«Грамматика турецкая, персидская и киргизская, узбекская»



Дата12.09.2020
өлшемі65,27 Kb.
түріКнига

Қазақ тілінің зерттелуі

Қазақ тіл білімін зерттеудегі алғашқы грамматикалық 6 еңбек талданады. Олар: Н.И.Ильминскиийдің «Материалы к изучению киргизского наречия» (1861), М.А. Терентьевтің «Грамматика турецкая, персидская и киргизская, узбекская» (Книга І, СПб, 1875) еңбегі, П.М. Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казак-киргизского языка» (Спб., 1894, ч.1) деген еңбегі, В.В. Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка» (Орынбор, 1897) атты еңбегі, Н. Созонтовтың «Записки по грамматике киргизского языка» (1912 жылы Ташкент) деп аталатын еңбегі, Г.В. Архангельскийдің құрастыруымен жарық көрген “Грамматика казахского языка” (1927) атты еңбегі.



ХІХ ғасырдың екінші жартысы түркі тілін зерттеудің «алтын ғасыры» деген атауға ие болып тарихта қалды. Орыс және Батыс Еуропа ғалымдары түркі тілдерін тарихи, ғылыми тұрғыдан зерттеуді осы кезеңде нақты қолға алды. Патшалық Ресей қоластындағы шығыс халықтарын орыстандыру арқылы өз үстемдігін жүргізбекші болып, оларды ортақ бір тілде сөйлету жолында миссионерлік саясатты жүзеге асыруға бар күш-жігерін салып бақты. Осы әрекет орыс түркітанушылары арқылы жүзеге асырылды. Оларға үлкен міндеттер жүктелді, өз еңбектерінде түрік грамматикасын үндіеуропа, оның ішінде орыс грамматикасымен байланыстыра зерттеу басты нысанға алынды. Ал түркі тілдері тобының бір тармағына жататын қазақ тілі де бұдан тысқары қала алмады.

Қазақ тілінің қайнар көздерін зерттеуді алғашқы «баспалдақ» аталатын ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау – тарих беттеріндегі қазақ тілі грамматикасының негізі қаланған кезеңге қазіргі күн тұрғысынан баға беру, өткен олқылықтарды түзетуге қадам жасау болып табылады.



Қазақ тілінің қайнар көздерін зерттеуді алғашқы «баспалдақ» аталатын ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау – тарих беттеріндегі қазақ тілі грамматикасының негізі қаланған кезеңге қазіргі күн тұрғысынан баға беру, өткен олқылықтарды түзетуге қадам жасау болып табылады.

Алфавитке, грамматикаға қатысты жазба жұмыстары мен екі тілді сөздіктер ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Қазақтарға арналған бірінші әліппе 1892 жылы Қазанда басылды, сосын 1879 жылы Орынборда Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» мен 1896 және 1899 жылдары «Махтубап» кітабы басылып шықты.

Патша үкіметінің тапсырмасымен орыс ғалымдарының келе бастауының нәтижесінде көптеген еңбектер орысшаға аударылып, жарық көре бастады. Орыс оқымыстылары қазақтарға орысша үйретіп, олармен араласа бастады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс түркологиясы әлемдік шығыстану ғылымының алдыңғы сапынан көрінді. Барлық түркі тілдері сол кезеңде отандық ғалымдардың ғылымизерттеу нысанына айналды. Түркі тілін, соның ішінде қазақ тілін зерттеуде атақты орыс ғалымдары – Н.И. Ильминский, М.А. Терентьев, П.М. Мелиоранский, В.В. Катаринский, Н.Созонтов, Г.В. Архангельский, В.В. Радлов, Н.Н. Пантусов, В.В. Григорьев, В.В. Бартольд, С.Е. Малов. Н. Лаптев, Е.А. Алекторов, қазақ халқының ағартушы-ғалымдары А. Диваев, М.Н. Бектемиров, Қ. Кемеңгеров, А. Байтұрсынұлы, Тоқаш Бокин, Е. Букин, Н.С. Жетпісбаев, Ж. Көшербаев, М.А. Машанов т.б. зор үлес қосады. Аталған ғалымдар қазақ тіл білімінің салаларын зерттеумен айналысты.

1859 жылы Н.И. Ильминский Ы. Алтынсаринмен танысады. Ыбырай Алтынсарин зерттеушінің миссионерлік идеяларын құптамайды, алайда екеуінің арасында достық қарым-қатынас берік орнайды. Ы. Алтынсарин қайтыс болған соң, Н.И. Ильминский оның хаттарын, іскери құжаттарын және ағартушы туралы өз естеліктерін шығарады (1891). Ғалымның Алтынсарин туралы жазған материалдары қазіргі кезеңде де ғылыми маңызға ие болып табылады.

Ал оның қазақ тілі грамматикасы мен фонетикасы туралы жазған «Материалы к изучению киргизского (казахского) наречия» еңбегі үш бөлімнен: фонетика (часть звуковая), грамматика, сөздіктен тұрады. Барлық фонетика-грамматикалық бөлім бар-жоғы 30 беттен (110-140 б.) аспайды. 140-159 беттер және еңбектің 152 беті сөздікке арналған. Грамматика бөлімінде тек татар тілінен ерекшеленетін формаларды ғана қарастырған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет