Р. Сағымбекұлы Жүсіпбек 209 б



Дата22.11.2016
өлшемі168,26 Kb.
#2295
Р. Сағымбекұлы Жүсіпбек 209 б.

...Тұтқындарды Москваға алып кет деген хабарды естідік. Ертемен, күн шығар-шықпаста қасымда үш бірдей қатар құрбыларым бар, олар Жүсіпбектің баласы Бектұр, Абай тұқымдары Өміртайдың қызы Әзен, Жүсіпов Ахметсафаның қызы Фарида болатын. Екі өкпемізді қолымызға алып вокзалға жеттік. Жүк таситын вагоңдар, шеткі бір вагонда, темір торлы терезеден әкем Жүсіпбек қарап тұр екен. Күзетшілер вагонға жолатпай, “қайт, атамын” деп жекіп, жасқай берді. Бектұр үркіп, кідіріп қалды. Жүсіпбек аға анадайдан айқай салды. Бектұр, жақында... қорықпа... деп. Айтатын бір сөзі болуы керек. Күзетшілер баланы әкесіне жолатпады, жылап еңіреп жүріп, поезды көзбен шығарып салдық. Бұл 1929 жылғы 24 маусым күні болатын.



Ш.Елеукенов

Мағжан
Айыптаушы рөлін атқарған Сәбит Мұқановтың ұсынысы бойынша сот қаулы етеді:

«1. Жұмабаев қазақ халқының, онымен қатар, қазақ халқына қамқор болып отырған Совет өкіметінің қас жауы деп танылсын.

2. Оның барлық шығармалары оқылудан алыну өкіметтен сұралсын.

3. Бұдан былай советтік баспасөз бетінен Жұмабаевтың шығармаларына орын берілмесін». 44б.
«Ескі интеллигенцияның арасында сменовеховшыларды еске түсіретін қозғалыс бар, – деді Голощекин. – Сендер Жұмабаевтың «90» жөніндегі әйгілі өлеңін білетін шығарсыздар, ол өзі 90 жағында болғандықтан, 90 туралы жазады, ал көпшілік бұл сан шынайы екен деп алданып қалады.

Олар 100 деп еді, жеңіліп қалды, енді 90 деп күңіренуде, бізге жақсы істерімен келсе, біз олардың арқасынан қағамыз, алайда 90-ды басқалардың қолдамауы қажет екенін аңғарту үшін біз арқасын сипап қана қоймай, бір мезгіл соққыға да жығып аламыз» («Советская степь» газеті, 1927 жыл, 21 қараша). 90 б.
6333 2 ПП ОГПУ по КССР ВО г. Алма-Ата

1929 жылғы июль.
Үстіміздегі жылғы 6 шілдеде тұтқынға алынған белгілі ұлтшыл қазақ ақыны Жұмабаев Мағжанды сіздерге жіберіп отырмыз. Пәтерінде тіпту кезінде оның ішінара өмірбаяны жазылған жалпы дәптерден өзге ештеңе табылмады...

Байтасов Абдолла Петропавловск қаласы шеңберіне көзге түспеді.

Қосымша: жалпы дәптер.

ОГПУ округтік бөлімі бастығының
оры
нбасары В. Никеров.

В/О өкілінің көмекшісі Губайдуллин.

109 б.

«Мағжан ұсталатын күні кешкісін:

Зылиха, көп болды пельмен жемегелі, пельмен жасашы, деп ойланып отырды да, енді менде несі бар, ұстамайтын шығар, табылса қара жұмыс болса да істеп күн көреміз... дегені. Мен болсам Қызылжардан


бекер келдік деп өкінемін. Бір бәлені сездім-ау...


Бұл Мағжанның өзін-өзі жұбатқаны екен ғой. Соңғы кезде дөңбекшіп ұйықтай алмай шығатын. Енді қайта түрмеге түссе кездесетін күн жоқ екенін Қызылжарда түсінгенмен, Алматыға келгенімізге қатты өкіндім. Тамақ та алдымызға келді, үйге екі жігіт кіріп келді:

Мағжан Жұмабаев, сіз тұтқындалдыңыз, деді де ең құрымаса алдындағы асынан дәм татқызбай дедектетіп ала жөнелді...». 121б.


«Народному Комиссариату Внутренних Дел КССР Заключенного Джумабаева Магжана

6.1.38.
ЗАЯВЛЕНИЕ

Желая искупить свою вину перед Советской властью, чистосердечно заявляю, что предъявленные мне обвинения в том, что я, Джумабаев, занимался на протяжении нескольких лет шпионской деятельностью в пользу одного из иностранных государств подтверждаю. Шпионажем в пользу Японии, я, Джумабаев, начал заниматься с 1919 г. и продолжал эту работу до 1929 г. т. е. по день моего ареста и отправки в лагеря. По отбытию таковых и возвращения в Казахстан в 1936 г. я возобновил свою шпионскую работу в пользу названного государства...». 132 б.
«Госархив Омской области сообщает, что сведений о, принадлежности к органам японской разведки Букейханова Алихана, Джумабаева Магжана и других, перечисленных в запросе, в архиве не имеется.

Начальник Госархива Омской области

Маркова.

Начальник отдела Попова».133 б.
Мағжанның Алматыға келуіне Сәбит Мұқановтың оны Қызылжарда жүрген жерінен іздеп тауып алып сөйлесуі, Алматыдан 1936 жылдың 27 қазанында хат жазуы көптен-кеп себепші болған. Сәбеңнің осы хатын сәл қысқартыңқырап оқып көрейік:

«...Сізбен жолығып сөйлескенде де мен айттым ғой: егер де өзіңіз шын ниетпен совет әдебиетіне қызмет етем десеңіз жазуыңызға ешкім бөгет болмайды деп. Сол сөзім әлі де сөз. Бұл пікірге басқа жолдастар да қарсы емес. Бұл хатта мен жалпы сөзді қоя тұрып, сіздің екі сұрағыңызға жауап берейін:

1. Жазушылар ұйымына совет әдебиетіне қаламымен еңбек сіңірген кісі алынады. Біз сіздің қаталдықтан қайттым деп жазған хатыңызға сенеміз. Бірақ көпшілік алдына дұрыс қаламыңыздан шыққан көркем сөзіңізді ұсынғанша, өлеңдеріңіз басылғанша, ұйымға мүше болуыңызды устав көтермейді. Бұл сөзге сіз ренжуге тиісті емессіз.

Устав – ұйымның тәртібі. Тәртіп – декларациядан істі жақсы көреді. Жазуыңызды бетке қақпаймыз. Совет платформасында отырып жазған сөзіңізді басамыз. Содан кейін ұйымға мүшелік мәселесі өзінен-өзі шешіледі.

2. Қызметіңіз, ұйымның сізге көмегі туралы. Алдымен Қызылжарда тұрсаңыз да, Алматыға келсеңіз де ықтияр өзіңізде болсып. Мұнда келем десеңіз сізді бетке қағатын кісі жоқ. Қайда жүрсеңіз де жазуға керекті
жағдайды жасатуға болады. Бірақ бұл ретінде маған хабар беріңіз.


Қызылжарда сөйлескенде айттым ғой: жазуға белсене кірісу, совет әдебиетіне қызмет ету тетігі өзіңізде деп.

Егер де шын ниетпен совет әдебиетіне ат салыссаңыз сізді бетке қағатын, бұрын пәлен болып едің дейтін кісі болмайды. Пролетариаттың рақымы мол. Ол қорғай да біледі, жарылғай да біледі. Бірақ пролетариат сөз емес, істі жақсы көреді.

Сәбит».
136 б.

Жазушылар одағының секретары қызметінде істеп жүрген кезім. Одақтың председателі Сәбит Мұқанов екеуміз бір кабинетте отырамыз. Жаңылмасам, 1937 жылдың жаз айында. Бір күні кабинетте жалғыз едім, бір орта бойлы, жұпынылау киінген, өңі сынық кісі кірді. Амандасып болған соң, өзін таныстырды. «Мен Мағжан Жұмабаев боламын, шырағым. Сәбитті іздеп келіп едім... – деді».

Жүрегім лүп ете қалды. Көп өлеңін жатқа білетін, сүйсінсек те сүйгенімізді өзгеге білдірмей, сездірмей жүретін уақыт. Орнымнан ұшып түрдым. «Сәбең жаңа ғана шығып кеткен. Осы маңайда жүрген шығар. Қазір» дегенше болған жоқ, Сәбеңнің өзі де кіріп келді. Амандық-саулықтан соң телефонның құлағына жармасты. Сол кездегі Қазақстан Қомпартиясы Орталық Комитетінің екінші секретары Нұрпейісовке мән-жағдайды баяндап еді, ол: «Келе беріңдер, бірақ бұл мәселені шеше алмаймын, Мирзоянның өзіне кіріңдер», деді. Сәбең маған да жүр деп, үшеуміз Мирзоянның қабылдауына бардық. Қазақтар Мырзажан деп қадір тұатын бұл басшымыз жақсы адам, кісілікті кісі еді ғой. Бірден: «Несі бар. Келе берсін. Жағдай жасаңдар. Әне, Әуезов сияқты. Театрда істейді. Сабақ береді. Жазуын да өндіріп жазып жүр».

138 б.

Қ.Мәкенбаев, Қ.Сәдуақасов



Әлімхан Ермеков
Жиырмасыншы ғасырдың басында Н. Ядринцев, Г. Потанин кадет партиясының позициясына көшеді. Егер Алаш партиясының басшысы болған Әлихан Бөкейхановтың кадет партиясы Орталық Қомитетінің мүшесі болуы сөзсіз әсерін тигізген.

Сондықтанда, Ермековпен қоса Алашорданың қатарында болған (А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов т. б.) қайраткерлердің көзқарасы мен дүниетанымы олар өмір сүрген орта мен сол кезеңнің өмір шындығына сәйкес келеді.

Өз халқын жан-тәнімен шексіз сүйген Әлиаға бостандық дабылын естісімен, қалайда қазақ халқын езгіден құтқарып, теңдік әперуді мақсат етеді.

1918 жылы сәуірдің 2-сі күні Әлімхан Ермеков, Алашорда басшысы Әлихан Бөкейханов және Халел Ғаббасов үшеуі Семейден тікелей байланыс желісі арқылы В. И. Ленинмен және сол кезде ұлт істері Халық комиссары И. Сталинмен сөйлеседі.

Бұл туралы КПСС Орталық Комитеті жанындағы Марксизм-ленинизм институты шығарған «Владимир Ильич Ленин. Биографическая хроника» – атты кітапта былай деп жазылған: «Апрель, 2.

Ленин вместе с И. В. Сталином ведет переговоры с вызвавшими их к прямому проводу А. Букейхановым, X. Габбасовым, и А. Ермековым, правительство «Алаш-Орда». (М.,1974 г. т. 5, стр. 352-3). 5 б.


Мұндай үлкен жұмысты жүргізу үшін Қырәскериревкомның қаулысы бойынша 1920 жылғы 18 майдағы № 2043 мандатпен «Қырғыз (қазақ) өлкесі, оның шекарасы мен ерекшеліктері» туралы баяндама жасауға Мәскеуге аттандым. Қырәскерревкомының шешімімен ВЦИК-тің жанындағы Қырәскериревкомның өкілетті коллегиясының председателі болып тағайындалып, әрі ВЦИК президиумының қаулысы бойынша осы комитеттің мүшесі болып бекітілдім. Бұл комитет мүшелерінің қатарына, сондай-ақ Ақмола облысынан Сәкен Сейфуллин кірді. Мәскеуде 4 ай жүріп мен Қырәскериревком мүшелерімен тығыз байланыста болдым. Олардан автономия республиканың құрылуы мен оның шекарасын анықтау мәселелері жөнінде тиісті нұсқаулар алып тұрдым.

Мәскеуге келгеннен кейін Әлиаға В. И. Лениннің төрағалық етуімен болған комиссия мәжілісінде Қазақ автономиялы республикасын құру туралы баяндама жасайды. Ал Түркстан республикалары жайлы оның алдында ғана Түрік комиссиясының мүшесі Сафаров баяндама жасаған еді. Нақты негіздеуге құрылған оның жан-жақты баяндамасы отаршылдық пен Столыпин реформасы нәтижесінде көшіп-қонудың салдарынан байырғы тұрғындардың ауыр халін ашып берді. Ол өздерінің түпкілікті жерінен айырылып, кулактарға басыбайлы болған қазақ батрақтарының теңсіздігіне баса назар аударды. Ол тез арада кулактарды қуып және олар тартып алған жерлерді бұрынғы иелеріне кайтарып беру үшін жер реформасын жүргізуді талап етті. «Сонда ғана, – деді ол, – байырғы халық еркіндікті қабылдап, Ұлы Октябрь революциясының жемістерін жинай алады». Владимир Ильич Ленин оның бұл ойын қуаттады. Содан кейін көп ұзамай Түркстан бойынша О. Жандосовтың қатысуымен жер реформасы жүргізілді.

