ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Баяндама
Тақырыбы: “Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм”
Орындаған: Бекен А.
Тобы: 1703-51
Қабылдаған: Күзембаева А.
Шымкент, 2022
Жоспар:
1.Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Скептицизм және оптимизм
2.2. Агностицизм
2.3. Таным формаларының көп түрлігі
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кілт сөздер: философия, скептицизм, оптимизм, гностицизм, агностицизм.
Кіріспе
Ғасырлар бойы адамның ойы бөлініп келе жатқан мәселелердің бірі — "танымның қалай болатыны, дүниетаным ұстанымында дүние таныла ма?" деген сұрақтарға жауап алу. Бұл оңай сұрақ емес. Расында, әлем шексіз, ал адам шектеулі, тұйық, ол шектеулілік тәжірибесі шеңберінде шексізді біле ала ма? Бұл сұрақ түрлі формаларда үнемі философиялық ойдың серігі болып келе жатыр. Осы сұрақтың жауабына катысты философия тарихында үш негізгі түсінік олар '''скептицизм'', '''оптимизм''' ('''гностицизм''') және '''агностицизм'''. Гностицизмді жақтаушылар танымның қазіргісі мен келешегіне оптимистік тұрғыдан қарайды. Олардың пікірі бойынша, дүниені тануға болады, адамда танымның шексіз қабілеттік мүмкіндіктері бар. Скептиктер дүниенің ұстанымды танылуын жоққа шығармайды, тек танымның дәйектілігіне күмән келтіреді.
Скептицизм және оптимизм
Скептицизм (грекше skeptikos — ойланушы, зерттеуші) баяғыдан бері жалпы қабылданған, тіпті аксиомаға айналған қағидалардың ақиқаттығына күмән келтіреді. Философия мен мәдениет тарихында тұтастай скептицизм екі жақты рөл атқарады. Ақылға сыйымды скептицизмнің пайдасы бар, тіпті шығармашылық қызметке де керек. Таным амалы ретінде скептицизм ақиқатқа жақындау болып табылатын күдік келтіру формасында көрініс береді.
Ежелгі грек философы Зенон туралы данышпандық аңыз бар. Шәкірттері одан неге жиі күмәндана беретіні туралы сұрағанда, ол диаметрлері әр түрлі екі шеңбер сызып, алдымен үлкен шеңберді, соңынан кіші шеңберді көрсетіп тұрып былай деген екен: "Мынау үлкен шеңбер — менің білімім, кішісі — сендердікі. Ал шеңберден тыс жатқандардың бәрі белгісіз. Енді мынаған көңіл аударыңдар: сендердің білімдеріңнің белгісізбен шекараласуына қарағанда, менің білімдерімнің белгісізбен түйісуі көбірек. Сондықтан мен сендерге қарағанда көбірек күмәнданамын". Ақиқатқа бастайтын күдік, Л.Толстойдың пікірі бойынша, "философиялық қинайтын күдік" болуы керек. Өзге жағдайларда скептицизм арзандап кетеді және соқыр фанатизм болып шығады. Екінші жағынан, жоғарыда айтылған агностицизмге ұласып кетеді. Алайда абсолютті скептицизмді тұтастай танымның, ғылымның дамуы теріске шығарып отыр. Мысалы, XIX ғасырдың кейбір абсолютті скептиктері: "Адамзат ешқашан Күннің химиялық құрамын біле алмайды", — деген еді. Олар мұны мәлімдеп болғанша, спектрлік анализ Күннің құрамын айқындап берді.
Оптимизм - дүниеге үміт көзімен, сеніммен караушылық, үмітсіздіктен аулақ болушылык. “Дүниеде ізтілік үстем болады, әділет салтанат құрады және барша жұрт бақыттқа кенеледі” деген сенімділікке негізделген дүниетану түсінігі пессимизмге карамақайшы. "Оптимизм" термині алғаш рет біздің әлем "Ықтимал әлемдердің ең жақсысы" деп пайымдаған философиялық (Г.В. Лейбництің) ілімді сипаттау үшін қолданылды. Оптимизм тұтас алғанда сындарды, адамдарды болмыска көңілі толушылық сезіміне бөлейді. Алайда, ол болмысты сыни тұрғыдан ұғынумен ұштаспаса, адамдарды тек жағымды жайттарды ғана қабылдауға бейімдеп, тұлғаның орнықты психологиялық ұстанымы нысанына айналуы мүмкін. Мұндай жағдайда санада адамдарды бағдарынан жаңылдыратындай, уақытша, дұрыс шешімге келуіне, қоғамдық үрдістерге араласуына кедергі келтіретіндей әртүрлі жалған үміттер ұялайды..[1]
Агностицизм
Достарыңызбен бөлісу: |