Глоссарий



Дата07.02.2022
өлшемі68 Kb.
#95454
Байланысты:
Глоссарий

Глоссарий


Шығармашылықжаңа сапалы материалдық жэне рухани құндылықтарды жасаудағы адамның белсенді іс-әрекеті ретінде карастырылады.
Оқуға ынталандыру - әдебиетті таңдап алып, оқу үстінде сырттай итермелейтін факторлар болып табылатын ықпалдар, ынталандыруға - әдебиетті кітапханалық библиографиялық насихаттау түрлері: кермелер, кітапхана плакаттары, каталогтар мен картотекалары, ұсыныстық библиографиялық құралдар, әдебиеттерге шолулар, әңгімелер тағы басқа жатады.
Білім беру философиясы - мәдени ортада адамның ақыл-ойы мен адамгершілік дамуы қалай жүретінін және бұл процеске білім беру жүйесі қалайша әсер ететінін қарастырады.
Білім беру ұғымы процесс ретінде бұл тұлғаның жетістікке жетуі үшін арнайы ұйымдастырлған оқу-тәрбие процесі, яғни педагогикалық процесс. Ол мұғалімнің сабақ беруі мен оқушының оқу арқылы жүзеге асады.
Білім беру ұғымы нәтиже ретінде ол тұлғаның жеткен жетістігі, жинақтаған білімдері, іскерліктері, дағдылары, яғни жинақтаған әлеуметтік тәжірибесі.
Білім беру ұғымы жүйе ретінде бұл азаматтарға жетістікке жету үшін және педагогикалық процесті жүзеге асыратын арнайы ұйымдастырылатын әлеуемттік жүйені атаймыз.
Білім беру жүйесі ол арнайы ұйымдастырылған, тарихи қалаптасқан оқу-тәрбие мекемелерінің және оқу бағдарламаларының жиынтығын атаймыз.
Педагогбiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын қызметкерлер.
Педагогтар - құл иеленушінің баласына жауапты құлдардың атауы (грек тілінен аударғанда баланы жетелеп жүруші құлдар дегенді білдіреді) Грек қоғамындағы ауқатты шенеуліктердің баласының тәрбиесімен айналысатын адамдар.
Дидаскалар - оқыту ісімен айналысқан ежелгі грек мұғалімдері.
Педотриб – палестра (спорт) мектебінің мұғалімінің атауы, яғни қазіргі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Педаном – Спарта полисіндегі мемлекеттік тәрбие мекемесінің басшысы (Спарта - ежелгі грек полисі).
Педагогикалық іс-әрекет – аға ұрпақтың жас ұрпаққа адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені беруіне бағытталған, олардың тұлғалық дамуына жағдай жасап, қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольдерді орындауға дайындайтын әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі.
Конструктивті іс-әрекет педагогикалық іс-әрекеттің жобаларын, жоспарларын құрастыру түрінде жүзеге асатын іс-әрекет.
Коммуникативті іс-әрекет педагогикалық процеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатуға бағыттылған іс-әрекет.
Тәрбиелеу іс-әрекеті - бұл оқушыларға адамзат баласы жинақтаған әлеуемттік тәжірибені мақсатты түрде алмастыруға және олардың тұлалық сапаларын, қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет түрі.
Оқыту іс-әрекеті - бұл мұғалімнің оқушылардың бойында білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға және ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған, олардың танымдық іс-әрекеттерін басқаратын іс-әрекет түрі.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі деп педагогикалық іс-әрекетті атқару үшін қажетті теориялық және практикалық дайындық және ол мұғалімнің кәсіби профессионализімін білдіреді. (В.А.Сластенин)
Педагогикалық іскерлік – бұл теориялық білімге негізделген және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны дамытуға бағытталған, автоматтандырылған бірізді жүзеге асатын әрекеттердің жиынтығы (В.А.Сластенин).
Педагогикалық іскерлік – мұғалімнің әр түрлі әрекеттерінің жиынтығы, ең бастысы олар педагогикалық әрекет функцияларына сәйкес, белгілі бір мөлшерде мұғалімнің жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтайды (В.А. Мижериков).
Рефлексивті іскерлік педагогтың өзіне және өз іс-әрекеттеріне бағытталған бақылау-бағалау іс-әрекетін жүзеге асыратын іскерлік түрі. Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда өткенге қайта оралу дегенді білдіреді.
Ақпараттық іскерлік – оқу материалын түсіндіру, оны алу және өңдеу әдістерімен байланысты қолданылатын іскерлік.
Перцептивті іскерлік – қарым-қатынаста басқаларды қабылдау, түсіну түрінде көрініс табатын іскерлік.
Педагогикалық техника мұғалімнің өзін-өзі басқара алу және өзара әрекеттесу іскерліктерінен құралады. Педагогикалық техника мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы көрінісінің үйлесімді жарасымдықта болуына ықпал етеді.
Мотивация ұғымын ғалымдар “тұлғаның мінез-құлқы, іс-әрекетінің сипаты, бағыты, мазмұнын білдіретін мотивтер жиынтығы деп атайды (Н.И.Конюхов).
Үздіксіз педагогикалық білім беру – нақты педагогикалық іс-әрекетке дайындау және тұлғаның білім беру қажеттеліктерін өтеу мақсатындағы педагогикалық білім беру мекемелерінің атқаратын іс-әрекеті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет