Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Алтын күз. Оқу іс – әрекетінің мақсаты



Дата15.03.2023
өлшемі16,23 Kb.
#172518

Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Алтын күз.
Оқу іс – әрекетінің мақсаты:

  1. Балаларға күздің белгілері туралы түсініктерімен таныстыру.

  2. Балалардың көркемдік сөйлеу тілін дамыту.

  3. Адамдар еңбегін құрметтеуге баулу.

Оқу іс – әрекетінің көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, суреттер, шарлар, «күз – мереке, күз – береке» көрмесі.
Оқу іс – әрекетінің барысы:
Балалар бүгінгі біздің тәрбиелік сағатымыздың тақырыбы «Алтын күз» деп аталу себебі неде екенін білгілерің келеме? Олай болса балалар, айналамызға көз жүгіртейікші:
1 Ағаштардың жапырақтары қандай?
2 Жерге сары жапырақтар төселген, айналаның бәрі алтын түстес сары, сары қызыл бояуға боялып тұр. Демек, сары түс күзді бейнелейтін бояудың реңі екен.
3 Күз дегеніміз – жазиралы даланың дархан дастарханы, Күз дегеніміз – байлық, молшылық. Күз дегеніміз - қауырт еңбек кезі. Олай дейтініміз, бұл мезгілде жеміс – жидек, астық пісіп жетіледі, күзде мал да, аң мен құстар да қоңданып семіреді. Күзде қыс қамы жасалады, сондықтан адам да, жануарлар да, өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды.
Күз – байлық, күз – молшылық, күз – қуаныш, күз – шаттық дей отырып, сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Армысыздар, құрметті қонақтар!
Бармысыңдар, жадыраған жас достар!
Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!
Бүгін мейрам, бүгін той,
Қуаныш күн біліп қой.
Күзгі бақта сыңғырлап,
Алақанды соғып қой.
Хормен: Берекелі күз келді,
Мерекелі күз келді.

1 – бала: Не деген әдемі айналам,
Алтынға теңеймін, таң қалам.
Судырап жапырақ түскенін,
Жыл сайын тосамын, ұнатам!
2 – бала: Биыл жаңбырлы жаз болды,
Ал күзде қоймаға дән толды.
Көкеніс, жемісті жинап ап,
Елімде көңілді той болды.
Бірақ та көңілсіз құстарсыз
Жаз бойы ән салған достарсыз.
Кәнекей, бәріміз ән салып,
Алысқа шығарып салайық!
Тырна: Қош қош туған ел, туған жерім,
Асқар тау, жазық далам, жасыл белім!
Қарлығаш: Сау боп тұр, Отан – ана ыстық ұям,
Көктемде аман – есен тағы қонам!
Тәрбиеші: Міне, құстарды да, жылы жаққа шығарып салдық,
Сондықтан мұңаймайық, ойнайық.
Ән салыңдар, күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Келіңіздер, күз тойын тойлайық,
Би билейік, ойнайық.
Би: Жау – жау жаңбыр.
Ойын: Көкөністі теру.
Тәрбиеші: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз – дей келе, кезекті «Бақшада» атты сахналық көрінісіне кезек берейік.
Қыз: Мені анам бақшаға
Көкөніске жіберді.
Бәрі сонда дегенді,

Міне, келдім бақшаға,


Бірақ әлі салатқа
Не керек, не жұламын,
Білмей тұрмын қарап та.
Сәбіз: Мен де әдемі сәбізбін,
Салатқа әркез дайынмын.
Дәруменге баймын мен,
Дәмді асымын әркімнің.
Орамжапырақ: Қабат – қабат киімім
Ақпын әрі сөлдімін.
Орамжапырақ мен болам!
Жуа: Мені тым ащы дейді
Мені тәтті емес дейді.
Бірақ мен пайдалымын
Салатты мен дәмдеймін.
Қызылша: Қызыл күрең қызылша
Мен боламын!
Әрі қызыл, әрі жас,
Түскі асқа мені ас!
Картоп: Мен картоппын, түйнекпін,
Әр тамаққа керекпін.
Пісір, қуыр, салат қыл,
Әр кезде мен дәмдеймін.
Ешкі: Ме – ее, ме – ее,
Орамжапырақ, сәбізді,
Ешкімге мен бермеймін
Көкөністің бәрін де,
Өзім жеймін, ме – ее, ме – ее!
Көкөністер: Құтқара көр сұлу қыз,
Ешкіден бізді құтқаршы!
Қыз: Ұзын мүйіз ешкі,
Осы жерден кетші!
Бақша малға жер емес,
Көкөністер саған жейтін шөп емес!
Көкөністер: Рақмет саған, сұлу қыз,
Саған берер сыйымыз!
Орамжапырақ: Мынаны алшы салатқа!
Сәбіз: Сәбіз берем мен сыйға!
Қызылша: Міне, міне қызылша!
Жуа: Жасыл майда жуамды ал!
Картоп: Картопты да ұмытпа!
Қыз: Себетім толды ризамын,
Апарайын анама.
Керек болса көкөніс,
Келемін тағы бақшаға!
Ән: «Күз жомарт.»
Ендігі кезекті жұмбаққа берейік:
Ортасында қазығы
Бұтағында азығы. (алма)
Күн нұрымен піседі
Уылжып қолға түседі. (жеміс)
Отыз көйлек киілген
Бір түйме жоқ ілінген. (қырыққабат)
Балалар енді мына дастарқанда тұрған көкөністерге назар аударыңдар: «күз – мереке, күз – береке.» деп жазылып тұр, яғни күзді молшылық, байлық деп айттық, енді осы өсімдіктердің қандай пайдасы бар екенін тыңдаңдар:
Астық жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.
Қорытынды: Балалар, біз бүгін не білдік?
Күз кереметтерімен таныстық.
Күздің бізге берер сыйы қандай?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет