инновациялық қызметтердің нәтижесі дегеніміз – бұл инновация, яғни жаңашылдық деген сөз.
Ол өнімнің немесе үдерістің материалдық формасында болуы немесе тікелей материалдық формасында болмауы және «ноу –хауға», яғни жаңа өнімге немесе технология жайлы ақпаратқа айналуы мүмкін.
Шумпетер (Шумпетер, 1982) инновацияны тұтынушылық немесе капиталдық тауардың пайдалы қасиеттерінің ашылуы ретінде көрсетті және өнертабыс пен жаңашылдықтың арасындағы айырмашылықты атап көрсетті: соңғысы қайта жасалған өнімнің коммерциялық пайдаланылуын тұспалдайды, ал өнертабыс болса өзінің сәтті кезеңін ұзақ уақыт күтуі мүмкін. Жаңа технологиялық жағдайлар үшін жаңашылдық пен өнертабыс тәжірибелік коммерциялық таратумен салыстырылады.
Өнертабыс пен жаңалық ашу – жаңа феноменнің немесе пайдалы механизмнің сипаттамасы.
Инновация өнертабысты енгізу немесе оны коммерциялық пайдалану кезеңіне дейін жеткізу. Инновацияны дайындауға байланысты қызметтер көбіне, нәтижесі өнертабыс немесе жаңалық ашу болып есептелетін, ғылыми зерттеулер мен жұмыстардан құралады. Нақты инновациялық қызмет дегеніміз – ол ашылған жаңалықты коммерциялық пайдалануға әкелетін жұмыстар.
мысалы Калашников автоматы сияқты жаңалық ғылыми зерттеулерсіз-ақ жасалып және тіпті патенттелмегенде. Ғылыми және инновациялық қызметтер белсенділіктің өз-ара байланысты және қиылысатын түрлерін құрайды, бірақ олар ұқсас емес, сондықтанда қызметтің бұл түрлерінінің өлшемі ретінде әртүрлі көрсеткіштер қолданылады.
«Ғылыми зерттеулер мен жұмыстар /ҒЖ/ - адам, табиғат және қоғам жайлы білімдерді қоса алғандағы білімнің көлемін ұлғайту мақсатында, жүйелі негізде іске асырылатын және сондай-ақ осы білімді қолданудың жаңа саласын іздейтін шығармашылық қызмет.
Зерттеулер мен жұмыстар – ғылыми-техникалық қызметтердің маңызды түрі және ғылымның статистикасындағы бақылаудың негізгі нысаны ретінде қызмет көрсетеді. ЗЖ-на тиісті жобаның басты критерийі – жаңашылдықтың маңызды элементі» (Фраскати нұсқауы, 1995; Ресейдегі ғылым, 2007).
Ғылым қызметтерінің «физикалық» көлемінің тікелей өлшенетін көрсеткіші жоқ. Сондықтанда, өлшем ретінде, мемлекет, жеке компаниялар және өте аз дәрежеде коммерциялық ұйымдар сиқты негізгі экономикалық агенттіктердің іске асырған, оны қаржыландыруға жұмсалған шығын сомасы алынады.
ЗЖ – жұмыстың үш түрін қамтиды: тұғырлы зерттеулер (ТЗ), қолданбалы зерттеулер (ҚЗ), жұмыстар (Ж).
ТЗ – білімді пайдаланумен байланысты, жаңа білімдер алуға бағытталған эксперименттік немесе теориялық зерттеулер. Олардың нәтижелері – гипотеза, теория, әдістер.
ҚЗ – нақты тәжірибелік тапсырмаларды шешу мақсатында, жаңа білімдерді алуға бағытталған ерекше жұмыстар. Қолданбалы зерттеулер, тұғырлық зерттеулердің нәтижелерін пайдаланудың мүмкін болатын жолдарын, бұрын тұжырымдалған мәселелерді шешудің жаңа әдістерін анықтайды.
Ж – ғылыми зерттеулердің және іс-тәжірибелердің нәтижесінде алынған бар білімдерге негізделген жүйелі жұмыстар және жаңа материалдар, өнімдер немесе құрылғылар жасауға, жаңа үдерістер, жүйелер және қызметтер енгізуге немесе шығарылғандарды және әрекетке енгізілгендерді біршама жетілдіруге бағытталған.
Ғылымдағы еңбек ресурстары ғылыми зерттеулермен және жұмыстармен айналысып жатқан құрамның немесе ғылыми қызметтердің санының көрсеткіштерін сипаттайды. Ғылыми еңбектің ерекшеліктеріне сәйкес, ғылыми қызметкерлердің құрамы нәтижеге жетудегі функционалдық рөлі әртүрлі төрт сипаттағы құрамға бөлінеді.
Зерттеушілер – ЗЖ кәсіби айналысып жатқан және жаңа білімдер, өнімдер, үдерістер, әдістер мен жүйелер құруды тікелей іске асыратын және сондай-ақ көрсетілген қызмет түрлерін басқаратын қызметкерлер. Әдетте зерттеушілер жоғары білімді болады және сондай-ақ оған барлық деңгейдегі ғылыми бөлімдерге жетекшілік жасауда кіреді.
Техниктер зертханалық құрал-жабдықтарды, аспаптарды, есептеу техникаларын, материалдар, чертеж дайындауды, зерттеу, тәжірибе, талдау және т.б. пайдаланумен және қызмет көрсетумен айналысады.