«Гагарино орта мектебі» КММ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНЫҢ
І ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ БОЙЫНША ЕСЕБІ.
Жетекші: Жәнібек Ж.Ж
2022-2023 о.ж
Мақсаты:
Шығармашылық жұмыспен айналысуға жағдай туғыза отырып,пән мұғалімдерінің сабақ өткізуде кездесетін қиындықтарын практика жүзінде шешу.
Педагог тұлғасындағы тәрбиелі-білімді аша түсу.
Міндеті:
* Мемлекеттік стандарттың орындалуын бақылау;
Пәндік материал бойынша берілетін білім сапасын арттыру;
* Пән мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін шыңдау;
* Технологияларды қолдану бағытын бақылау;
* Пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсатында , әдістемелік іс-тәжірибе алмасып отыру;
Тамыз айында жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігі 2022-2023 оқу жылында жұмыс жоспарын бекітілді. Осы оқу жылында алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жолында 1 жарты жылдықта сан түрлі жұмыстар атқарылды.
Жалпы мектеп проблемасы: «Жас ұрпақты тәрбиелеуде, білім мазмұнын жаңарту арқылы Қазақстан болашағы зерделі тұлғаны қалыптастыру»
Жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігінің проблемасы: «Пәнді жеке тұлғаға бағытталған оқыту жүйесін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту»
Жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігі 2022-2023 оқу жылындағы құрамы
Әдістемелік бірлестіктің мүшелер саны: 10 оқытушы
Оның ішінде 1 зерттеуші География пәнінің мұғалімі Аширбекова Б.Ш,
1 эксперт Кайназарова С.Д, 6 2-ші санаттағы мұғалімдер, 2 санатсыз мұғалім бар
2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Достарыңызбен бөлісу: |