Химия пәнінен олимпиада тапсырмалары 9 класс І тур 9-1-2018



Дата25.11.2022
өлшемі16,53 Kb.
#159847
Байланысты:
Химия п нінен олимпиада тапсырмалары 9 класс І тур 9-1-2018
қазақтың үш биі ашық сабақ, 000550d8-91f74eaf, зауре (копия)

Химия пәнінен олимпиада тапсырмалары 9 класс
І тур
9-1-2018. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар. 5 балл
СаСО3→СаО→СаС2→СО2→С→СО2→Са(НСО3)2→СаСО3


9-2-2018. Көмірсутектер қоспасының жануы. 6 балл
Бутан мен бутин қоспасы жанғанда 88 г СО2 және 30,6 г Н2О түзілген. Бастапқы қоспадағы бутиннің көлемдік үлесін анықтаңдар.


9-3-2018. Пластинка. 7 балл
Массасы 20 г мыс пластинкасы сынап (ІІ) нитраты ерітіндісіне батырылған. Нәтижесінде мыс пластинканың массасы 2,73 г артқан. Бұдан соң пластинка қыздырылып, ол өзінің бастапқы түріне келтірілген. Осы жағдайда пластинка массасы қалай өзгерді ?


9-4-2018. Газдар. 8 балл
Әрқайсысы 0,1 моль мөлшерінде алынған аммонийдің үш тұзы : дихромат, нитрат, карбонат-бір-біріне тәуелсіз термиялық ыдыратуға ұшыратылған. Түзілген газ тәрізді өнімдер алдымен ізбес суы арқылы, содан соң күкірт қышқылы және ең соңында қыздырылған кальций оксидімен толтырылған түтікше арқылы өткізілген. Жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар және газды қоспаның көлемін есептеңдер.


9-5-2018. Металдар қоспасы. 9 балл
Жалпы массасы 29,8 г кремний, мырыш және темір қоспасын натрий оксидімен өңдегенде көлемі 13,44 л (қ.ж) газ бөлінген. Мөлшері тура осындай қоспаға тұз қышқылының артық мөлшерімен әсер еткенде 8,96 л газ бөлінген. Қоспаның құрамындағы заттардың массаларын анықтаңдар.


ІІ тур. Тәжірибелік тур. 15 балл
Бес нөмірленген сынауықта келесі заттар ерітінділері берілген: алюминтй нитраты, барий хлориді, тұз қышқылы, калий карбонаты, күміс нитраты, натрий гидроксиді. Басқа заттарды пайдаланбай қай сынауықта қандай заттардың ерітінділері құйылғанын анықтаңдар. Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.

Химия пәнінен олимпиада тапсырмалары. 8 класс
І тур

8-1-2018. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар. 5 балл
Н2О→Н2→НСІ→ZnСІ2→Zn(NО3)2→ZnО


8-2-2018. Газдар қоспасы. 6 балл
Оттек пен озон қоспасының сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 20-ға тең. Қоспадағы оттектің массалық үлесін есептеңдер.


8-3-2018. Жұмбақ заттар. 7 балл
А затының қара түсті ұнтағы арқылы В газы жіберілген. Сонда қызыл түсті С заты және кең қолданылатын Д сұйықтығы түзіледі. В газы Д сұйықтығының электролизі арқылы да алынуы мүмкін. А,В,С,Д заттарын анықтаңдар.


8-4-2018. Қоспалар. 8 балл
СО және СО2 газдар қоспасының массасы 44 г, ал көлемі 28 л (қ.ж) Қоспадағы газдардың көлемдік үлестерін табыңдар.


8-5-2018. Ауаның тығыздығы. 9 балл.
Ауа құрамы (массасы бойынша) азот 75,6 %, оттек-23,1 %, аргон-1,3 %. Ауаның орташа салыстырмалы молекулалық массасын, оның 2 атм және 300 К кезіндегі тығыздығын есептеңдер.

ІІ тур. Тәжірибелік тур. 15 балл
Бес нөмірленген сынауықта келесі заттар ерітінділері берілген: тұз қышқылы, натрий карбонаты, күміс нитраты, алюминтй нитраты, калий гидроксиді. Басқа заттарды пайдаланбай қай сынауықта қандай заттардың ерітінділері құйылғанын анықтаңдар. Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет