Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс– қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау – қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды.
Ойлау – өзіндік ішкі қарама - қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады.
Ой операцияларының түрлері
Анализ. Анализ дегеніміз – түрлі құбылыстарды жеке қасиеттерге бөлшектеу. Синтез. Синтез дегеніміз – бірнеше процестердің барлық дара қасиеттерінің біріктірілуі. Нақтылау. Нақтылау дегеніміз – заттардың және құбылыстардың өзіндік нақты қасиеттерін ашып көрсету. Салыстыру. Салыстыру дегеніміз – заттардың ұқсастығын, айырмашылығын, қарама – қарсылығын салыстыруды айтамыз. Абстракция. Абстракция дегеніміз – шындық заттармен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін ойша бөліп алу. Жалпылау. Жалпылау дегеніміз – біртекті заттардың , құбылыстардың ортақ қасиеттерін ойша біріктіру.