Катаболизмнің бұл жолы адам мен жануарлардың әртүрлі тіндерінде кең таралған (бауыр, бүйрек үсті безі, лимфатикалық түйіндер, эритроциттер, май тіндері және т.б.).
Апотомиялық жолдың негізгі ферменті - глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа, алғаш рет эритроциттерде О.Варбург ашқан.
Бұл процесте аралық метаболиттер ретінде әртүрлі фосфопентозалар түзіледі, сондықтан пентозофосфатты цикл деп аталады.
Глюкозо-6-монофосфаттың тура тотығуы оттегінің қатысуынсыз цитозольда жүреді:
6(глюкозо-6-фосфат)+12НАДФ+7НОН
5(глюкозо-6-фосфат)+6СО2+12НАДФН2+Н3РО4
Аэробты жағдайларда процесс митохондриялардың тыныс алу ферменттерінің қатысуымен жалғасады: