Аудандық «Үздік шеберлік сынып 2015» байқауының ережесі Мақсаты: нақты танымдық педагогикалық міндеттерді шығармашылық тұрғыдан шешу мақсатында «тәжірибелік»
Мақсаты: нақты танымдық педагогикалық міндеттерді шығармашылық тұрғыдан шешу мақсатында «тәжірибелік» әрекеттерге негізделген ерекше оқыту түрін ұсыну. Міндеттері:
Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық әрекеттерін ұйымдастыру үшін жағдай жасау.
Педагогтердің жаңашыл жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату.
Барлық қатысушыларды белсенді әрекетке жұмылдыру үшін жағдай жасай білу.
Шебердің де (шараны өткізуші мұғалім), шеберлік сыныпқа қатысушылардың да шығармашылық әлеуетін ашатын әдіс-тәсілдерді көрсету.
Байқаудың қатысушылары: ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы бойынша 2 (негізгі) және 1 (ілгері) деңгей курстан өткен педагогтер
Байқауды ұйымдастыру мен өткізу
1. Байқауға қатысуға ұсыным мен материалдар папкасы 2015 жылдың 5 желтоқсанға дейін қағаздағы және электронды (диск немесе флэш-тасымалдағыш) нұсқада талапқа сай Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің біліктілікті арттыру курстарына жауапты әдіскері К.М.Медеровке өткізулеріңіз қажет.
Ұзақтығы – 15 минут. Сабақта таныстырылым қолдануға болады.
Сабақты өткізу мен материалдарды бағалау критерийлері:
1. Шебер мұғалімнің педагогикалық тәжірибесінің таныстырылымын талдау:
Мақсаттың нақтылығы
Берілген уақыт аралығында мақсатты іске асыру
Өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтап тарату біліктілігі (тақырып таңдау және шеберлік сыныпты өткізу формасы, мазмұнның тереңдігі мен ерекшелігі, авторлық идеяларды қолдануға аудиторияны уәждеу; қолданылған технологиялардың идеясын, мақсатын, міндеттерін түсіндіре білу);
Ұсынылған тәжірибенің өзіндік ерекшелігі, оның тақырыпқа сәйкестігі;
Педагогикалық артистизм (эмоциялылық, мәнерлілік, кең аудиториямен өзара қарым-қатынас жасай білу).
2. Шебер мұғалім ұсынатын негізгі жұмыс тәсілдері.
1. Титульдық парақ – қатысушының аты-жөні, жұмыс орны, шеберлік сыныптың тақырыбы көрсетіледі. 2. Байқауға қатысушының анкета – ұсынымы 3. Шеберлік сыныптың MS Word мәтіндік редакторда орындалған әзірлемесі (қосымшаларымен).
қосымшада болуы мүмкін: - шеберлік сыныптың таныстырылымы, мультимедиялық қосымшалар; - сабақта қолданылған жаңашыл әдіс-тәсілдердің сипаттамасы; - педагогикалық технологияларды әдістемелік қамтамасыз етуге арналған материалдар.
Түсіндірме
Шеберлік сынып – бұл білім беру саласында педагогикалық технологияларды қолдану бойынша педагогтердің шеберлігін арттыру мақсатында тиімді кәсіби оқыту формасы. Шеберлік сыныпты жүргізуде маңызды – ақпарат беру емес, жұмыс тәсілдерін ұсыну. Шебер мұғалім қатысушыларға тәжірибесі мен шеберлігін – тікелей көрсету жолымен және өз жұмысының тәсілдеріне түсіндірме жасау жолымен ұсынады.
Шеберлік сыныптың міндеттері:
1) Педагогтердің кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасау;
3) Ұсынылатын педагогикалық технология негізінде сабақтың авторлық үлгісінің әзірлемесін дайындау.
Шеберлік сыныпты өткізу үлгісі:
Шеберлік сынып жұмысының кезеңдері
Кезең мазмұны
Қатысушылардың әрекеті
1. Дайындау-ұйымдастыру:
мақсаттар мен мәндеттерді қою.
сәлемдесу, шебер мұғалімнің кіріспе сөзі
Сабақты ұйымдастыру кезінде шебер мұғалімге көмектесе отырып, диалогке түседі, белсенділік танытады.
Негізгі бөлім
шеберлік сыныптың мазмұны, оның негізгі бөлігі: тақырыпты жүзеге асыру кезеңдерін қамтитын іс-әрекет жоспары.
Шеберлік сыныптың тақырыбына қатысты педагогтің әдістемелік нұсқаулары. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер, оларға түсіндірме.
Берілген тапсырмаларды міндеттерге сәйкес орындайды. Орындалған жұмыс өнімін ортаға салады.
2. Қорытынды сөз
Жағдаятты талдау критерийлері:
- іс-әрекеттің жалпы интеллектуалдық әдістерін меңгеру;
- рефлексиялау қабілетін дамыту;
- коммуникативтік мәдениетті дамыту.
Қатысушылардың пікір алмасуын ұйымдастырады, жүргізілген жұмысты бағалайды.
Рефлексия – шеберлік сыныпта ұйымдастырылған іс-әрекет бойынша өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі талдауды белсендіру.