Баяндамаға кіріспей тұрып, Ұлы Октябрь революциясы көсемінің алдында қатты толқыдым. Бірақ оның қарапайымдылығы, мейрімділігі, кіші халықтарға деген ерекше қамқорлығы маған жаймашуақ әсер етті. Баяндама кезінде мені оның ширақтығы, ойынып, өткірлігі, баяндамашыны әділ де батыл қолдауы бей-жай қалдырмады.

Жаңа мәселелер жөнінде оның талдауы мен бойлай енуі таңқаларлық еді. Ол менің баяндамама катты қызығушылық пиғыл көрсетті: мүмкін болатын қателіктерден сақтандырып мұқият тыңдады, ал әділ шешімді талап ететін керекті жағдайларды батыл сүйемелдеді. Владимир Ильич тек тыңдап, талдап қана қоймай, әрі пікір айтып, бүкіл баяндама бойы белсенді күйде болды. Сөйтіп адамзаттың ұлы данышпаны маған ұмытылмас әсер қалдырды,

Енді Владимир Ильичтің шиеленіскен мәселелерді дұрыс шешуге катысып, көмегі туралы жеке-жеке эпизодтарға тоқталайын.

Мен өзімнің баяндамада негізінен Қазақстандағы шекараны анықтауда үлкен маңызы бар күрделі де шиеленіскен жер мәселесіне тоқталдым. Бұл мәселелер Лениннің көзі тірісінде шешілген болатұғын, сондықтан да қазір тарихи-анықтамалық сипат алады. Патшалық Россия кезіндс қазақ жұртының иелігінен өзен, көл жағалауында, орман алқабында орналасқан қара топырақты жерлер тартып алынған.

Мұндай әпербақандық помещиктердің құлқын жоқтайтын Столыпиндік реформадан кейін тіпті өрістеп кетті. Ол Мемлекеттік Дума мінбесінен, «қырғыз даласын игеру» керек деп патшалық саясаттың тірегі болды, сөйтіп жергілікті тұрғындарды ойламай Қазақстан мен Түркстанда құлақтық шаруашылықтың қанат жаюына бар күшін салған еді. Мұнда Каспий жағалауы туралы мәселелер өткір пікірталастар тудырды. Ал жергілікті тұрғындардың жер туралы мәселесін тіпті қараған жоқ болатын. Ертістің он шақырым сол жақ беті 1904 жылғы орыс-жапон соғысы алдында сенат үкіметінің қаулысымен Сібір казактарының иелігіне берілген. Ал қазақ елі бұл жерден айырылып, оның үстіне жайылымдарда малын бағу үшін орыс кулактарына орасан зор қаржы төлеп тез арада кедейлікке ұшырады. Сөйтіп олар әрбір казак семьясына қызмет ететін үй шаруасындағы жұмысшы ретінде батрактарға айналды. Архивтерден қазақ кісісін жерлеу үшін жерге 18-20 сом алтын төлегені белгілі.

Мен баяндамамда осы он шақырымдық жерді қазақ халқы ежелден иеленгендіктен өздеріне қайтарып беру туралы ұсыныс жасадым.

Ал Каспий теңізінің солтүстік жағалауы салық жинайтын жер болып жарияланғанымен, патша үкіметі қазақ тұрғындарын иеленген жерлерінен көшірте алмады. Себебі, Каспийдің солтүстік жағына карай «Рың құмдары» деп аталатын құм бұйраттары созылып жатыр. Экономиканың қатал заңы тұрғындарды Каспий теңізі жағалауына қуды. Онда олар балық аулаумен шұғылданып, кемелерде жұмысшы болып күн көріс мүмкіндігіне ие болды.

