ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары.
Қазақстанның Ұлы Отан соғысынан кейінгі саяси-экономикалық жағдайы, билік басына келген Хрущевтің жүргізген солақай саясатының нәтижесі, Қазақстандағы экологиялық проблемалар мен көп ұлттылықтың өрістеуі мәселесін талдау арқылы тарихи баға беру.
1. Соғыстан кейінгі жылдағы Қазақстандағы ауыр ахуал
2. Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан
3. .Брежнев бастаған номенклатуралық топтың билікке келуі..
1. II дүниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Соғыс зардаптары: 1710 қала, 70000 ауыл қирады, 32000 өнеркәсіп, 100000 ауыл шаруашылық кәсіпорны бұлінді және 2 млн адам қираған үйде түруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Сталинград, Минскт.б. қалалардың көп болігі талқандалды.
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Себебі КСРО соғыста 27 млн адамнан айырылды. Осыған байланысты Қызыл Армия қатарында демобилизация (әскерден босату) басталды. 1945-1948 жылдары Қызыл Армия қатарынан 8 млн 500 мың адам босатылды.
Соғыс жағдайына бейімделген ел экономикасының қайта қүрылуы басталды. Сұрапыл жылдары соғыстың қажетін өтеп тұрған кәсіпорындар бейбіт түрмыс өнімдерін шығара бастады.
Қазақстан экономикасын бейбіт жағдайға бейімдеу көп қиыншылықтар тудырды. Соғыс жылдары Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар азат етілген аудандарға қайта көшірілді. Сонымен бірге білікті мамандар да қайтты. Соғыста жарты миллионнан астам адам қазатапты, көбі мүгедек болып оралды т.с.с. Мұның бәрі шаруашылықты қалпына келтіруді кешеуілдетті. Қазақстан соғыстан зардап шеккен өңірлерге барынша көмек корсетті. Сталинград, Ленинград, Киев қалаларын, коптеген қираған кәсіпорындарды қалпына келтіру барысында қазақстандықтар көп үлес қосты.
Сонымен қатар Қазақстан соғыстан зардап шеккен өңірлерге материалдық көмек көрсетті. Мысалы, 1945 жылы Украинаға 500-ге жуық трактор, ауыл шаруашылық техникасын; Ресей мен Белоруське, Украинаға 350000 қой, 22000 жылқы, 17500 сиырды тегін жіберді. 1946 жылы қабылданған 1946-1950 жылдарды қамтитын халық шаруашылығын қалпына келтіру бесжылдығына сәйкес шаруашылықты дамытуға бюджеттен көптеген қаржы бөлінді.
Үкіметтің қолдауымен және жұмысшылардың қажырлы еңбегінің арқасында кәсіпорындар біртіндеп аяғынан тұра бастады. Теміртау металлургия зауыты, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты сияқты алыптардың қуаты артты. Екібастүз көмір кендері мен Маңғыстау мұнай кәсіпшілік-терінде жаңа кұрылыстар салынды.
Ауыр өнеркәсіппен бірге жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің куаты артты.
1950 жыльі 483 шақырымға созылған Мойынты-Шу теміржолы салынды. Байланыс, коммуникация жүйелері де дамыды. 1949 жылы Алматы қаласы автоматтық станция арқылы республиканың 56 қаласымен байланыс-тырылды.
Соғыстан әлсіреп шыкқан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Мысалы, ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы т.б.
Партияның 1946 жылғы қаулысына сәйкес совхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда (76%) МТС-тер (машина-трактор станциялары) жұмыс істеді. Үкімет өзін қамтамасыз ете алмайтын ұсақ колхоздарды біріктіре бастады. 1952 жылы республикада 2047 колхоз жұмыс істеді.
Республика ауыл шаруашылығы біршама жақсы дамыды. Дегенмен барлық халықты бірдей азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай, өнеркәсіптің шикізатқа деген сұранысын қанағаттандыра алмады. Ауыл шаруашылығы жоспарлы түрде жоғарыдан басқарылды.
Соғыстан кейін 1946-1950 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. 1947 жылы елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды.
Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда біраз шаралар қолданылды. Бірақ бұл мәселе орнымен шешілмеді. Жұмысшылардың жалақысы көп ретте азық-түлікті сатып алуға жетпеді. Сол кездегі орташа жалақының көлемі 64 сом болды. Әсіресе, ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекет ете арзан бағамен сатып алды. 1946 жылы Кеңестер Одағының біраз өңірін аштық жайлады. Бұл туралы, әрине, ешқаңдай мәліметтерде айтылмады.
Елдiң астық қажеттiгiн егiншiлiк аудандары өтей алмады, мал басы өспедi, өнiмi ел қажеттiгiн өтей алмады. Мұның көптеген себебi бар. Олардың негiзгiсi соғыс ауыл шаруашылығына ауыр зыян тигiздi. Екiншi үлкен себеп ауыл шаруашылығындағы өндiрiстiк қатынастарының ескiруi болды. Колхоздарда егiс алаңы, мал колхозшыларының қауымдық меншiгi деп аталғанымен олар ол меншiктiң йесi емес едi. Жер мемлекет меншiгiнде болды да, мал да мемлекеттiң меншiгiнiң бiр түрiне айналды. Мемлекеттiк меншiкке ие болмады. Иесiз меншiк өспедi, оны талан таражға салу оңай болды. үшiншiден, ауыл шаруашылық өнiмдерiн мемлекетке мiндеттi түрде алуға байланысты қалыптасқан жүйе өзiн ақтамады. Ауыл шаруашылығында өнiм өндiру, оны мемлекетке дайындау жүйесi өнiм өндiрушiлердiң ынтықтығын тудырмады. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн дайындау және сатып алу бағасы өнiмнiң өз құнынан төмен болды. Колхоздарда колхоз демократиясы бұзылды, колхозды басқару, өнiмдi жұмсау әкiмшiлiк орындарының қолына өттi.
Партия мен үкiметтiң орталық және жергiлiктi орындары бұл ауыр халден шығу үшiн бiрнеше шара қолданды. Мәселен осы жылдары колхоздарды iрiлендiру шарасы жүрiлдi, пайдасыз ұсақ колхоздарды арасынан қосып iрiлендiрдi. Колхоздарды совхоздарға айналдыру шарасын жүзеге асырды. Дегенмен бұлар күткен нәтижеге жеткiзбедi. Ауыл шаруашылығындағы ауыр жағдайдан шығудың жолы өндiрiстiк қатнасты жетiлдiру, яғни ауыл шаруашылығындағы өндiрiс құрал жабдығын /жер, мал, техника т.б./ йесiнiң меншiгiне беру едi. Бұл жолға ешкiм тәуекел ете алмады.
Ұлы Отан соғысының Кеңес Одағы халықтарының жеңiсiмен аяқталуы халық бұқараның рухани зор өрлеуiн туғызып энтузиязымын арттырды. Соғыста Кеңес Одағының халық шаруашылығы зор зыян шектi. Халықтың энтузиязымының арқасында соғыста бүлiнген халық шаруашылығын 1953 жылы қалпына келтiрдi, бұдан соңғы жылдары экономика арғарай дамыды.
Қазақстан майдан шебiнен ұзақ орналасқандықтан соғыстан халық шаруашылығы бүлiнбедi. Қазақстан Кеңес Одағының бүлiнген халық шаруашылығын қалпына келтiруге белсене қатысты. Батыс өлкедегi бүлiнген өнеркәсiп аудандары мен қалаларды қалпына келтiруге Қазақстаннан жұмысшылар жiберiлдi. Колхоз, совхоздарға мал жiбердi.
Соғыстан кейiнгi жылдары Қазақстан экономикасы, әсiресе, өнеркәсiп саласы дамыды. Қазақстан еңбекшiлерi бес жылдықта /51-55/ өнеркәсiптi дамытуда едәуiр табыстарға қол жеткiздi. Осы жылдары 200-ге жуық жаңа өнеркәсiп орындары iске қосылды. Осы жылдары Қазақстанда энергетика, металлургия, кен рудасы, көмiр, химия, машина жасау салалары дамыды. Түстi металлургия республиканың экономикасының жетекшi саласына айналды. Елдегi ең iрi объектiлердiң бiрi Қарағанды металлургиялық заводының /Қазақстан магниткасы/ құрылысы басталды. Қарағандыда оннан астам шахта iске қосылды. Алматы, Ақтөбе, Петропавл, Қарағанды қалаларындағы машина жасау заводтары жаңа станок, жабдықтар жасайтын болды. Өнеркәсiп орындарында өндiрiс процессiн автоматтандыруда, механикаландыруда елеулi табыстарға қол жеттi.
2.1940 жылдың аяғы мен 1950 жылдардың басында КСРО еркін ойлауды шектеу, жаппай бақылау, қатал цензура, идеологияның кері әсері мәдениеттің дамуына ықпал етпей қоймады. Осы кезде ұлтшылдық кінәсін арқалағандар қатарында Есмағамбет Ысмайылов, Мұхтар Әуезов, Қайым Мұхаметханов, Қажым Жұмалиев, Сәбит Мұқанов және басқалары болды.
Әлкей Марғұланның көзқарастары ғылыми дәйексіз деп жарияланды, Дулат Бабатайұлының және басқалардың еңбектеріне тыйым салынды. 1940 жылдың аяғы, 1950 жылдардың басында космополитизм, буржуазиялық ұлтшылдық кінәсі тағылған көптеген ғалымдар зардап шекті, соның ішінде өлім жазасына бұйырылған, кейін 25 жыл айдауға кеткен ірі тарихшы Ермұхан Бекмаханов та бар. 1950 жылдары олардың көбін ақтады.
Алайда, бұл уақытта мәдениет пен өнер қайраткерлеріне тек «социалистік релизм» шеңберінде ғана жазу талабы қойылды.
Білім мен ғылым, әдебиет пен өнер саласындағы ілгерілеудің көшбасында Қ. Сәтбаев, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Е. Бекмаханов, М. Айтхожин, Ш. Есенов, Д. Сокольский, Ә. Бектұров, У. Ахметсафин тәрізді тұлғалар тұрды. 1946 жылы шаңырақ көтерген Қазақстан ғылым академиясы шығармашылық-теориялық ізденістердің ордасына айналды. Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақ КССР ҒА-ның жүйесінде жұмыс істейтін немесе оның толық мүшесі, мүше-корреспонденті болып сайланған 7 ғалым Социалистік Еңбек Ері атағын иеленді, 18 ғалымға Лениндік сыйлықтың, 43 ғалымға КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері атағы берілді.
«Жамбыл», «Ботагөз», «Мәншүк туралы ән», «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», т.б. фильмдер қазақ кино өнері мен қайраткерлерінің үздік жетістігі қатарына кірді. 70-80 жылдары 20-дан астам өнер саңлақтары «КСРО-ның халық әртісі», «КСРО-ның халық суретшісі», «Социалистік Еңбек Ері» атақ-дәрежелерімен марапатталды.
Кеңестік кезеңде білім, ғылым, мәдениет саласы қарама-қайшылыққа толы болды. Бұл қарама-қайшылық сипаты жетістіктерге де дамуға да қатысты болды. Соғыстан кейінгі жылдары мамандар тапшылығы мәселесі қиынға түсті. 1947 жылы қараша айында өндіріс пен ауыл шаруашылығын жоғары сапалы білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін оқу орындарын салуға қаражат бөлуді қарастырған «Қазақ КСР жоғары және орта білімді ары қарай дамытудың шаралары» атты қаулы қабылданды. Мектептегі білім беру ісіне қатты көңіл бөлінді, барлық жерде сегізжылдық, ал ірі қалаларда онжылдық білімге көшу жүргізілді.
1950-1980 жылдары Қазақстан ғылымының, әсіресе жаратылыстану саласы бойынша едәуір ілгері басуы байқалды. Ол жаңа пайдалы қазбалардың игерілуі мен ашылған жаңалықтарға байланысты болды. Ғылымның едәуір жоғарылауына өндірістің жылдам дамуы мен мақсатты қаржыландыру ықпал етті. Қазақстандық ғалымдардың арасында ғылымға қосқан үлесі үшін Лениндік сыйлыққа ұсынылғандары болды. Алайда, тәуелсіз ойлауға шек қойған советтік идеология ғылымның дамуына кері әсерін тигізбей қоймады. Әсіресе, қоғамдық ғылымдар идеологиялық қысымды қатты сезінді.
1970-1980 жылдары партиялық бақылау күшейді. Аса қатты шектеулерге қарамастан Қазақстан ғалымдары мен жазушылары шынай өмірден маңызды шығармалар жазды. Осы уақытқа Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Болат Аюханов, Шәкен Айманов, Мұқан Төлебаев, Құдыс Қожамияров, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Евгений Сидоркин, Нұрмұхан Жантөрин, Асанәлі Әшімов және басқа да көптеген өнер қайраткерлерінің шығармашылығының жоғары деңгейге шарықтаған кезеңі болып табылады. Сөйтіп, партиялық өктемдікке, шектеуге қарамай, мәдениет пен білімде, ғылымда жағымды істер атқарылды.
2. Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін тұғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрушев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз соталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтандақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-әрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуштар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл-әміршілдік жүйе тиым салды.
1956 жылы 19 желтоқсанында КОКП Орталық Комитеті жергілікті партия ұйымдарына “Партия ұйымдарының бұқара арасындағы саяси жұмысын күшейту және жау элементтердің антисоветтік бас көтеруіне тыйым салу жөнінде” арнаулы жабық хат жолдады. Сөйтіп, тұтқындау науқанының жаңа кезеңі басталды. Саяси тұрғыда басқаша ойлаушылар қоғамның қайшылықтарын ашық айтқандары үшін қудаланды. Бір ғана мысал, 1956 жылы белгілі тарихшы Э.Н.Бурджалов “1917 жылғы наурыз-сәуір айларындағы большевиктердің тактикасы” аты мақаласы үшін қызметтен алынып, қудаланды. Ал, 1957 жылдың 3 айында ғана “Советтік шындықты бұрмалағаны үшін” және өткенді қайта қарағаны үшін 100-ден астам адам тұтқындалды. Мұндай келеңсіздіктер 60-шы жылдары да қоғам өмірінен орын алды. 1959-1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960 жылы Қазақстан жазушылар одағы республика компартиясының төрағасына С.Торайғыровтың творчествосын қайта қарау туралы ұсыныс жіберді. Екінші жіберілген хатта Шәкәрім творчествосын қайта қарауға рұқсат сұрады. Бұған жауап ретінде республика компартиясы 1961 жылы Қазақстан жазушылар одағының қызметін қанағатсыз деп тауып, ұлт мәселесін көтерушілермен күресті жандандырды. Осы жылдары, керісінше, орыс тілінің рөлін ұлтаралық тіл ретінде көтеру мәселесі өте маңызды болды.
1957 жылы сол кездегi Кеңес Одағында бiрiншi басшы болған Н.Хрущев шаруашылық реформа енгiздi. Реформаның басты мақсаты бiр орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйенi өзгертiп экономиканы басқаруды жергiлiктi органдардың қолына беру болды. Халық арасында Хрущевтың атымен аталған бұл реформа бойынша экономиканы басқаруды жергiлiктi жерлердiң қолына беру мақсатымен экономика саласы бойынша құрылған министрлiктердi, мемлекеттiк жоспарлау комиссиясын таратып жергiлiктi жерлерде административтiк-экономикалық райондар құрылды. Бұл райондарда экономиканы басқаратын халық шаруашылық кеңестерi /совнархоз/ құрылды. Совнархоздардың қолына сол райондағы барлық шаруашылық объектiлерi берiлдi. Совнархоздар өз қарамағындағы шаруашылықтардың өнiм өндiру, оны сату мәселесiн өздерi шешетiн болды.
Қазақстанда облыстардың орнына 9 экономикалық-әкiмшiлiк район орнады. Бұл шараның нәтижесiнде шаруашлықты басқару жергiлiктi жердiң қолына өттi. Бүл әрбiр кәсiпорынның, әрбiр районның экономикалық ынтықтығын арттыруға, сөйтiп ел экономикасын дамытуға мол мүмкiндiк ашты. Осы реформаның нәтижесiнде 5-6 бесжылдық жоспар толық орындалды. 1964 жылы үкiмет басына келген Брежнев 1957 жылғы реформаны тоқтатып бiр орталықтан басқаратын жоспарлы экономикалық жүйенi қалпына келтiрдi. Бұл Кеңес Одағында экономикалық тоқыраудың басталуына әкеп соқты. Мүны сезген Кеңес Одағының Министрлер Кеңесiнiң төрағасы Н.Косыгин 1967 жылы жаңа реформа енгiздi. Ол жоспарлы экономика мен нарықтық экономиканың артықшылығын ұштастырып ел экономикасын тоқыраудан құтқаруды көздедi. Дегенмен Косыгин реформасы нәтиже бермедi де ұзамай тоқтатылды.
Соғыстан кейiнгi жылдары Кеңес Одағының, соның iшiнде Қазақстанның ауыл шаруашылығының артта қалуы 50-жылдардың басында, әсiресе, егiншiлiк саласында ерекше сезiле бастады. Кеңес Одағы өз астығымен қажеттiгiн қамтамасыз ете алмады. 1953 жылы одақ бойынша 31 млн. тонна астық өндiрiлдi, ал елдiң қажеттiгi 32 млн. тонна болды. Жетпегенiн шет елден сатып алды. Кең байтақ, құнарлы жерi бар Кеңес Одағындағы мұндай хал ахуалдың себебi, шешу жолы күрделi едi. СОКП бұл мәселенi тың игеру жолымен шешпек болды.
1954 жылы көктемде болған СОКП Орталық Комитетiнiң пленумы Қазақстан, Сiбiр, Едiл бойы, Солтүстiк Кавказда 1954-1955 жылдары 13 млн. гектар тың жер игеру «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы шешiм қабылдады. Кейiн бұл меже 30 млн гектарға көтерiлдi. Тың жер игеруде Қазақстанның үлесi зор болды.
Бұл КСРО-да нан тапшылығын жою үшін жасалды. Астық мәселесін шешудің теориялық тұрғыда екі бағыты болды:
Интенсивтік бағыт – экономиканы ретеудің нарықтық қатнасына көшу. Бірақ та бұл социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Егер Кеңес Одағында тың игеруге дейінгі астық өндіруде гектарына 1 центнерден қосса, онда бұл өнім бүкіл игерілген тың жерлердің өнімімен пара-пар болар еді.
Экстенсивтік бағыт – астық өнімін жаңа жерлерді жырту, тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады.
Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Оның 6,5 млн гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда. Осылайша жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде Қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрылды. Жаңадан құрылған совхоздардың атауларының өзі көп жайтты аңғартып тұрса керек: «Мәскеу», «Ленинград», «Киев», «Ростов», «Одесса», «Кантемировец», «Тамановец» совхоздары құрылды. Олар Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 млн га тың және тыңайған жер, Оның ішінде Қазақстан бойынша 18 млн га, яғни 66,6% жер жыртылды. Тың және тыңайған жерді игеру нәтижесінде Кеңес Одағында жан басына шаққанда 2 мың кг астық өндіру мүмкін болды. Ал дүниежүзілік тәжірибеде жан басына 1 мың кг астық жеткілікті болатын.
Тың игерудің негізгі қорытындысы – ол сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды.
Тың және тыңайған жерлерді игерудің зардаптары да болды. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн жер жел эрозиясына ұшырады. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн адам әкелінді Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халықтың әлеуметтік институттарының жойылып кетуі қаупі туды.
1962 жылы Н.Хрущевтың бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкесіне біріктіріліп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді.
Егіншілік мәселесінен басқа мал шаруашылығын нығайту жолдары да қарастырылды. Елуінші жылдардың соңында Қазақстанда 36,4 млн-нан астам мал басы болды.
1956 жылы бүкiл одақ бойынша 29,7 млн. гектар жер жыртылды, соның 18 млн-ны Қазақстанның үлесiне тидi. Тың жер Қазақстанның солтүстiк бес облысында игерiлдi. Тың жер игеру Қазақстан үшiн де, одақ үшiн де өз нәтижесiн бердi. Тың жер игерудiң нәтижесiнде Қазақстанда егiншiлiк жердiң көлемi 36 млн. гектарға жеттi. Бұл одақтағы егiстiктiң 16%-не тең едi. Кеңес Одағының халқының 6 %-ын құрайтын Қазақстан бидайдың 20%ын, еттiң 10%-ын, жоғары сортты қатты бидайдың 60%-ын өндiретiн болды. Ауыл шаруашылығы жерiнiң әр адамға тиетiн орташа мөлшерi жөнiнен Қазақстан дүние жүзiнде бiрiншi орынға шықты, мұнда әр адамға 14 га жер келетiн болды. Қазақстан Одақ қоймасына 6 рет млрд пұт астық құйды. Тың игеруге жұмсалған қаржы 1977 жылы өтелдi. Тың игерудiң экономика, әлеуметтiк салаға тигiзген салдары да болды. Тың игеру Кеңес Одағында, соның iшiнде Қазақстанда экономика саласында белгiлi нәтиже бергенiмен оның зардаптары да аз болған жоқ.
Тың жер игеру шұғыл, асығыс жүргiзiлдi. Егiстiкке жарамсыз жерлер жыртылды, мал жайылымы азайып, мал шаруашылығына зыян әкелдi. Осының салдарынан игерiлген жерлердiң бiразы қуаңшылыққа айналды, көптеген өзен, көлдер жойылып кеттi. 50-жылдарының ақырында Қазақстанда 9 млн. га жер эрозияға ұшырады.
Сонымен «Хрущев онжылдығы» (1953-1964 жылдары) бір жағынан, ХХ съездегі «Жеке басқа табыну мен оның зардаптарын жою туралы» қаулы қабылдау арқылы саяси өмірді демократияландыру саясатымен ерекшеленсе, екінші жағынан, валюнтаристік және субъективтік шешімдер арқылы экономиканы экстенсивті жолмен дамыту әрекетімен тарихта қалды.
Тың игеру Қазақстанның ұлттық-этникалық бейнесiнiң өзгеруiне әсер еттi. Тың игеру кезiнде Қазақстанннан тыс жерде өмiр сүрiп отырған қазақтарды келтiру мүмкiндiгi туды, қазақ зиялылары сондай пiкiр де көтердi, бiрақ бұл пiкiр ескерiлмедi. Қазақстанға тың игеруге 1,3 млн басқа ұлттың адамдары келдi. Орталықтан 25 мың басшы қызметкер, 1,5 мың мұғалiм келдi. Олар жергiлiктi кадрларды ығыстырды. Жергiлiктi жерлердегi қазақ мектептер жабылды, мектептер жаппай орыс тiлiнде оқытты. Қазақ тiлiндегi газеттер жаппай жабылды. Мұндай көрiнiстерге интернационализм мен ұлттар достығының белгiсi, Қазақстан ұлттар достығының лабораториясына айналды деген лепiрме баға берiлдi. Осылардың салдарынан қазақ халқы өз республикасында азшылыққа айналды. 1959 жылғы санақта республика халқындағы қазақтардың үлес салмағы /табиғи өсуi жоғары болса да/ 8% кемiп, 30 пайызға түсiп қалды. Басқа ұлт өкiлдерiнiң үлес салмағы артты. Солтүстiк облыстардағы қазақтардың үлес салмағы республикалық орташадан көп төмен болды. Жер су, қала, қыстақ аттары орысшаланды. Аталмыш жағдайлар Қазақстан тәуелсiздiкке қол жеткiзген соң ғана оңала бастады.
Кеңес Одағында ел өмiрiнiң барлық саласын қамтыған тоқырау 1960 жылдардың ортасынан басталып 80 жылдардың ортасына дейiн жалғасты. Тоқырау деп ел экономикасының ешбiр өзгерiссiз тоқтап қалғанын емес, экономикалық даму қарқынының жылдан жылға құлдырап келіп, 1980 жылдардың ортасында терең кризиске әкелгенi айтылады.
Кеңес Одағы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң жылдық өсiмi 1961-70 жылдары орта есеппен 8,7 пайыз болса, 1981-1985 жылдары 3,7 пайыз болып құлдырады. Мұндай көрiнiстi Қазақстан экономикасынан да байқауға болады. 81-86 жылғы бес жылдық жоспарды Қазақстанның әрбiр 4 кәсiп орны орындамады, 1986 жылға дейiнгi 9 жылдың iшiнде орнаған 334 кәсiпорынның тең жартысы нормативтiк қуатына жетпедi. Мүндай көрiнiстi Қазақстан экономикасының басқа саласынан, оның iшiнде ауыл шаруашылығынан да байқауға болады.
60-жылдардың ортасында шаруашылық реформалары жүргізілді. 1965 жылы қыркүйек айында партияның ОК Пленум өткізіп, онда экономиканы басқарудың әкімшілік әдісі сыналып, кәсіпорындардың өз еркімен дамуына, шаруашылық есепті дамытуға, экономиканы дамыту үшін материалдық жа-ғынан ынталандыруға көңіл бөлінді. Бұның бәрі сегізінші бесжылдық (1966-1970) кезінде халық шаруашылық кешеніне жоспарлы экономиканы енгізген уақыттан бәрі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге алып келген еді. Бұл бесжылдық тіпті «алтын бесжылдық» деген атқа ие болды.
Экономикалық әлеуетті арттыру республиканың қорын пайдалану, шикізат және отын-энергетикалық ресурстарын айналымға енпзу арқылы жүрді. 1970-1985 жылдар арасында өнеркәсіп енімінің жалпы көлемі екі есеге өсті, ал машина жасау, химия ---өнеркәсібі өнімі үш есе артты. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Олар Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдарын шығаратын зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр шығару цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-І, Қапшағай ГЭС-і, Жәйрем тау-кен комбинаты және т.б. болды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл және Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешендері құрылды.
Кеңестік экономика негізінен директивалық ұстаным мен орталықтың жоғарыдан бұйрық беру әдісі арқылы басқарылды. Қазақстан өнеркәсібінің 50%-ы одақтық министрліктердің қарауында болды. Одақтық министрліктер республиканың мүддесін көздемеді, әлеуметтік салада, ұлттық кадрларды дайындауда, қоршаған ортаны қорғауда (Семей полигоны мен Аралдың экологиялық апатқа ұшырауы) қиыншылықтар туындады. Мысалы, сол кезеңде Арал теңізінің деңгейі 14 метрге, аумақтық көлемі 40%-ға, су келемі 60%-ға төмендеді. Тартылған теңіз түбі тұз ошағына айналды. Мұндай жағдай гепатит, туберкулез сияқты эпидемиялық аурулардың өсуіне әкеп соқты, соны-мен қатар онкологиялық аурулардың көрсеткіші бұл елді мекенде одақ көрсеткішінен 15 есе асып түсті. 6717 км2 аумақты алып жатқан Байқоңыр ғарыш айлағында да экологиялық мәселе өте күрделі болды. Қазақстан территориясының 4,6 млн га аумағы оның пайдаланылған зымырандар қондырылатын жерге айналды. Онымен қоса Семей атом полигонында зиянды 200 жер асты нысаны (штолня) болды. КСРО-да жасалынған 715 ядролық жарылыстың 470-і Қаэақстанда жасалды. Каспий маңы ойпатындағы Азгир полигонында 17 жер асты жарылысы, республиканың басқа жерлерінде тағы 21 жарылыс іске асырылған.
70-80-жылдары Қаэақстанның экономикасында шикізат өндіру басымдыққа ие болғандықтан, халық тұтынатын тауарлардың 60%-ы басқа одақтас республикалардан әкелінді, ал оның көпшілігі Қазақстанда өндірілген шикізаттардан дайындалды.
КСРО өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі. Өнідірстегі өзін-өзі басқарудағы шектеулер және оның дамуындағы қайшылықтар. Жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайның келеңсіздігі. Кәсіпорындардағы дағдарыстың өршуі.
2. Әкімшіл басқарудың аграрлық саладағы қайшылықтарды асқындыра түсуі. Кеңестік өкіметтің ауыл мен деревняны іс жүзінде кедейшілік пен тоқырауға ұшыратуы. Ауыл еңбеккерлерін материалдық ынталандырудың төмендеуі. Аграрлық саланың басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсіздіктері. Шаруашылықаралық аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктерді агроөнеркәсіптік кешендерге жоғарыдан біріктірудің тиімсіздігі. Қазақ ауылының келеңсіз әлеуметтік-гуманитарлық қырлары «күнделікті тарих» деректерінде.
Еңбекақыны төлеудегі әділетсіз теңгермешілік, халықтың басым бөлігінде негізгі табыстың төмендеуі. Партиялық-мемлекеттік, әскери және шаруашылық басқару жүйесіндегілерге берілген артықшылықтар- әлеуметтік әділетсіздікті өрістете түсуге бағытталған қадам. Халықтың материалдық тұрмыс жағдайының төмендеу себептері. Тұрғын үй мәселесіндегі шешілмейтін қиыншылықтар. Орталықтың этно-демографиялық саясатының келеңсіз тұстары: ішкі миграцияны, соның ішінде қазақтардың ауылдан қалаға көші-қонды тежеуді паспорттық жүйе, «тіркеу» (прописка), тілдік кемсітушілік (дискриминация), т.б. жолдармен жүзеге асырып отыруы. Ауыл тұрғындарының азаматтық құқықтарына қысым жасау. Ақшаның құнсыздануы. Тұтыну тауарларының тапшылығы. «Көлеңкелі экономика» (қара нарық), криминалдық топтардың таралуы
3.Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Оның табиғи экологиялық және техногендік себептері. Кеңестік милитаристік империя жасақтаған әскери-өнеркәсіптік кешенінің қазақ халқына тигізген трагедиялық зардабы: Семей ядролық сынақ полигоны (1949-1991). Атомдық радиациядан болған жергілікті халықтың денсаулығындағы генетикалық зақымдар, жаппай онкологиялық, психикалық, т.б. аурулардың таралуы. Өнеркәсіп өндірістерінің қоршаған ортаны ластауы.
Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі болып отыр. Ол біздің елімізде де, әсіресе индустриялы, дамыған орталықтарда, соның ішінде ауыл шаруашылық аймақтарында да өткір түрде қойылуда. Табиғи қорларды тиімді пайдалануда, қалаларды, елді мекендерді көгалдандыруда, ұлттық парктер, көгалды аймақтар жасауда көптеген шаралар іске асырылса да, айналадағы ортаны қорғаудағы жауапсыздық, болашақты ескермеушілік орын алып отыр.
Су қорларын, қоймаларды сақтау – экологиялық проблеманың ең күрделі саласы болып табылады. Бұл әсіресе Арал теңізінің тағдырымен байланысты. Соңғы отыз бес жылдың көлемінде Арал теңізі 700 км3 су қорынан айырылды. Теңіз суының тұздылығы бір литрге шаққанда 20 грамнан асып түсті. Теңіз деңгейі 17 метрге төмендеп, жиектен жүздеген километрге қашықтап кетті. Жыл сайын 75 миллион тонна топырақ пен тұзды шаң ұшады. Ол барлық тіршілікті түбірінен құртуда.
1967 жылы Іле өзенінде Қапшағай су электр станциясы салынды. Қапшағай қойнауы суға толтырылды. Соның салдарынан Іле өзенінен Балқашқа құятын су мөлшері азайды. Кішігірім көлдерге су келмейтін болды, көбі құрғап кетті. Бұл аймақ түгелдей сортаңға айнала бастады. Балық аулау көлемі қысқарды.
Үлкен Алматы каналының салынуына байланысты, химиялық тыңайтқыштарды есепсіз пайдаланудың нәтижесінде егістік жерлер тұзданды. Арал тағдыры қайта басталды. Балқаш – Іле аймағының экологиялық жағдайы күрделі мәселеге айналды.
Қоршаған ортаның, Республикамыздағы халықтың науқастануына тигізер әсері 60 пайыз шамасында. Ол әсіресе, тау-кен өнеркәсібі орналасқан қалаларда жоғары. Қалаларда экологиялық ахуал, соматикалық аура түрлерінің өршуіне ықпал етуде.
Кеңес үкіметі полигондарының ең күрделісі, жаппай қырып-жоятын қарудың ең көп сыналған жері – Семей өңірінде тұңғыш ядролық жарылыс ұйымдастырылды. 1949-1990 жылдар аралығында Семей ядролық полигонында 475 қару түрі сыналды. Соның салдарынан, шекаралық территория халқы өте ауыр және созылмалы сәулеленуге ұшырап, сынақ зардаптары Хиросима мен Нагасакидегі атомдық бомбалаудан да асып жығылды. Сол жылдары полигонға шаруашылық жайылымдар мен егістік жерлер тартып алынып беріліп, соның салдарынан аймақ экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа ұшырады.
Семейдегі ядролық сынақтың салдарынан соңғы жылдары әр жүз мың адамға шаққанда жүйке-психологиялық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1624-ке, ақыл-ойы кем адамдар 3105-тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692-ге көбейген. Ал сары ауру, іш ауруы, туберкулез сияқты ауру түрлері халықты әбден меңдеп, арасында көпшілігі нағыз тұқым қуалайтын дауасыз рак, паралич,анемия, жазылмайтын тері ауруларының алуан түрлеріне душар болып отыр. Сынақ зардаптары дәрі мен дәрігерлерді дәрменсіз етіп, адамзат баласында кездеспеген ауру-сырқаулардың «жаңа» түрлерін туындата бастаған.
1991 жылы 29 тамызда Елбасшысы Н.Ә.Назарбаев полигонды жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, көреген саяси көзқараспен Қазақстан жаппай қырып-жою қару-жарағынан бас тартты. Мұны әлем жоғары бағалап, оның маңызы 2010 жылғы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етер тұсында ерекше құндылыққа ие болып отыр.
4.Тоқырау саяси салада болды. 30-жылдардан қалыптаса бастаған әкiмдiк-әмiршiлдiк жүйе тоқырау жылдарында күшейе түстi. Демократия дамымады, үкiмет билiгi халықтың қолынан партияның қолына өттi. Конституцияда көрсетiлген азаматтардың құқығы бұзылды, Кеңес Одағында басқаша ойлаушылар қудаланды, сөз, баспасөз бостандығына қатал цензура қойылды.
Әлеуметтiк-рухани салада да тоқырау көрiнiсiн байқауға болады. Экология саласындағы құлдырау халық денсаулығына ерекше зыян әкелдi. Арал қасiретi, Байқоңыр, Семейдегi ядролық қару сынау қазақ халқының ден саулығына орны толмас зыян келтiрдi.
Тоқыраудың негiзгi себептерi Кеңес Одағында саяси салада бiр партияның үстемдiгi, экономика саласында бiр орталықтан басқарылатын жоспарлы экономиканың үстемдiгi, идеология саласында бiр ғана марксистiк идеологияныңң үстем болуы, Кеңес Одағындағы басшылардың қабiлетсiздiгi және т.б. себептердi айтуға болады.
1960-1980 жылдары Қазақстан ғылымының, әсіресе жаратылыстану саласы бойынша едәуір ілгері басуы байқалды. Ол жаңа пайдалы қазбалардың игерілуі мен ашылған жаңалықтарға байланысты болды. Ғылымның едәуір жоғарылауына өндірістің жылдам дамуы мен мақсатты қаржыландыру ықпал етті. Қазақстандық ғалымдардың арасында ғылымға қосқан үлесі үшін Лениндік сыйлыққа ұсынылғандары болды. Алайда, тәуелсіз ойлауға шек қойған советтік идеология ғылымның дамуына кері әсерін тигізбей қоймады. Әсіресе, қоғамдық ғылымдар идеологиялық қысымды қатты сезінді.
1970-1980 жылдары партиялық бақылау күшейді. Аса қатты шектеулерге қарамастан Қазақстан ғалымдары мен жазушылары шынай өмірден маңызды шығармалар жазды. Осы уақытқа Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Болат Аюханов, Шәкен Айманов, Мұқан Төлебаев, Құдыс Қожамияров, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Евгений Сидоркин, Нұрмұхан Жантөрин, Асанәлі Әшімов және басқа да көптеген өнер қайраткерлерінің шығармашылығының жоғары деңгейге шарықтаған кезеңі болып табылады. Сөйтіп, партиялық өктемдікке, шектеуге қарамай, мәдениет пен білімде, ғылымда жағымды істер атқарылды.
Жоғарыдан әміршіл басқарудың күшеюінен мәдени және рухани өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсті. Ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтар асқынды. Қазақ тілінің қолдану аясын тарылды.
Тұтастай алғанда, Қазақстан мәдениеті 80 - жылдар ортасына қарай серпінді даму сипатынан айрылды. Оның арты Кеңестер одағының ыдырауына ұласты.
Достарыңызбен бөлісу: |