Хіх ХХ ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы


Философиялық антропология -



бет4/5
Дата22.01.2017
өлшемі0,88 Mb.
#7564
1   2   3   4   5

Философиялық антропология - осы аталған бағыттық өкілдері М.Шелер, Х.Плесснер, Э.Ротхаккер, А.Гелен, М.Ландман адам болмысының біршама мәселелерін ауқымдырақ қарастыруға талпынған. М.Шелер «Адамның космостағы жағдайы» және Х.Плесснер «Органикалықтардың сатылары және адам» атаулы еңбектерінде ХХ ғасырда адам мәселесінің шешілуі күрделеніп кетгендігін атап атайды. Сондықтан, олар адам туралы ғылымдардың нәтижелерін қорытып, адамды «эксцентрикалық» яғни басқаға ұқсамайтын тіршілік иесі ретінде қарастырған. Шындығында, олар адамның табиғатқа, қоғамға, өзіне, қатынастарын, адамның шығу тегін, әлеуметтік, метафизикалық негіздерін, оның болмысының заңдылықтарын арнайы зерттеген.

Философиялық антропологияның ең беделді өкілі М.Шелер философияның негізгі проблемаларын бір сұрақтың аясына яғни адам мәселесіне сиғызуға болады десек артық айтпаған болар едік дейді. Осыған байланысты ол адам болмысын толық қамтитын философиялық бағдарлама құрастырды. М.Шелердің адам мәселесін адам мен жануарларды салыстыру арқылы яғни ғылыми биологиялық және психологиялық мәліметтерді пайдаланы түсіндіруін оның ізбасарларыда қолдады. Егер жануарлар табиғи ортаға тәуелді болса, адамдардың мінез – құлқы табиғи жағдайларға қатаң бағынбайды. Адам ерікті «іскер» тіршілік иесі, өйткені оның рухы бар. Биологиялық тұрғыдан адам жетілмеген, бірақ оның рухы биологиялық шектеулігінен шығып дүниеге бейімделуге мүмкіндік туғызады. Адам өмір сүру үшін мәдениетті жасайды, сондықтан да ол биологиялық жан емес.

Философиялық антропологияның өкілі Арнольд Гелен адамды «әлі анықталмаған жануар», оның жануарлығы «аяқталмаған» және «бекімеген» деп сипаттайды. Барлық сүткоректіліктерден адамның айырмашылығы оның биологиялық тұрғыдан жетілмегендігінде, инстинктерінің нашарлығында. Осыдан адам «дүниеге ашық». Сондықтанда, ол икемді, үйренуге қабілеті бар. Адам өзінің болмысын толассыз жасауға икемді рухани жан.

Осы бағыттың негізін салушылардың бірі Г.Плеснер адамның жануарлардан айырмашылығын оның «эксцентрикалық позициясынан» іздейді «Эксцентрикалық позиция» деп Плеснер адамның күлкіге немесе жылауға бейімделігін айтады. Түсінксіз бір жағдайларға тап болғанда, адам оны қалай қабылдайтындығын білдіруі керек. Ондай (эксцентрикалық) кабілеттен жұрдай жан (жануарлар сияқты) жағдайға баға бере алмайды, тіпті аңғармайды, байқамайды, ал рухани жан – адамның ғана қуануға немесе қайғыруға, күлуге немесе жылауға қабілеті бар дейді Плеснер. Өзінің ілімін «мәдени антропология» деп атаған Э.Ротхаккердін пікірінше адамды құпия, жұмбақ дүние қоршаған. Осы дүниеден адам өзінің дүниесін құрастырады. Ол дүние тіл арқылы іске асады. Ротхаккер тілді адамның іс - әрекеінің жасампаз құралы деп бағалайды.

Философиялық антропология адам туралы ғылымдардың дамуына игі әсерін тигізгеніменен, философияда айтарлықтай жалғастырушылары болмады. Дегенменде, олардың негізгі идеялары қазіргі замандағы қоғамның санасында із қалдырғандығына күмән келтірмейміз.

Экзистенциализм – антропологиялық бағыттағы мектептердің ең беделдісі. ХХ ғ. 20 жылдарынан бастап, дәлірек айтсақ бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан ағым. Экзистенциализм (лат. еxixtenia - тіршілік) философиясының қалыптасуына С.Кьеркегордың философиясы, Ф.Ницшенің волюнтаризмі және Э.Гуссерлдің феноменологиясының ықпалы күшті болды деп саналады. Сонымен бірге экзистенциалистер көркем әдибиетке сүйенеді. Әсіресе, Ф.Достоевский, Ф.Кафка мен Р.Рилькенің шығармаларындағы мәселелерді олар философиялық әдістерді пайдалану арқылы шешуге талпынды. Ж.П.Сартр, А.Камю өздерінің идеясын көркем шығармалар жазумен жеткізді.

Экзистенциалистердің негізгі тақырыбы – адам болмысы, оның өмірінің мәні, күнделікті тіршілігі, адамның тұлғалық қасиетінің бірегейлігі, оның ішкі сезімімен қоршаған өмір арасындағы қайшылық. Дәстүр бойынша осы философиялық бағытқа М.Хайдеггер, К.Ясперс, Г.Марсель, Ж.П.Сартр, А.Камюді жатқызады. Экзистенциализмнің діни бұтағын К.Ясперс, Г.Марсельді, ал атеистік деп М.Хайдеггер, Ж.П.Сартр А.Камюді атайды.

Экзистенциализмнің негізгі ұғымы – экзистенция. Экзистенция – тұлғаның ішкі рухани тіршілігі, оның терең негізі. Бірақ, адамдар күнделікті күйбің тіршілікпен алданып оған мән бермейді. Тұлғаның жасырын қасиеттері қиын – қыстау жағдайда, өмір мен өлім қыспағында қалғанда ашылады. Экзистенциалистер адам болмысын түсіну және ғылыми ұғымдар тілімен жеткізу мүмкен емес дейді. Ғылым болмыстың өзін танымайды, тек оның жеке фрагменттерін таниды. Ғылымның өмірге бағыт беретін көмегі жоқ, адам мәселесін шешуге дәрменсіз. Адам өмірі қайталанбайды. Сыртқы дүние адамды билемейді. Адам өзі - өзіне себеп. Адам еркін ал еркіндік деп экзистенцияны айтамыз. Еркіндік адамның басына түскен ауыртпалық. Одан қашып құтыла алмайсың. Әрине, адам өзінің еркіндігінен өз еркімен босануы мүмкін. Бірақ, онда ол тұлға емес, біреуге (қоғамға) тәуелді. Онда, ол ешқандай жауапкершілікті сезінбейді. Ондай адам, өзінің қасіретке толы өмірі үшін өзін кінәламайды, қоғамды, мемлекетті кінәлайды.

Адамның еріктілігі – таңдай білуде, жауапкершілікте. Таңдау деп күнделікті өмірде, не киінем, не жеймін дейтін таңдау емес, адамның болашақ тағдырына байланысты таңдау. Ондай шешімді Сартр экзистенциалды таңдау дейді. Тек оның жеке басының шешімі ақиқат шешім болады да, тек сонда ғана ол «экзистенцияны» жүзеге асыра алады. Осыған байланысты мынадай бір мысал келтіруге болады.

Францияны Гитлерік Германия оккупациялаған кезде фашистер бір жас француздың шешесің атып тастайды. Шешесінен айырылған жас француз Ж.П.Сартрға келіп, мен енді не істеймің, дейді. Сартр, өзің қандай шешімге келдіңіз деп сұрайды. Менің шешімім, қарсыласу қатарында қалып немістерден кек алу, дейді жігіт. Олай болса сөйтініз, дейді Сартр. Бірақ, дейді жігіт, немістер өш алу үшін ағаларымды атып тастауы мүмкін, сондықтан Англияға өтіп кетемін бе деген тағы бар шешімім бар. Жақсы, онда Англияға өтіңіз дейді Сартр. Дегенмен, дейді онан әрі жаңағы жас жігіт, Ламанштан өтіп бара жатқанда немістер мен жүзіп бара жатқан кемені батырып жібере ме деп те қорқамын. Ендеше сізге Францияда қалу керек дейді Сартр. Адам өзінің тағдырын өзі шешеді өзін жасайды деген принцип экзистенциализмнің негізгі принциптерінің бірі.

Экзистенциализм философиясының кейбір өкілдеріне қысқаша тоқталайық:

К.Ясперс (1833-1969) – неміс ғалымы және философы. Экзистенциализмнің діни бағытын ұстанған. Ясперс философиясының өзегі – «шекаралық жағдай» (пограничная ситуация) – ауру, өлім, қасірет және басқадай адамның басына төнген ауыртпашылықтар. Оның пікірінше адам табиғат және қоғамның объективті заңдылықтарын игеруге дәрменсіз, тым әлсіз. Өмір ағын, алмасып, өзгеріп отырады. Адам өмірінің шегі бар. Күнделікті күйбің тіршілікпен алданып, адам өзінің өткінші екенің және келешекте өлім күтіп тұрғаның есінен шығарып алады. Тек «шекаралық жағдайдың» қыспағында қалғанда. Өліммен өмірдің не екені туралы ойланғанда адам өзінің тұлғалығын сезеді. Осындай ситуациядан шығудың жолы трансцендентальды – жоғарғы болмыспен яғни құдаймен бірігу. Құдаймен бірігу арқылы адамның жасырын мүмкіншіліктері сыртқа шығып өмірдің құрсауынан құтылады.

М.Хайдеггер (1889 - 1976) – неміс философы. Философтың қойған негізгі сауалы – болмыстың мәні адамның іс - әрекеті арқылы ашылады. Егер адамның өмірінде өлімге бағытталған болашақ басым болса, онда адамның болмысы нағыз тіршілік. Егер адам бүгінгі күнмен (қазір, осында) өмір сүрсе, онда оның болмысы нағыз болмыс емес, өйткені ол «заттар дүниесінең немесе әлеуметтік ортадан шыға алмай өзінің бет – бейнесінен, тұлғалық қасиетінен айырылады. Жалған болмыстың адамы көпшіліктің арасынан суырылып шығуға талпынбайды, өйткені өзінің қимыл – қылығы үшін жауап беруі керек. Жалған болмыстың адамы өзінің келешегін көрмейді, «тобырдың» психологиясынан айырылғысы келмейді».

Нағыз болмыстың адамы - өзінің тарихын, еркіндігін сезетін адам. Ондай сезіну ерекше дацындықты қажет етеді. Өлім алдындағы адам нағыз болмысты іздемейді және соған жетуге талпынады. Өлім адамның қасында. Сондықтан адам өзінің өмірінің соңы - өлім екенің біле отырып болмыстың мәнін аша алады. Ол үшін дейді М.Хайдеггер – адам болмысты тыңдай білу керек. Болмысты тыңдау – тіл арқылы жүрмек. Тіл – болмыстың үйі. М.Хайдеггердің негізгі шығармасы – «Болмыс және уақыт».

Ж.П.Сартр (1905 - 1980) – француз философы, жазушы. Өзінің шығармаларында тіршілік және мән, еркіндік, таңдау, жауапкершілік және олардың ара қатынастары туралы мәселелерді көтереді. «Экзистенциализм – бұл гуманизм» трактатында осы аталған категориялардың мағынасын былай түсіндіреді: айталық, кәсіпші пышақ жасамақ ойы бар екен. Ол не жасайтын алдын ала біледі де жасайды. Мұнда заттың мәні оның өмірінің алдында. Адаммен олай емес. Жас сәби туады, яғни оның өмірі бар, бірақ оған әлі адам болуы керек, өзінің мәніне жетуі керек. Тіршілігі бола тұра, ол кейіннен адам болады. Сондықтан дейді Сартр адамға анықтама бере алмайсың, өйткені алғашқы кезеңде ол ештене емес. Ол кейіннен адам болады, тіпті оның адам болуы өзіне байланысты. Өзін қалай жасаса, солай болмақ. Осыдан еркіндік мәселесі шығады. Еркіндік адамның маңдайына жазылып қойылған, оның тұрақты серігі. Адам өзінің болмысын еркін таңдайды. Осы таңдауы үшін ол жауапкершілікті сезінуі керек. Бірақ өзінің өткінші жан екендігін білген адам жауапкершілігін толық сезіне алмайды. Жауапкершілік – қоғам, отан ата – ананың алдындағы жауапкершілік емес, экзистенциалды жауапкершілік.

А.Камю (1913 - 1960) – француз философы, жазушы. Камю философиясының негізгі тақырыбы - өмірдің мәнсіздігі, мағынасыздығы (абсурд). Дүние үйлесімді, заңды ұйымдасқан деп түсіну, біздің семіміздің адасқандығының нәтижесі. Адам шым – шытырық (хаос) дүниеде өмір сүруде. Осындай кездейсоқтық үстемдік еткен өмірдің мәні жоқ. Мәнсіздік, мағынасыздық, Камю философиясының негізгі принципі. Осындай өмірден құтылудың екі жолы бар. Біріншісі - өзін өзі өлтіру. Бірақ Камю, ол жолды қаламайды. Екінші жол – наразылық, бүліншілік. Біздер, дейді Камю, әлеуметтік ортаны өзгертуге, талпынамыз. Наразылық арқылы басқа адамдармен бірігеміз. Бүліншіліктің шегі бар. Оның логикасы қирату емес, яғни бүліншілікті революция деп түсінбеу керек. Бүліншілік (бунт) – адамның болмысының, өмір сүруінің амалы.

А.Камюдің идеялары «Сизиф туралы аңыз», «Оба», «Бөтен», т.б. шығармаларында көрініс табады.

Экзистенциализм – рухани өмірдің өте күрделі және қайшылығы мол қубылысы. Оған бір нақты баға беруге болмайды.
4 Діни – философиялық бағыт
Неотомизм – католиктердің діни – философиялық мектебі (жаңа томизм). Ортағасырлық схоласт Фома (Томас) Аквинскийдің іліміне негізделген Неотомизмнің қалыптасуы XIX ғасырдың 70 жылдарында өтті, және сол жылдардағы Бірінші Ватикан Соборының шешімімен байланысты. Папа Лев XIII энцикликінде (энциклик – рим папасының барлық католиктерге арналған жолдауы) Фома Аквинскийдің ілімі нағыз ақиқат және “мәңгілік” философия деп жарияланды. Неотомизмнің көрнекті өкілдері: Папа Иоанн Павел II, діни философтар Ж. Маритен, Ю. Бохенский. Неотомизм қазіргі діни философияның Европа мен Америкада зерттеу орталықтары, баспалары бар беделді ағым. Осы ілімнің негізгі принципі ақыл мен сенімнің бір бірімен үндестігі. Ақыл мен сенім бір-бірін жоққа шығармайды: олар Құдайды танудың екі амалы, Неотомизм ақиқатты жетудің үш формасын ғылымды, философияны, теологияны атайды. Ең төменгі сатысы ғылым құбылыстарды ашып, олардың арасындағы байланыстарды анықтайды. Философия – рационалды танымның ғылымнан жоғары сатысы. Ол болмыс туралы, және заттардың мәні туралы ілім. Бірақ, философияның басты міңдеті барлық дүниенің алғашқы себебі, барлық заттардың соңғы мақсаты Кұдайды тану. Теология бір мезгілде рационалды білімнің шыңы және рационалды емес білім (ақылдан жоғары). Христиандық догматтарды тек теология түсіндіре алады.

Неотомистер онтологиясында нағыз болмыс – материалдық емес дүние, мәндік дүние. “Өзінше болмыс” – трансцендентті, өйткені ол Құдайдың болмысы.

Неотомизмнің таным теориясын (гносеология) “реализм” деп атауға болады (схоластиканы еске түсірейік), өйткені нағыз шынайы-реалды, адамнан тәуелсіз идеалды мән-Құдай. Барлық мүмкін болатын заттар Құдайдың ақылында бар. Адам дегеніміз алдымен өлмейтін адамның жаны.

Құдай жасағанның барлығы сатыларға бөлінген. Төменгі сатысы – органикалық емес дүние (минералдар). Одан жоғары өлетін жаны бар өсімдіктер мен жануарлар. Ары қарай адам мен періштелерге орын берілген. Тіршіліктің тәжі – Құдай болмысы.

Құдай дүниені жасады, яғни өз болмысының ізін қалдырды. Осының өзі-ақ құдайдың барлығын дәлелдейді. Неотомистердің көздеген мақсаты Католицизмнің дұрыс, ақиқат ілім екендігін дәлелдеу. Ол үшін, олар кейбір ғылыми идеялармен, жаңалықтарды христиандық іліммен байланыстыруға талпынады.

Теолог, палеонтолог Тейяр де Шарден, өзінің “Адам Феномені” атаулы кітабында Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясын христиандық бірқұдайлық ілімімен татуластырады. Әлем, теологтің пікірінше, хаостан космосқа эволюция жолымен өтуде. Дүниенің алғашқы негізі рухани- энергетикалық субстанция. Космостағы қалыптасу, реттелу процестерін объективті заңдар басқармайды, Құдай басқарады. Оны Тейяр де Шарден “Омега” нүктесі дейді. “Омега” – Құдай. Әлемнің әрбір бөлшегінде ерекше энергетикалық субстанция бар. Осы субстанция дүние мен адамның дамуының, эволюциясының қозғаушы күші болып табылады. Оның өзегі рухтың дамуы, ноосфера. Адамның дүниеге келуі, және дамуы – ол эволюцияның аяқталуы емес, тек дүниенің өздігінен жетілуінің құралы.

Христиан бейнесінде өзін жетілдіре отырып, адам дүниені жетілдіруге белсенді араласуға мүмкіндік алды.

Католицизм философиясы, кейбір догмаларынан арылып адамға жақын, яғни әлеуметтік гармония, халықтар арасындағы бейбітшілік, өнегелік, және т.б. мәселелерге көңіл бөле бастады.

Папа Иоанн Павел II (К. Войтыла) өткен тарихтағы жіберілген қателіктерді (инквизиция алаулары, ғылымды қудалау) Шіркеу мойындап, кешірім өтінуі керек деген идеяны шығарды. Католицизмді қарапайым адамдарға жақындастыру, қазіргі жағдайға бейімдеу осы ілімнің негізгі мақсаты.

XIX – XXғ.ғ. АҚШ, Франция елдерінде персонализм тарай бастады. Осы ағымның негізгі өкілдері: Э. Брайтмен, Р. Флюэллинг (АҚШ), Э. Мунье, Ж. Лакруа (Франция). Персонализмнің негізгі мақсаты дінмен адамды татуластыру. Дүние – Құдай мен адамның бірігіп жасаған ісінің нәтижесі. Егер Құдай жоғарғы тұлға болатын болса, онда адам жердегі бірінші тұлға (персона). Тұлға негізгі онтологиялық категория, болмыс көрнісінің негізгі формасы. Тұлғаның шығармашылық белсенділігінің бастауы, тұлғаның өзінде емес – Құдайда. Сондықтан да адам мен Құдай арасындағы диалог үзілмейді.

Адам қоғамдық қатынастар жүйесінде өмір сүргендіктен өзінің қайталанбас “Мендігін” көрсетіп қалу мүмкіндігімен айырылады, өйткені қоғамдық қатынастарда бір роль немесе функция атқару керек. Тұлға ретінде адам өзінің қалауын ерікті жағдайда іске асыра алады. Қандай да болмасын мәселелерді шешу тұлғаның белсенділігімен байланысты. тұлға әлеуметтік шешу жолында түрлі кедергілерге тап болуы мүмкін. Әлеуметтік кедергілерден өту үшін, тұлға таңдайды, бағалайды. Демек, тұлғаның жетілуі, өзін шыңдай түсуі, қоғамды жетілдіруге қарағанда маңызды мәселе.

Персонализмнің христиандық принциптерді негізгі гуманистік құңдылықтармен сәйкестендіруге, қайшылықсыз, қанаусыз қоғам құруға талпынысын түсінуге болады, бірақ әлеуметтік ортасыз тұлғаның жетілуі екіталай.


5 Әлеуметтік- сыни бағыт
Осы бағыт Франкфурт мектебінің әлеуметтік философиясын, неофрейдизм философиясын және Рим клубын біріктіреді. Осылардың өздеріне тән ерекшеліктері бар, сонымен бірге әлеуметтік ортаға «қоғам-табиғат-адам» жүйесіне деген сыни көзқарас оларды ортақтастырады.

Франкфурт мектебінің әлеуметтік философиясы ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан белгілі. Олардың негізгі өкілдері: М.Хоркхмайер (1895-1973), Т.Адорно (1903-1969), Г.Маркузе (1898-1979), Ю.Хабермас(1929).

Франкфурт мектебінің эволюциясы «қоғамның сыни теориясынан» (М.Хоркхмайер, Г.Маркузе) басталып, пессимистік тарих философиясы (кейінгі Хоркхмайер) және «жағымсыз диалектика» (Т.Адорно) арқылы қозғалып соңында пессимистік татуласумен (Ю.Хабермас) аяқталады.

Осы мектептің өкілдері «бір өлшемді адамды» шығарғаны үшін, адамдардың қоғамнан жатсынуын қамтамасыз еткені үшін дамыған индустриалды қоғамды сынаушылар ретінде көрінді. Алдағы революцияның субъектісі, сыни ойға бейімді интеллигенциялар мен студенттер болмақ, өйткені олар «бір өлшемді сананың» құлы бола қойған жоқ. Әлеуметтік революциядан бұрын «адам революциясы» болуы керек, яғни қоғамдық өндірістің бір жетігіне айналып кетпейтін адамды дайындау керек.

Осы мектептің өкілдері әлеуметтік зұлымдықтың себебі ғылыми-техникалық революциясы деп біледі.Табиғатты индустриалды қанау адамды қанауға ұласты.

Ғылыми теникалық прогресс адамды билеудің құралына айналды және мәдениетті «бұқаралық мәдениетке» айналдырып әлсіретті.

Өкінішке орай, индустриалды қоғамды жаппай сынаумен шектеліп, оны қайта құрудың жолдарын көрсетпегеннен кейін Франкфурт мектебінің идеялары бірте-бірте сөне бастады.

Дегенменде, 1986 жылы Батыс Европада өткен студенттер қозғалысына осы мектептің идеялары ұйтқы болғанын айтып кеткеніміз жөн.

«Адам революциясы» идеясын неофрейдизмде қарастырады. Неофрейдизм ХХ ғасырдың 30 жылдары фрейдизмнен туындады. Оның негізгі өкілдері К.Хорни, Г.Салливан, Э.Фромм және т.б. дәстүрлі бейсаналық концепциясын қайта қарап, З.Фрейд ілімінің биологиялық алғышарттарын сынға алып, фрейдизмді әлеуметтік-мәдениеттанушылық доктринаға айналдыруға талпынды.

Неофрейдизм адамның биологиялық табиғатың (либидо және сублимация) мойындамай, адамдар арасындағы қалыптасқан әлеуметтік қатынастарға баса көңіл бөледі.

Адамның психикасы тек әлеуметтік ортаға бейімделудің механизмі, ал әлеуметтік ортаға араласып, бұзу патологияға ұрындырады. Э.Фромм қазіргі қоғамды «ауру» қоғам деп бағалайды. Ондай қоғам өздерінің азаматтарының психикасына кері әсер етіп, жағымсыз комплекстер қалыптастырады. Э.Фроммның пікірінше, К.Маркс адам өміріндегі иррационалды күштердің мәніне жете көңіл бөлмеген, З.Фрейдте адамды жасайтын инстинкт емес тарих екендігіне немқұрайды қарады.

Біздер қоғамдық және экономикалық институттарды өзіміз құрамыз, дейді Э. Фромм, бірақ соны отырып жауапкершілікті сезінбейміз және «келешек» не алып келеді деп үрейлене немесе үмітпен қараймыз.

Э.Фроммның пікірінше қоғам мен адам арасындағы қайшылықты шешуге болады, ол үшін «гуманистік психоанализді» пайдалану керек. Сондықтан З. Фрейдтің психоанализін реформалап марксизм философиясымен байланыстыруды Э.Фромм өзінің міндеті деп санаған. Осындай синтез неофрейдизмнің аясында қорқынышпен күн кешкен, қоғамнан жатсынған адам туралы концепция жасауға негіз болды. Қорқыныш жүйке ауруын қоректендіретін орта. Қоғамдық құбылыстардың ықпалында қалған адам тұлғалық қасиетінен айырылады. Жатсынған тұлға дүниемен байланысын үзеді. Қайрымсыз дүние қорқыныш туғызады.

Осындай дүниеден қалай құтылуға болады, қандай қорғаныс механизмдері бар?

Біреулер қорқыныштан құтылу үшін, маскүнімдікті, нашақорлықты паналайды, екіншілері дүниеқұмарлық, байлық қуып кетеді немесе билікке таласады. Үшіншілері көнбіс тіршілік кешеді немесе қоғамнан аулақтайды. Аталған, қорғаныс механизмдері, әрине мәселені шешпейді, керісінше ары қарай тереңдетеді, жатсынған адамның жүйкесін тоздырады. Адам жалғызсырап, тірі өлік күйіне түседі.

Э.Фромм осындай тіршіліктің қыспағында қалған, қоғамнан жатсынған, еркіндіктен қашқан ( бегство от свободы) адамның проблемасын шешуге талпынады. Ол адамның мінез – құлқымен және қоғамның әлеуметтік құрылымын байланыстыратын «әлеуметтік мінез» ұғымын кіргізеді. әлеуметтік мінез идеясын дамыта отырып, Э.Фромм «иемдену» және «бөлу» қғымдарын пайдаланады. Осы екі ұғым, «өмір сүрудің екі тәсілі». Егер адам иемдену принципін ұстанса, онда ол дүниеқорлыққа ұрынады, тіпті бәрінде, барлығында өзінің меншігіне айналдырып, ал болу тұлғаның тәуелсіздігін, еркіндігін, белсенділігін қамтамасыз етеді. Белсеңді болу, тұлғаның мүмкіндігіне, дарынына жол ашады.

Адамға керегі әлеуметтік революция емес, санадағы революция.

К.Хорни және Г.Салливан осы проблемаларды зерттейді. Хорни тұлғаның ішкі, Г.Салливан тұлғааралық қайшылықтарға көңіл бөлген.

Жаңа әлеуметтік философия жасауға 1968 жылы құрылған халықаралық қоғамдық ұйым «Рим клубын» ұйымдастыруға ұйытқы болған белгілі экономист А.Печчей өзінің «Адамдардың сапасы» атаулы кітабында франкфурт мектебі мен неофрейдизмнің идеяларын жалғастыра отырып төмендегідей қорытындыға келеді. Егер, ғылыми – техникалық революциясының осы дамуы сақталса, сонымен бірге әлеуметтік – экономикалық және әлеуметтік – саяси өзгерістер жалғаса берсе, онда ХХІ ғасырда адамзат «ауқымды катастрофаға» ұшырайды. Одан құтылу үшін, жаңа сапалы адам керек.

Қоғамға әлеуметтік революция емес, адам революциясы керек.


Герменевтика және «постструктуралистік – постмодернистік кешен»
Герменевтика (грек. Hermeneutikos - мағына беру) - Көне грек мифологиясындағы Гермес адамдарға құдайдың қалауын жеткізуші, құдайға адамдар мұқтажын жеткізуші құдай ретінде белгілі.

Герменевтика терминінің әр түрлі мағынасы бар. Ол мәтіндерді ұғындыру, түсндіру өнері, аудару өнері, түсіну теориясы.

Герменевтиканың негізгі сұрағы: Түсіну қалай мүмкін?

Герменевтиканың зерттеу нысанасы (пәні) – мәтін (текст)

Герменевтиканың негізгі ұғымдары: мәтін, түсіну, диалог;

“Герменевтикалық үш бұрыш”- мәтіннің авторымен, мәтінмен, және оқырман арасындағы өзара қатынас;

“Герменевтикалық шеңбер”- таным процесінің оралымдық(цикл) сипаты.

Ертеде діни, тарихи, көркем шығармаларды түсіну, түсіндіру оңайға түспеген. Орта ғасырда теолог-схолостар қасиетті кітаптардағы ( Ескі Өсиет, Жаңа Өсиет. Інжіл (Библия)) діни идеяларды түсіндірумен айналысқан. Герменевтиканың қалыптасуына үлкен үлес қосқан Ф. Шлеиермахер. Ол мәтіндерді ұғындырудың –грамматикалық және психологиялық екі әдісін атайды. Бірінші әдісі арқылы “тілдің рухы”, екіншісінің көмегімен- “автордың рухы ” ашылады. Мәтінді түсіндіру автормен оқырманның арасы жақын болғанда нәтижелі болады. Егер автор оқырманнан алыс болған жағдайда, мәтіннің мазмұны ешқашанда оқылмайды.

Түсіну, ұғыну екі жолмен іске асады: дивинация- шығарма авторының жанына бойлап ену, сезіну, не айтқысы келгенін аңғару:; салыстыру- мәтіннің жасырын мағынасын ашу.

Ғалымдар тарихи деректерге герменевтика әдісін қолданғанда бірнеше факторларды есепке алуы керек. Автор тарихи құжаттың мәтінін жасағанда оның мәдени ортасы, білімі, әлеуметтік жағдайы т.б. факторлар әсер етеді. Сол заманда билік басында кім тұрса, оныңда автордың тарихи құжатына әсері тиуі мүмкін. Соғыс немесе саяси күрес кезінде автор екі оттың арасында қалады, яғни тарихи оқиғаны ештене қоспай жазып шығуға мүдделі және басына қауіп-қатер төнсе тарихи шындық өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан, мәтіннің авторының ішкі дүниесіне терең бойлап, оның образына кіру қажет.

Герменевтикаға философиялық бағыт берген неміс ойшылы Гадамер. Негізгі идеяларын “Ақиқат және әдіс” атаулы еңбегінде мазмұндайды. Философияны Гадамер мәтінді түсінудің амалы деп біледі. Философия обьективті дүниемен айналыспайды, тіпті оны білмейді.

Герменевтикалық әдіс әртүрлі мәтіндерді, ескерткіштерді, мәдени өмірдегі оқиғаларды түсіндірумен шектелмейді, олардың мағынасын ашуға көмектеседі. Біздер, өз заманымыздың мәдениетін білеміз, түсінікті деп ойлаймыз. Шындығында, қазіргі мәдениет мыңдаған жылдардағы адамзат тарихының нәтижесі. Оның түп-тамыры көне тарихта, аңыздарда. Адам өмірінің барысында тәжірибе жинақтайды. Ол тәжірибенің көбі өткен ұрпақтардың еншісі. Өткен ұрпақтың тәжірибесін бүгінгіге, бүгіннен келешекке жеткізу кітаптар-мәтіндер, «тіл» арқылы іске асады. Болмыс – дейді Гадамер адамнан тәуелсіз субстанция – тіл. Адамдар тіл арқылы көмкерілген дүниемен, яғни тілге түсірілген дүниемен істес болады. Біздер тілдің «ішінде өмір сүреміз» және саналы өмірімізде одан бір минутқа шыға алмаймыз – дейді Гадамер.

Тілдің көмегімен заттарды атаймыз, онсыз зат жоқ . Осыдан, философияның лингвистикалық табиғаты диалог (сұхбат) арқылы ашылады.

Сұхбат адамдардың бір бірімен пікір алысуымен шектелмейді, ол мәтінмен интерпретатордың арасына «орналасқан».

Зертеуші, интерпретатор тарихи және әдеби мәтіндерге сұрақ қоя білуі керек, сонда ғана өткен мен бүгінгінің арасындағы сұхбат «сұрақ-жауап» формасында іске асады.

Герменевтер сұхбатты әлеуметтік қатынастың тәжірибесі ретінде бағалайды.

Структурализм, постструктурализм және постмодернизм – ХХ ғасырдың екінші жартысындағы философиялық бағыттар.

Структурализм, постструктурализм, постмодернизм – ХХ ғасырдың екінші жартысында Батыс еуропада таралған жаңа философиялық.

Осы философиялық бағыт философиялық білімнің мазмұнын пәнаралық тұрғыдан қарастырады. Философиялық зерттеудің обьектісі жаңа мағына іздегенде түсіндіруге тұрарлық көрінген мәтін. Мәтін (текст) деп информация алуға болатын, жасырын мағынасы бар көрінген белгілердің жүйесін айтады. Сондықтан осы бағыт зерттеудің дәстүрлі философиялық амалдарынан басқа гуманитарлық ( филология, тарих, саясаттану ) әдістерді қолданады. Осы бағыттың негізін қалаушы Фердинанда де Соссюр. Деконструкция ( лат. de... – бір нәрсені жоқ ету, алып тастау ) принципі. Деконструкция әдеби мәтіндерді зерттеудің ерекше методологиясы ретінде мәтіндердің ішкі қайшылығына, оқырман түгіл автордың өзіне белгісіз ( Деррида оны «ұйқыдағы» дейді)жасырын сырларын табуға талпынады.

Деконструктивизмді сыртынан қарасақ герменевтикалық дәстүрмен байланысты сияқты көрінуі мүмкін. Герменевтиканың мақсаты – мәтінді түсіну және оны түсінудің амалын беру болса, деконструктивизм түсіну факторына онша мән бермейді.

Мәтіннің өзі (формасы жағынан, міндетті түрде мағынасы жағынан емес) мәтіндік формасы бар көрінген мазмұнға шешуші әсер етеді .

Риторика заңдары, метафоралар көркем және ғылыми болсын, көрінген мәтінге әсер етеді. Осының негізінде «нарратив» (баяндау әңгімесі) концепциясы құрылады. Осы теория бойынша дүние «әдеби» дискурс формасында танылуы мүмкін. Жаратылыс тану ғылымдарының өкілдері, мысалы физиктер «ядролық бөлшектердің» тарихы туралы әңгімелейді. Осындай тарихты әңгіме арқылы жеткізу мәдениетке тәуелді, яғни трагедия немесе комедия формасында іске асырылады.

Классикалық структурализмге қарағанда пострктурализм түсіндірудің рационалистік схемасын сынайды. Классикалық структурализм өзінің міндетін бастапқы түсіндіру схемасын іздеумен айланысты. Ондай схемалар алғашқы қауымдық санада болған, бірақ біздерге өркениет жасырып жетпеген. Дегенменде, қазіргі мәдениет құбылыстарын түсіндіре алады. Классикалық структурализмнің нақты ғылымдарға бағышталған сциентистік сипаты байқалды. Поструктурализм, керісінше, адам және дәуір «мәжбүр» еткен түсіндіру схемасын қабылдамайды, өйткені олар бар жағдайда біреулер ойлап тапқан схемаға күшпен енгізуге талпынады. Постструктурализм ойдың еркін шарықтауын қалайды.

Классикалық философия үшін қарапайым сана ағартушылық қызметтің аланы деп есептелсе, ал жаңа ситуацияда қарапайым сана философиялық ізденістердің маңызды обьектісі.

Постструктурализмнің және деконструктивизмнің теориялық алғышартын қалыптастырушысы француз философы және әдебиетшісі Жак Деррида. Оның философиялық жұмыстарының негізі («грамматология») құрылымсыздық идеясы, ал интерпретация деп сөзді ойнатуды айтады. Грамматология бойынша «жазулар» (мәтінді Деррида осылай атайды) ертедегі жазулардың жалғасы. Сондықтан, классикалық философия ойдың өмір сүруінің негізінен айырылып қалады. Осыны ескеріп, Деррида мәтінді дәстүрлі зерттеудің орнына, оның (мәтіннің) құрылымын деконструкциялап логикасын, рационализмін бұзуды ұсынады.

Француз философ Мишель Фуко тарихты зерттеуге көп мән береді. Тарих Фуконың пікірінше бір-бірімен байланысқан құбылыстардың тізбегі емес, керісінше әртүрлі және тұйықталған оқиғалардың кездейсоқ жиынтығы. Классикалық дәстүр тарихты үздіксіз процесс ретінде түсіндіреді. Фуко керісінше тарих өзімен тұйықталған әртүрлі эпистемалардың жиынтығы. Эпистемалардың арасында байланыс жоқ, олар бір-бірін кездейсоқ алмастырады. Эпистема – қарастырып отырған дәуірдің құрылымдық байланыстары, осы дәуірге тән іс-әрекет, ой. Эпистема – Фуконың «Сөздер мен заттар» , «Гуманитарлық білімнің археологиясы» атаулы еңбегінің негізгі ұғымы. Жаңа замандағы Еуропа мәдениетінен Фуко үш эпистеманы бөледі. Олар қайта өрлеу (16ғ.), классикалық рационализм (17-18ғ.) эпистемалары. «Сөздер» мен «заттар» арасындағы қатынас осы дәуірлердің ойлау ерекшелігіне ықпал жасайды.

Швейцар әдебиетшісі Ролан Барт деконструкциясының негізгі ұғымы – автордың өлімі. Егер герменевтикада мәтіннің авторы маңызды болса, деконструктурализмде мәтіннің өзі маңызды, ал авторды ескермеуге болады.

Автордың мәтінге салған мағынасын деконструкивистер іздемейді, керісінше олар көп мағыналығына мән беріп ойдан қосып жалғастырады.




Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет