, әлеуметтану...) жеке адам мен қоғамды зерттейді; формалды ғылым (философия, логика, математика, теориялық компьютер ғылымы...) негізінен абстаркт ақылдық ұғымдарды зерттейді. Мұнда формал ғылымды эмприкалық ғылымдар арасына қосуға қарсы пікірлер бар, кезінде Аристотель оларды Құралдық ғылымдар деп атаған. Егер ғылыми білім практикалық қажеттілікті көздесе, тіке технологияға айналып нақты пайда берсе, онда ол (мысалы медицина, инженерия секілді) Қолданбалы ғылым деп атайды. Ол көбінесе нақты қолданысы мәлім жанама жолмен іске асатын Теориялық ғылымға салыстырмалы айтылады.
Ғыдым-деген зерттеу яғни бір нәрсені зерттеп ашу дегенді білдіреді
ылым зерттеуден тұрады, онда сәуегейлік, интуиция, эмоция, көңіл-күй, қалау, діни көріпкелдік секілділер қабылданбайды. Қазір академиялық ірі зерттеулерді мемлекеттік ұйымдар мол қаржымен ұжымдық жүргізетін болды. Ғылымның дамуына ілесіп, оның табиғаттағы ықпалының артуына ілесіп, ғылымның өзін қайта қарап, адамзатқа экологиялық тұтастық тұрғысынан жағымды нұсқасы қарастырыла бастады.
Білім-деген бұл өз оқу дегенді бідіреді,яғни өзіңді одан әрі дамыту.
Тек қана білім арқылы ғылымға жаңалың енгізесің
Ғылыми ұғымына ғалымдар берген анықтамасын зерделей отырып, өздігінен анықтама құрастыру (таблица түрінде)

Антика ғылымы


Орта ғасыр ғылымы


алғашқы ғылыми теорияларыныӊ қалыптасу кезеӊі (атомизм) және алғашқы ғылыми трактаттардың жазылуы, мысалы Птолемей астрономиясы, Теофраст ботаникасы, Евклид геометриясы, Аристотель физикасы.


орта ғасырдағы ғылымның қалыптасуыныӊ мысалы болып Жабир ибн Хаиянның алхимиясы болып табылады.


Ғылыми төңкеріс және классикалық ғылым


Постклассикалық /классикалық емес/ ғылым


Галилео Галилейдің, Исаак Ньютонның, Карл Линнейдің еңбектерінде ғылымның қазіргі мағынасында қалыптасу кезеӊі.


классикалық рационалдықтың дағдарыс кезеңінің ғылымы: Дарвинның Эволюциялық ілімі, Эйнштейннің Салыстырмалылық теориясы, Гейзенбергтің Анықталмағандық принципі, Үлкен жарылыс гипотезасы, Рене Томның қирау теориясы, Мандельброттың фракталды геометриясы.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет