Физика • Ғалам • Үлкен жарылыс



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата25.05.2023
өлшемі0,74 Mb.
#177713
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
kktwig-lken-zharylys
6 дәріс ОКТ, KHimiya-I-n s a


1
Үлкен жарылыс
ФИЗИКА • ҒАЛАМ • ҮЛКЕН ЖАРЫЛЫС
Үлкен жарылыс шамамен 13,7 миллиард жыл бұрын, Ғалам өте ыстық және 
өте тығыз күйден ұлғайғанда орын алды деп пайымдалады. Ғалам әлі де 
кеңеюде, бірақ осы кеңеюдің әсерінен, ол айтарлықтай салқындаған. 
Үлкен жарылыс Ғаламның пайда болуы мен дамуын, атап айтқанда, 
галактикалар тобының арақашықтықтары не себепті ұлғайып жатқандығын 
түсіндіре алады.
Ұсынылатын фильмдер

– Үлкен жарылыс теориясы
 
– Қырғи қабақ соғыс және гамма-сәулелер
 
 
 
 
• Үлкен жарылыс дегеніміз не?
1-бөлім: Ғалам қалай пайда болды?
Ғаламда мына М51 иірім
галактикасына ұқсас
миллиондаған галактикалар бар 
ДИАГРАММА 01:
Қосымша сұрақ
С1. Инфляция дегеніміз не?
Үлкен жарылыстан кейін Ғаламның диаметрі 
кенеттен өте жылдам ұлғайды деп пайымдалады: 
мұны инфляция деп атайды. Ғаламның диаметрі 
шамамен 10
-32 
секундтай (немесе бір секундтың 
триллионнан бір бөлігінің триллионнан бір бөлігінің 
миллиардтан бір бөлігі) өте аз уақыт ішінде триллион 
триллион есе ұлғайған.
Инфляция Үлкен жарылыс моделінің бірнеше 
мәселелерін шешеді. Мысалы, Ғалам барлық 
бағытта біртекті көрінеді, егер тепе-теңдікте болу 
үшін Ғаламның қарама-қарсы жақтары ұзақ уақыт 
бойы бір-біріне жанаспаса, Үлкен жарылыстың қалай 
болғанын түсіну өте қиын: бұл көкжиек мәселесі деп 
аталады. Инфляция бұл мәселені шешу үшін, Ғалам 
басында өте кішкентай болған және кенет ұлғаюдан 
бұрын оның әрбір бөлшектері біркелкі температураға 
ие болатындай жақын орналасқан деген тұжырымды 
ұсынады. Бұл Ғаламның ұлғаюы айтарлықтай 
ақырын жүрген уақытта осы біртектіліктің сақталуына 
себеп болды.
Инфляцияның неден туғаны нақты белгілі болмаса 
да, бұл теорияның болжамдарын ғарыштық 
микротолқындық сәулеленудің бақылаулары 
нақтылай түсуде. Қазіргі есептеулер инфляция 
теориясының болжамдарын сынақтан өткізу үшін 
зерттеу жұмыстарын жүргізуде.


2


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет