І. Кіріспе Ұялы телефон қазіргі таңда әрбір адамның күнделікті өмірде қолданып жүрген үйреншікті затына айналған. Ұялы телефонның дамып кеткені соншалықты, кез - келген адам ұялы телефонсыз жүре алмайды деп те айтуға болады. Жұмыста, сабақта, серуендеп жүрсе де адам үшін қажетті затқа айналған, алайда ұялы телефонның адам денсаулығына пайдасы ғана емес, зияны бар екенін1 де ұмытпау керек. Сол себептен мен үшін осы тақырыпты таңдап, талдау өте қызықты мәселе болып саналды.
Өткен ғасырда байланыстың басты құралдары - қарапайым телефон, телеграмма немесе хат жазу еді. Техника дамығалы, бұл қызметтің бәрін бір ғана ұялы телефон атқаратын болды. Қазір алақандай ғана осы құралды еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ұстайды. Бар шаруа бір тетікті басумен шешіледі.
Ұялы телефон – сымсыз байланыстың ең озық та, қолжетімді түрі. Қазіргі кезде қалта телефоны зор маңызға ие болып үлгерді. Осыдан 5-6 жыл бұрын қалта телефоны маңызды жұмысы бар азаматтарда ғана болса, қазір екінің бірінде кездеседі. Тіпті мектеп табалдырығын енді аттаған жас жеткіншектердің өзі бұл телефоннның соңғы үлгідегі бағалысын ұстайды. Ұялы телефон біреумен кезігерде оңай тауып алуға, бір нәрсе жайында сұрай салуға, алыстағы ағайынның жағдайын біліп тұруға таптырмайтын құрал. Кішкентайлардың көпшілігіне қалта телефоны тек ойын ойнауға, әуен тыңдауға, бейнеклип көруге, ғаламторға кіруге керек. Ал көп ата-ана баласының қай жерлерде жүргенін біліп отыру үшін телефон алып береді. Бұл да бір жағынан дұрыс нәрсе. Адамдар телефонмен тек сөйлесіп қана қоймайды, ондағы күнтізбесін, будильник, еске салғышын (заметка), сағатын және т.б. пайдаланады. Айта берсең алақандай ғана телефонның мүмкіндіктері көп.