Грамматикалық мағынаның түрлері. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі



Дата08.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#131083
Байланысты:
Грамматикалы ма ынаны т рлері. Грамматикалы ма ына мен грамма

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Грамматикалық мағынаның түрлері.
  • Орындаған: Сеитова Н

Грамматикалық мағынаның түрлері. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі

  • 1.Грамматикалық мағына мен лексикалық мағынаның арақатынасы.
  • 2.Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары.
  • 3.Грамматикалық мағынаның түрлері:
  • а) жалпы грамматикалық мағына;
  • ә) категориялық грамматикалық мағына;
  • б) қатыстық грамматикалық мағына.
  • 4.Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі.

ЛМ мен ГМ арақатынасы

  • Сөздің лексикалық мағынасы – нақты, ұғымдық мағына, яғни бір сөзден екінші сөзді айыратын реестрлік сөздік мағынасы болса, грамматикалық мағына - сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әр түрлі тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздердің бір-бірінен бөлмей, керісінше белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналары болып табылады.

Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары

  • 1. Семантикалық тәсіл. Ол - сөздің лексикалық мағынасының абстракцияланып жалпылануы арқылы іске асатын белгілі бір топтағы сөздерге ортақ мағына.
  • Мысалы: дала: заттық мағына, деректі зат атауын білдіруі, жалпы зат атауын білдіруі, жансыз зат атауын білдіруі.

Синтетикалық тәсіл

  • Оның жолдары:
  • қосымша қосылу жолы,
  • префикс қосылу жолы,
  • ішкі флексия жолы,
  • екпін арқылы,
  • супплетивті жол.

Аналитикалық тәсіл

  • Жолдары:
  • негізгі сөздердің тіркесуі,
  • негізгі сөз бен көмекші сөздің (көмекші етістік, шылау, т.б.) тіркесуі,
  • сөздердің қосарлануы арқылы,
  • сөздердің орын тәртібі арқылы,
  • дауыс ырғағы, интонация арқылы.

Грамматикалық мағынаның түрлері

  • Жалпы грамматикалық мағына
  • Категориялық грамматикалық мағына
  • Қатыстық грамматикалық мағына

Жалпы грамматикалық мағына

  • - лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын грамматикалық мағына.
  • Жалпы грамматикалық мағына сөз топтарының семантикалық сипатынан туындайды.

Категориялық грамматикалық мағына

  • - грамматикалық форма арқылы берілетін мағына.
  • Грамматикалық форма деген ұғымға, ең алдымен, сөзге түбірге үстелетін қосымшалар, сондай-ақ префикстер мен жүйелі түрдегі ішкі флексия, супплетивтік тәсіл жатады

Қатыстық грамматикалық мағына

  • - грамматикалық мағынаның сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы, орын тәртібі, интонация т.б. аналитикалық, қатыстық тәсілдер арқылы берілуі.
  • ЖГМ
  • КГМ
  • ҚГМ
  • семантикалық тәсіл
  • синтетикалық тәсіл
  • аналитикалық тәсіл

ГМ мен ГФ сәйкестігі

  • “Грамматикалық мағынасыз грамматикалық форма болмайды және грамматикалық формасыз грамматикалық мағына берілмейді”
  • 1. ГМ-сыз ГФ кездеседі.
  • 2. ГФ-сыз ГМ беріледі.
  • 3. 1 ГМ бірнеше ГФ арқылы беріледі.
  • 4. 1 ГФ бірнеше ГМ береді.

Әдебиеттер:

  • К. Аханов. Грамматика теориясының негіздері. А.,1972. 8- 16-беттер.
  • А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1974. 7-
  • 10, 13-18 -беттер.
  • С. Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. А.,1992. 28-40-беттер.
  • С.М. Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998. 32-45-беттер.
  • А. Ысқақов. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма. // Қазақстан мектебі. 1961. N4 60-66-б
  • С.Исаев. Грамматикалық мағына мен форманың сәйкестігі және нольдік тұлға// Қазақстан мектебі. 1976. N 8 92-96-б.

Дұрыс па?

  • 1.Грамматикалық мағына сөйлеу барысында туады.
  • 2.Лексикалық мағына да, грамматикалық мағына да жалпы болады.
  • 3. Грамматикалық мағынаның 3 түрі бар.
  • 4.Грамматикалық формасыз грамматикалық мағына беріледі.
  • 5.Қосымшалар арқылы берілетін мағына қатыстық грамматикалық мағына деп аталады.
  • 6.Ноьдің форма арқылы грамматикалық мағына беріледі.
  • 7.Грамматикалық форманың екі түрі бар.
  • 8.Морфологиялық категориялар сөз таптарына байланысты емес.
  • 9.Грамматикалық категорияның анықтамасы: тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық категория деп аталады.
  • 10.Сын есімнің шырай категориясы – грамматикалық категория.
  • 11.Грамматикалық мағына семантикалық жолмен беріледі.
  • 12.Грамматикалық мағына қосарлау арқылы беріледі.
  • 13.Грамматикалық категория сөз таптарының түрленуіне байланысты.
  • 14.Ол келді. – “келді” сөзінде КГМ біреу.
  • 15..Бала ойнады. “Бала” сөзінің КГМ-сы – заттың атын білдіруі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет