Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Титриметрия. Қышқыл – негізді титрлеу, редоксиметрия, комплексонометрия тақырыптарына тест тапсырмалары



бет140/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
Титриметрия. Қышқыл – негізді титрлеу, редоксиметрия, комплексонометрия тақырыптарына тест тапсырмалары

1. 0,5М Н3РО4 ерітіндісінің нормальді концентрациясы (н):


А 1,5
В 2,7
С 2,5
D 1,3
Е 2,3
2. Стандартты, титрленген ерітінді деп:
А Титриметриялық анализ әдісінде қолданылатын
концентрациясы дәл анықталған В реагентінің ерітіндісі
В Реакцияға түсетін зат
С Реакция нәтижесінде алынған зат
D Ерітінді дайындауға алынған зат
Е Жауабы В,С
3. 250мл суда 10,00г NaOH еріген, оның титрі:
А 0,04500г/мл
В 0,2500г/мл
С 0,0400г/мл
D 0,20г/мл
Е 0,5г/мл
4. рН=5 кезінде метилоранж түсі:
А тоқ сары
В сары
С түссіз
D қызыл
Е күлгін
5. Индикатор дегеніміз:
А Эквиваленттік нүктені анықтау үшін қажет зат
В Титрлеу үшін қажет зат
С Концентрациясы дәл табылған зат (титрант)
D Фиксaнал
Е Жауабы С, D
6. 5л ерітіндіде неше грамм H2SO4 бар, егер оның 25,00 мл-не 22,00 мл
0,095н КОН ерітіндісі жұмсалса:
А 20,55г
В 20,97г
С 20,19г
D 19,16г
Е 20,48г
7. 0,1М СН3СООН және 0,1М CH3COONa ерітінділерінен тұратын буфер ерітіндісінің рН-ын есепте (Кд=1,82∙10-5):
А 4,75
В 5,20
С 4,80
D 6,24
Е 3,20
8. Қандай затты буфер ерітінділер деп атайды?
А реакцияны тоқтату үшін қолданылатын заттар
В сутегі иондарының концентрациясы сұйытылғаннан, концентрленгенннен, аз мөлшерде қышқыл не сілті ерітіндісін қосқаннан өзгермейтін ерітінділер
С коллоидты ерітінділер түзетін заттар
D титрлеу кезінде түсін өзгертетін заттар
Е Жауабы А,В,С
9. Егер 100мл суды титрлеуге 5,00мл 0,009н НСI ерітіндісі жұмсалса,
карбонатты кермектік нешеге тең?
А 3,89мэкв/л
В 4,50мэкв/л
С 5,05мэкв/л
D 7,30мэкв/л
Е 0,3мэкв/л
10. Мына заттар қоспасы буфер ерітінді болмайды:
А NaOH+HCI
B CH3COOH+CH3COONa
C NH4CI+NH4OH
D Na2CO3+NaHCO3
E HCOOH+HCOONa
11. 0,057моль/л аммиак және 0,1 моль/л аммоний хлоридінен тұратын буфер ерітіндісінің рН-ы (КД=1,76∙10-5):
А 0,05
В 7,20
С 9,00
D 5,00
Е 4,15
12. Титриметриялық анализ негізінде:
А Реакцияға кеткен дәл анықталған реагент ерітіндісінің көлемін дәл өлшеу
В Реагенттің әр компонентін анықтау
С Ерітінді түсінің қоюлығын анықтау
D Индикатор түсінің өзгеруі
Е Индикатордың өзгеру интервалын анықтау
13. Титрлеу үшін қолданылатын ыдыс:
А Цилиндр
В Бюретка
С Бюкс
D Таразы
Е Пипетка
14. Егер сүттің қышқылдығы 17,50Т болса, сүт қышқылының СН3СНОНСООН проценттік концентрациясы қанша (%)?
А 17,5
В 18,18
С 15,75
D 12,45
Е 11,26
15. К2Cr2O7 ерітіндісінің титрі 0,0050г/мл. Осы заттың темір бойынша титрі (K2Cr2O7/Fe) қанша (мг/мл):
A 0,548000
B 0,075000
C 0,005696
D 0,3402
E 0,056
16. Индикатор түсінің өзгеру интервалы деп:
А Индикатор түсі өзгерісі байқалатын рН мәнінің интервалы
В Эквивалент нүкте пайда болған кез
С Реакцияға қатысатын заттар
D Индикаторлық көрсеткіш мәні
Е Аналитикалық көрсеткіш мәні
17. 0,0340г AgNO3 титрлеу үшін 20,00мл HCI ерітіндісі жұмсалса, THCI/Ag нешеге тең (г/мл):
А 0,0085
В 0,0011077
С 0,200000
D 0,02
Е 0,0020
18. 1л HNO3 ерітіндісінін дайындау үшін оның 0,2н ерітіндісінен 50мл алған болса, пайда болған ерітіндінің титрі нешеге тең (г/мл):
A 0,004780
B 0,00063
C 0,0004516
D 0,056
E 0,0014
19. Индикаторлық ∆H+ қатесін есептеу керек (титрлеу қатесін). Егер күшті қышқыл концентрациясы 0,1н көлемі 25,0 мл болса және ол 0,1н күшті негізбен титрлеген. Индикатор ретінде метилоранж алынған (рТ=4) титрлеу рН=4 аяқталады (%):
A 2
B 0,5
C 0,2
D 0,1
E 0,6
20. 0,5н H2SO4 ерітіндісін n(1/2H2SO4) = 0,1г/моль фиксаналынан дайындау үшін қандай ыдыс алу керек?
А өлшегіш колба 50 мл
В өлшегіш колба 200 мл
C цилиндр 100 мл
D цилиндр 1000 мл
Е цилиндр 50 мл
21. Ерітінді титрі мен нормальді концентрациясы арасындағы байланысты көрсететін формула:
A Сн=T∙1000/MЭ
B V1∙Сн 1=V2∙Сн 2
C T=q/V
D pH=14-pOH
E pH+pOH=14
22. Титрдің өлшем бірлігі:
А г
В г/мл
С мл
D н/м2
Е кг
23. Индикатор көрсеткіші рТ=9. Эквиваленттік нүкте рН=7 болады. Күшті
қышқылды күшті сілтімен титрлегенде мына индикаторлық қате орын алады:
А сілтілік
В қышқылдық
С сутектік
D гидроксильдік
Е негіздік
24. Титриметрия әдісіндегі негізгі теңдеу:
А C(HCI) =C(NaOH)
B m(HCI) =m(NaOH)
C V1∙Сн1 =V2∙Сн2
D T =m/V
E C∙T =m∙T
25. 0,1н тұз қышқылының титрі (г/мл):
А 3,65∙10-3
В 3,65∙10-4
С 3,65
D 3,65∙10-2
Е 3,65∙10-1
26. 20мл калий хлориді ерітіндісін титрлеуге 23,53мл 0,02н күміс нитратының ерітіндісі жұмсалған болса, калий хлориді ерітіндісінің нормальді концентрациясы (н):
А 2,53∙10-2
В 0,0025
С 0,002
D 0,02
Е 0,253
27. 20мл калий перманганаты ерітіндісіне 12,00мл 0,05н қымыз қышқылының (Н2С2О4∙2Н2О) ерітіндісі жұмсалған болса, калий
перманганатының нормальді концентрациясы қанша болады (н):
А 0,2
В 0,1
С 0,04
D 0,03
Е 0,5
28. 0,1н 250мл күміс нитратының ерітіндісін дайындау үшін алынған AgNO3 массасы (г):
А 4,2475
В 2,6397
С 6,1174
D 1,2543
Е 2,1246
29. 2,2500г калий дихроматының массасын 250мл өлшегіш колбада суда ерітіп дайындаған, ерітінді титрі (г/мл):
А 0,009
В 0,90
С 0,09
D 0,25
Е 0,22
30. Мына комплекс қосылысындағы K4[Fe(CN)6] комплекс-түзгіш:
А К+
В Fe2+
C Fe3+
D CN-
E [Fe(CN)6]4-
31. Комплекс тұзындағы K[Ag(CN)2] координациялық сан:
А 2
В 3
С 1
D 5
Е 4
32. Титрлеу кезінде әрекеттесетін заттар эквивалентті болған жағдай:
А индикатор көрсеткіші
В нейтралдау нүктесі
С титрлеудің соңғы нүктесі
D эквивалент нүкте
Е титрлеудің алғашқы нүктесі
33. Титриметрия әдісінің салыстырмалы қатесі (%):
А 2
В 0,1
С 5
D 3
Е 4
34. Егер фенолфталеин үшін рТ= 9 болса, индикатор түсі өзгеретін интервал шамасы:
А 9
В 4-6
С 8-10
D 8
Е 9-10
35. Егер тимолкөк индикаторы үшін рТ= 8,9 болса, оның түсі өзгеретін интервал шамасы:
А 7,9-9,9
В 7,9-8,3
С 8,9-10,9
D 8
Е 9
36. Бромтимолкөк индикаторының диссоцация константасы K=1,5∙10-7 болса, оның түсі өзгеретін интервал:
А 5,0-7,6
В 6,8-7,8
С 7,9-8,9
D 8,9-9,9
Е 6,82
37. Лакмус индикаторының рН=5 болғандағы түсі:
А қызыл
В жасыл
С көк
D күлгін
Е түссіз
38. Лакмус ерітіндісі рН-ы мына санға тең болғанда қызыл түске боялады:
А 7,8
В 8,8
С 11,2
D 3,5
Е 8,3
39. Лакмус ерітіндісі рН-ы мына санға тең болғанда көк түске боялады:
А 7,8
В 2,2
С 3,5
D 4,8
Е 5,7
40. Фенолфталеин ерітіндісі рН-ы мына санға тең болғанда қызыл түске боялады:
А 3,0
В 4,5
С 5,5
D 10,4
Е 1,2
41. Фенолфталеин ерітіндісі рН-ы мына санға тең болғанда түссіз болады:
А 3,5
В 7,8
С 8,8
D 12,0
Е 9,8
42. Калий перманганаты ерітіндісінің титрін анықтайтын ерітінді:
А тұз қышқылы
В күкірт қышқылы
С азот қышқылы
D қымыз қышқылы
Е фосфор қышқылы
43. Калий перманганатының қышқыл ортада эквивалент массасын былай анықтайды:
А M/1
В M/2
С M/3
D M/4
Е M/5
44. Мына ортада калий перманганатының тотықтырғыштық қасиеті жоғары:
А қышқыл
В сілті
С негіздік
D нейтрал
Е әлсіз сілтілік
45. Перманганатометрия әдісінде жұмысшы ерітінді ретінде қолдалады:
А натрий сульфаты
В азот қышқылы
С күкірт қышқылы
D тұз қышқылы
Е калий перманганатының ерітіндісі
46. Титрант ретінде қышқыл қолданылса, титриметрлік әдіс былай аталады:
А алкалиметрия
В ацидиметрия
С комплексонометрия
D перманганатометрия
Е иодометрия
47. Титрант ретінде сілті қолданылса, титриметриялық әдіс былай аталады:
А алкалиметрия
В ацидиметрия
С иодометрия
D комплексонометрия
Е перманганатометрия
48. Металл катиондарын комплексонометриялық трилон Б реактивімен титрлеу мына ортада жүреді:
А сілтілік
В қышқылдық
С нейтрал
D аммоний буфері қатысында
Е ацетат қатысында
49. Судың кермектігі мына иондар қатысы әсерінен болады:
А кальций және натрий катиондары
В кальций және магний катиондары
С натрий және калий катиондары
D калий және кальций катиондары
Е барий катиондары
50. Су кермектігінің өлшем бірлігі:
А градус
В моль
С моль/л
D ммоль/л
Е г/л
51. Кальций катионын трилон Б ерітіндісімен титрлегендегі оның эквивалент массасы (г/моль):
А 4,5
В 20,04
С 5,05
D 40,08
Е 12,15
53. Магний катионын трилон Б ерітіндісімен титрлегендігі оның эквивалент массасы (г/моль):
А 12,16
В 24,32
С 4,40
D 36,48
Е 28,68
54. 0,1М НСООН және 0,1М НСООNa ерітінділерінен тұратын буфер
ерітіндісінің рН-ын есептеу керек (Кд = 1,5∙10-4:
А 3,45
В 5,20
С 9,80
D 6,24
Е 3,20




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет