«Тыныс алу жүйесінің мүшелері. Ауа өткізу жолдары. Мұрын қуысы, көмей, кеңірдек. Өкпе, бронх, өкпенің респираторлы бөлігі. Жас ерекшеліктері» тақырыбы бойынша «Жалпы медицина» мектебінің 2 курс студенттеріне арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Құрастырған: доцент Желдербаева М.К.
Оқу сағат саны: 4 с.
Сабақтың соңында студент:
Тыныс алу жүйесінің мүшелерін және оларды құрайтын тіндік элементтерді микроскоптық және ультрамикроскоптық деңгейде тани алады.
Ауа өтетін жолдарды, респираторлы бөлімдерді және олардың құрылымдық функционалдық бірліктерін микроскоптық деңгейде танып білетін болады.
Ақпараттық технологияның жаңа мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқыту және білім, біліктілік дағдыларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бастапқы дағдыларын дамыту.
Сабақта қарастыратын сұрақтар: Өткен тақырыптардан: 1. Көпқатарлы кірпікшелі және көп қабатты мүйізделетін эпителидің құрылысы.
2. Экзокринді бездердің құрылысы.
3. Борпылдақ және тығыз талшықты дәнекер тіндерінің құрылысы.
Шеміршек тіндерінің құрылыс ерекшеліктері.
Бір қабатты эпителидің құрылысы.
Борпылдақ және тығыз талшықты дәнекер тіндерінің құрылысы.
Қан капиллярларының қабырғасының құрылыс ерекшеліктері.
Тақырып бойынша:
Ауа өтетін жолдардың қабырғасының құрамындағы дәнекер тіндерінің ерекшеліктері қандай?
Мұрын қуысының шырышты қабығының қабырғалары мен эпителиінің ерекшеліктері.
Жоғарғы тыныс жолдарының қай бөлімінде шынайы дауыс байламдары орналасады, олардың құрылысы мен қызметі атаңыз?
Кеңірдектің қабырғасының құрылысы және шырышты қабығының көп қатарлы кірпікшелі эпителиінің жасушалық құрамы.
5. Әр түрлі калибрлі бронхтардың эпителийінде шырыш өндіретін бокал тәрізді жасушаларының таралу заңдылықтарын білу.
6. Өкпенің респираторлы бөлімі мен ауа өтетін жолдардың қабырғасының құрамындағы дәнекер тіндерінің ерекшеліктері қандай?
7. Қандай бронхтың қабырғасында бездер мен аралшық түрінде орналасқан шеміршектер бар?
8. Ауа өтетін жолдардың қай бөлімі өзінің қуысын өзгертуге көбірек қабілетті және неге?
9. Өкпенің ацинустары қандай бөлімдерден тұрады? Қандай құрылымдар ацинустардың барлық бөліміне тән?
10. Өкпенің ацинустары мен ауа өтетін жолдарды қандай тіндермен тысталған?
11. Сурфактант дегеніміз не? Оның маңызы неде және оның құрамдық бөліктерін қандай жасушалар түзеді?
12. Аэрогематикалық сүзгіні құрайтын құрылымдарды атаңыз. Жарық және электронды микроскопиялық деңгейде аэрогематикалық сүзгінің құрылымдарын сипаттау.
13. Жас ерекшеліктері.
Әдебиеттер, сонымен қатар, электронды ресурстар: Негізгі: 1. Гистология, эмбриология, цитология. 6-шы басылым. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина. Қазақ тіліне аударған Р.Ж. Есимова., К.Т. Нүрсейтова - М., ГЭОТАР-Медиа баспа тобы, 2014, 634--654. бет
2. Юй Р.И., Абильдинов Р.Б. Гистология, цитология және эмбриология бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған атлас. Алматы, 2012. «Эффект» баспасы, 2012. 195-203 бет.
Қосымша: 1. Абильдинов Р.Б., Ергазина М.Ж., Юй Р.И. Толковый словарь основных гистологических терминов на казахском, русском и английском языках. Алматы, Издательство «ZAMANPRINT», 2017, стр. 122.
2. Пуликов А.С. Возрастная гистология. Изд-во «Феникс». 2006,176 с
Электронды көздер: 1.oxfordmedicine.com, www.uptodate.com
2.https://elib.vsmu.by/bitstream/123/11341/1/Miadelets-OD_Gistologiia_tsitologiia_i_embriologiia_cheloveka_Ch-2_2016.pdf
Тақырып бойынша видео-материалдар қарау:
1. Видео дәріс: Дыхательная система. Воздуxоносные пути. Гортань, траxея. https://www.youtube.com/watch?v=P0kb4a_mjh4