Баяндамамның соңында қазақтарға иеленіп келген жерлері өздеріне қайтарылып және жергілікті қазақ пен отырықшылданған орыс тұрғындары орнығып біткенше Россиядан қоныс аударуды тоқтатқан жөн деген ұсыныс жасадым. Осы жерде Владимир Ильич менің сөзімді бөліп: «Қызық екен, орталықтағы жолдас, біздіц ЦК-ның мүшесі Сафаров Түркстаннан барлық кулак шаруашылығын көшіріп жіберу керек десе, сіз тек жергілікті қазақ және отырықшылданған орыстар орын тепкенше қоныс аударуды тоқтату керек дейсіз. Бұл қалай? Мен мұндай пікірлерді күтпеп едім деп, бір сәт күмілжіп қалдым. Бір-ақ мен Сафаровтың Түркстанның жағдайын көбірек білетіні, ол сол жерде көп болғаны туралы айттым, ол Қазақстанның жағдайында ондай ұсыныстан бас тарту керек дедім. Және де өз ұсынысымның негізі ретінде солтүстік аймақтардағы қазақ пен орыс тұрғындарының сан жағынан ара қатынасы жайлы статистикалык мәліметтер келтірдім. Орыс тұрғындарын көшірін жібереміз деген шешімнің орындалу мүмкіндігіне сенбеймін, себебі ұлттар арасында алауыздық туу қаупі бар дедім. Сонда Владимир Ильич: «ендеше ойлану керек» – деді.

Енді он километрлік тұтас жер туралы біраз мәселелерде қамтып айтсам да Владимир Ильич тағы да қосымша айтарыңыз бар ма? – деп сұрады. Сонда мен жастардың атынан (ол кезде 29 жаста едім) жерді өңдеуге және шөп шабуға арналған ауыл шаруашылығы машиналарымен осы өңірді қамтамасыз етсе, сөйтіп ауыл шаруашылығы коммуналарын ұйымдастырса деген тілек айттым. Владимир Ильич қолын сермеп: «Керегі жоқ, керегі жоқ. Біз тіпті ауыл шаруашылығы коммуналары жайлы Орталық Россияда ойластырғамыз жоқ» – деді.

Коммиссияның мәжілісінде біздің республиканың анықтау кезінде Каспий теңізінің солтүстік жағалаулары Астрахань губерниясынан кайтарылып, Қазақстан шекарасына кіргізу керектігін айттым. Бұған көптеген адам қарсы болды. Әсіресе Астрахань губерниялық атқару комитетінің председателі (фамилиясы есімде жоқ), Лежава, Брюханов секілді басшылар Каспий балығымен Москва жұртшылығын асырап отырмыз, еліміз азық-түлік қиындығын бастан кешіп отыр, – деді. Бұл мәселеге сөйлегендердің теріс көзқарасын байқаған Владимир Ильич маған бұрылып былай деді: «Біздің экономистер жан-жақты талдап, батыл айтқан секілді, ұялмаңыз, өзіңіздің ойыңызды еркін айта беріңіз, енді сөз сізге беріледі». «Мен, – дедім, – кеше ғана институтты бітіргенмін, тәжірибелі жастардан үйренуге дайынмын. Бірақ кейбір жолдастардың менің ойыма қарсы болғанына таңым бар. Өйткені, Қазақстан өзінің ұлттық тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты автономиялық басқарушылықты РСФСР-дің ішінен алады. Біз жағалаудың республиканың шекарасына кіруін мақұлдағанымыз дұрыс сияқты, себебі онда балық шаруашылығымен айналысатын қазақтар мекендеген және де бұл жағалау Қазақстан территориясының ішіне кіріп тұр. Ал егер осы жағалауды тұрғындарымен бірге біздің республиканың шекарасына кіргізбесе, біз оларды ұйымдастырып Орталыққа Астрахань губерниясына қарағанда тіптен көп балық жіберер едік».

Владимир Ильич Астрахань губерниялық атқару комитетінің председателіне бұрылып, одан жағалаудағы қазақ және орыс тұрғындарының сан жағынан ара қатынасы қандай деген сұрақ қойды. Председатель статистикалық мәліметтер жоқ дегенге келтіріп, сұрақтан бұлтарғысы келіп еді, Владимир Ильич жағалауды қанша қазақ қашна орыс бар дей отырғаным жоқ, осы өңірдегі тұрғындардың қайсысы басым деді. Сонда председатель амалсыздан «қазақтар басым секілді» дегенге сайды. Владимир Ильич мәселе түсінікті болды деп дауысқа салды, сөйтіп менің ұсынысым көпшілік дауыспен қолдау тапты.

1920 жылдың 24 авгусінде Халық Қомиссарлар Советінің Қырғыз (қазақ) Автономиялық республикасы туралы декрет жобасының мәселесі жөніндегі мәжіліске баяндамашының бірі ретінде мен де қатыстым. Мәжілістегі атмосфера аса іскерлік жағдайда болды, әрқайсысы өздерінің жауапкершілігін сезініп, қатал тәртіп пен саналылық орнағандай еді. Бұл мәжіліске Владимир Ильичтің өзі қатысып отырды. Мәселе туралы Ұлттар жөніндегі наркомат председателінің орынбасары Каменский баяндама жасады. Ол өзінің жауапкершілігін қатты сезініп, баяндама барысында көп қиналды. Сөйтіп декреттің жобасы тұтас оқылып, РСФСР Халкомсовының мәжілісінде бекітілді. Тиісті қосымшалар мен өзгерістерімен қоса декрет 1920 жылғы 26 августа бүкіл елге жарияланды.

1920 жылы 23 июннен 7 авгуске дейін Коминтерннің 11 конгресінің мәжілістері еткен еді. РКП (б) делегациясының құрамына Владимир Ильич Лениннің басқаруымен партия мен үкімет басшылары кірді. Сондай-ақ бұған автономиялық республикалардан да делегаттар келді. Қазақ автономиясын Тұрар Рысқұлов пен Ахмет Байтұрсынов бастап барды.

Конгресте Владимир Ильичтің «егер де алдыңғы қатарлы елдердің пролетариаты көмек берсе, әлеуметтік-экономиялық жағынан артта калған елдер капитализмді орағытып социализмге өте алады» – деген сөзі маңызды теориялық мәнге ие болды.

Ең алдымен В. И. Лениннің осы конгресте неміс тілінде сөйлегені мені таң қалдырды. Мұнда Үндістан Коммунистік партиясының лидері Ройдың өз Отанында ұлттық буржуазиялық-демократтық қозғалысты қолдауға қарсы сөйлегені көп пікірталас туғызды. Владимир Ильич Ройдың бұл істерін қате деп тауып, империализммен күреске бағытталған ұлт-азаттық қозғалысқа пролетариаттың шұғыл түрде көмек көрсетуі туралы батыра айтты. Осындай күйде ағылшын коммунистік партиясының делегаты Квеч те сөйледі.

Иә, осы бір қысқа естелігімді аяқтай келе, мен жас, албырт шағымда Владимир Ильич Ленинмен кездескеніме өзімді бақытты санаймын. Оның шабытты да дана, аса адамгершілікті кейпі жүрегімде мәңгі сақталады...».

В. И. Ленин өзі төрағалық еткен алғашқы мәжілістің аяғында, – деп еске. алады Әлиаға: Автономияны кұру жөнінде қазір Сталинге барып пікірлесіңдер, онда дайындаған жобасы бар, сонымен танысып, бар ойларыңызды түйістіріңіздер деп кеңес берді.

Мәжіліске қатысушылар тегіс үзіліске дәлізге шықтық. Қазақстандық делегация 15-тей адамбыз. Әлихан Бөкейхановты тостық. Әлекең Ленинмен оңаша пікірлесіп, әңгімелесіп қалған болатын. Бір 15-20 минуттен кейін ол кісі де шықты. Біздер Сізді Сталинге кіруге тосып тұрмыз, – делінді.

Әлихан бәрімізге салқындау қарап: «Сталин не шешер дейсің, оның не ойы, не білімі көлемді емес, қанша бір жетіскен жоба бар дейсің. Онанда өзіміз жеке шешкен дұрыс – деп жүріп кетті». Біз бәріміз де аңтарылып қалып, Әлекеңе ілесіп Кремльден шығып кеттік. Осы күні ойлаймын, бәлкім кіріп пікірлескеніміз дұрыс болар ма? Мүмкін басқаша шешілер ме, – еді деген ой келеді.

Осы мәжілістен кейін бір жеті өткен сои В. И. Ленин Қазақ АССР-ін құру жөніндегі декретке қол қояды.

Лениндік декретте Халық Комиссарлары Советінің мәжілісінде Каспий жағалауы туралы талқылауда төмендегідей, – деп көрсетілген:



«Из Астраханской губернии: волости Синеморскую Букеевскую орду и территории бывших казенных оброчных земель прилегающих к 1-му и 2-му приморским округам. Что же касается береговой полосы и волостей Сафроновской, Ганюшинской и Николаевской, то они во всех отношениях, кроме хозяйственной стороны, остаются в подчинении Кирревкома». (В. И. Ленин, О ККазахстане, А. 1982 г., с. 168). 7-12 б.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет