КІРІСПЕ
І. Негізгі бөлім
Психологиялық кеңес беру бағытының ерекшелігі
1.1 Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия жұмыстарының өзара байланыстылығы
1.2 Психологиялық кеңес берудің қағидалары
1.3 Кеңес берушінің ықпал ету құралдары
І І. бөлім
2.1 Отбасына психологиялық кеңес берудің теориялық негіздері
2.2 Психологиялық кеңес беру жұмысының бірнеше бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ата аналарға өткізілетін психологиялық кеңес беру тәсілдері
Кіріспе
Психологиялық қызмет білім беру ұйымдарында өз іс - әрекетін ҚР-ның конституциясымен, заңымен және басқа да нормативтік актіге сәйкес іске асырады. Психологтың қызмет жұмысы Қазақстандық және халықаралық актілердің қатаң бақылауымен және бала дамуын қамтамасыз ететін заңдармен, психологтың этикалық кодексімен негізделеді.
Психологияны өмір тәжірибесінде кең көлемде енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерін адамдардың алдында тұрған қиын мәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмкіндік берді.
Психологтың кеңес беру және психологиялық коррекция жүргізудің технологиясы мен мазмұнын анықтау XIX ғасырдың аяғынан бері зерттелінуде. Соған қарамастан бұл саладағы қызметтің көптеген қыр сырлары әлі толық анықталмаған .
Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері ретінде белгіленетін көптеген тәсілдерді тәжірибеленуші психолог кеңінен пайдаланылуда.
Психологиялық кеңес беру психолог тәжірибесінде бұрыннан бері пайдаланылатын ұғым болғандықтан, ол терминмен психолог қызметінің кең аумағынын бір жақты көрсету қиын. Сондықтан психологиялық білім қолданылатын кез келген салада кеңес беру жұмысы осы қызметті ұйымдастыру формаларының бір түрі ретінде саналады. Кеңес беру жұмыстарының өзі бірнеше бағытта болуы мүмкін кәсіби кеңес беру, ата-аналарға және педагогтарға кеңес беру, басшыларға кеңес беру, мектеп жасындағы балаларға кеңес т.с.с.
Білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық көмек көрсету болып отыр. Бұл сала бастауыш мектеп оқушыларының адаптациядан өтуі, жеткіншектер проблемалары, балалар мен олардың ата-аналарына кеңес беру, жас жұбайлармен жүргізілетін жұмыс, некеге дейінгі кезеңде үйленейін деп жүрген жастарға кеңес беру, жанұя бұзып ажырасушыларға психологиялық көмек сияқты көптеген жеке бағыттардан тұрады.
Психологиялық кеңес берудің негізгі мақсаты – психологиялық көмек көрсету қажеттілігі даусыз екенін дәлелдеп беру, яғни клиентпен әнгімелесу арқылы кеңес сұрап келген адамға проблемаларын шешуге және өзің қоршағандармен ара қатынасын дұрыс орнатуға психолог көмек көрсете алатындығына сендіру. Бірақ бұл психологиялық көмек қалай көрсетілуі керек екенідігіне бір жақты жауап беру оңай емес. Астана қаласындағы орналасқан «Отбасылық Институтында» оқып, көптеген іс-тәжірибе алып, мектептегі ата-аналарға жүргізілген жұмыстарыма, Т.Р.Нұрмұхамбетова «Тәжірибелік психология» ІІ том кітабына сүйене отырып жазылған
«Педагог-психологтың ата-аналарға психологиялық кенес беру жұмысы» тақырыбындағы баяндаманы жазып әріптестеріммен бөліскім келді.
Зерттеу базасы: І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебі Созақ ауданы
1.1 Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия жұмыстарының өзара байланыстылығы
Психологиялық қызмет өз іс – әрекетін психологиялық зерттеу, психопрофилактикалық, коррекциялық, дамытушылық және кеңес беру бағытында жүзеге асады. Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекциялық және психотерапия бір-бірімен тығыз байланысты. Оның үстіне тәжірибеленуші психологтардың өздері бұл салаларды араластырып алып жатады.
Кеңес беру барысында клиентке ықпал етудің басты құралы – жоспарланған әнгімелесу болып табылады. Оның көмегімен тұлғалар арасындағы қатынастарда орын алған неше түрлі қиындықтар мен проблемеларды шешуге бағытталған жұмыс жүргізіледі.
шешуге бағытталған. Бұл жағдайда сананы шектей отырып ықпал жасалатын амалдар кеңінен пайдаланылатын болғандықтан ол тәсілдерді қолдануға өте қатты талаптар қойылады. Себебі, оң нәтижеге жету үшін психологиялық білім мен еңбектің жалпы принциптекрін түсіну жеткіліксіз. Сонымен қатар психикаға терең әсер ету арқылы клиентті сөзсіз илануға жеткізу немесе гипнозға жақындатылған жағдайда сендіру тәсілдерін пайдалану үшін осы тәсілдерді толық менгерген және оларды емін еркін қолдануға шеберлігі жеткілікті болуы керек. Психотерапия мен кеңес берудің айырмашылығы - кең және көп қырлы тақырып. Осыған байланысты, клиентпен жүргізілетін бірінші жұмыс – психологиялық көмектен не күтуге болатындығын және керектігін оған жете түсіндіру. Осы көзқарас тұрғысынан нақты мақсатқа жетуге бағытталған психологиялық кеңес беру көбінесе өзіндік ерекшелікпен сипатталатын, өте ұзақ және терең зерттеуді талап ететін психотерапевтік көмек көрсету жұмысының алғашқы қадамы ретінде қызмет етеді. Кеңес алуға келген адам алғаш рет өзінің өмірлік сәтсіздіктеріндегі өзінің ролі туралы ойланатын және оған шын мәнінде көмектесу үшін психологпен бір немесе бірнеше кездесудің жеткіліксіз екенін түсіне бастайтын жағдайлар болады. Кеңес беру барысында клиент бірден маңызды көмекке сүйене алуы мүмкін екенін анық сезінсе, нәтижесінде алдында тұрған барлық проблемаларды шешу жолдарын тез тауып алуы немесе шытырман жағдайдан шығуы таяу уақытта немесе ешқашан болмауы мүмкін екенін де түсіне бастайды. Клиент өзіне психологиялық көмек көрсетілуі керек екендігін түсінуінің өзі өте маңызды. Проблеманы түсінген адам ондай жағдайға енді душар болмау жолдарын іздейді. Осы тәжірибелік психологияның пайдалану шеңбері кең және көп қырлы мүмкіндіктерінің бар екенінің кепілі бола отырып, әрбір қаралған мәселелерді талдау барысында әр адам өзіне қажетті нәрсені таба алатындығына негіз болады.
Ұрпақ тәрбиесi - ұлт болашағы
Адамның адамшылдығы – ақыл,
ғылым, жақсы ата, жақсы ана,
жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Абай
1.2 Психологиялық кеңес берудің қағидалары
Көптеген психолог мамандар үшін ұстану және іске асыру міндетті болып табылатын өзіндік қағидалары мен талаптары анықталған. Психологиялық қызмет көрсететіндердің міндеттерін анықтайтын этикалық кодекстері бар. Психологтың этикалық кодексі:
1. Қауіп келтірме! Өз білімдеріңді дұрыс қолдана біл.
2. Бағалама! Жағымсыз бағалауларыңды дауыстап айтпа.
3. Адамды сол қалпында қабылдай біл. Психолог алдына келген клиентті түсіне білуге міндетті.
4. Кәсіби құпияны сақтау. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар жайлы ақпараттарды жариялауға қатаң түрде тыйым салынады.
5. Оқушылар мен қызметкерлер бар жерде, жұмыстағы әріптестеріңмен араларыңдағы түсініксіз мәселелерді шешпе.
6. Компетентті бол! Техникалар мен әдістерді жетік білмесең, қолданба.
7. Клиентпен қарым-қатынаста дистанцияны ұстана біл.
8. Клиенттің өз іс-әрекеті мен өміріне деген жауапкершілік құқығынан айырма.
9. Клиентті қате ақпараттандырма! Себебі клиент дұрыс емес шешім қабылдауы мүмкін.
10. Клиенттің әртүрлі психологиялық шараларға қатысуындағы еріктілік принципін ұстан!
11. Өзіңді тұлға және маман ретінде сыйлай біл!
Психологиялық ықпал саласында адамдармен тікелей жұмыс жасайтындар үшін бұл нормалар елеулі шектеулер қояды. Сондықтан психологиялық кеңес беру, коррекциялық тренингтер ұйымдастыру шаралары біздің ортамызда маңызды орын алуда. Олардың қызметінде А.А.Бодалев, В.В.Столин, т.б. ұсынған этикалық талаптар мен қағидаларға сүйене отырып келесі басты қағидалар ұсынылған:
• қарым-қатынас барысында клиентке тілектес болу;
• клиенттің құндылықтары мен нормаларына бағыттану;
• кеңес беруге тыйым салу;
• кеңес берудің анонимділігі;
• жеке және кәсіби қатынастарды шектеу;
• клиентті кеңес беру процесіне кірістіру;
• психологиялық кеңестен өтіп жатқандарға жауапкершілікті өз мойнына алдыру;
• кеңес беруші мен клиент арасындағы қатынасты құру.
1.3 Кеңес берушінің ықпал ету құралдары
Кеңес беруде кәсіби ықпал мүмкіндіктері өте кең және алуан түрлі. Солардың ішіндегі негізгісі, талассыз, клиентпен жүргізілетін вербальдық қатынас, дәлірек айтқанда – кеңес беру әнгімесі болып табылады. Әнгіменің мұндай түрін кәсіби деңгейде меңгеруді нағыз өнер деп айтуға болады.
Клиентпен әнгімелесу
Арнайы тапсырма беру әдіс – тәсілдері
Тілсіз жүргізілетін байланыс түрлері
Психолог – кеңесшінің кәсіптік бағдарға он е р е ж е с і
o Кәсіби кеңес кезінде өзіндік бағаны дамытуға және жеке тұлғаның барлық оңтайлы ( жақсы) қасиеттерін көрсетуге, өзіндік анықталудың объективті дамуына көмектесу керек.
o Кеңес беру кезінде “ сенімділік” жағдай туғызу және кеңесті әдепті, өнегелі түрде айтылуы керек. Жеке адамды – қоғамның қажеттілігі мен талаптарына сай бағыттау керек.
o Психолог әрбір оқушының жеке адам екенін, оның өзіндік жеке ерекшеліктері, қабілеті, мінез – құлық ерекшеліктері бар екенін ескере отырып, оқушының барлық көрсеткіштік мүмкіндіктерін дамыту керек.
o Психолог жалпылап жүйелі түрде жауап ала алатындай етіп сұрақ қояды; ал кеңесші – жауапкершілігін сезіне отырып беруі керек.
o Психолог – жеке адамның барлық комплекстік негіздеріне сүйене отырып, қорытынды жасайды.
Консультация жүргізудің әдептік принциптері:
1. Конфеденциалдықты қамтамасыз ет.
2. Өзіңе шек қойып ұғуды ұмытпа.
3. Клиенттің саған қарай қарағанын керек етсең, солай оған да қара.
Кәсіптік психограмма
Тұлғалық ерекшеліктер, кәсіпті білуі
- Өзгелердің жағдайын түсінуге тырысу, назар аударуы
- Қарым-қатынасқа бейімділік, жылы шырайлылығы
- Жетекші болуға қабілеттілігі
- Әдептілігі, сыпайылығы
- Дұрыс ақыл-ойымен басқаруы
- Жарқын жүзділігі
- Шыдамдылық, төзімділік
- Үлкен жауапкершілікті сезуі
- Әр түрлі жұмыстарды толық орындау қабілеттілігі
- Еңбек іс-әрекетіне ынтасы
-- Жаңа идеяларды тез игеруі, пікірдің өз еркінділігі
- Жұмыс барысындағы ұқыптылығы және реттілігі
- Өз болашағын жоспарлауға қабілеттілігі
- Өз ойын еркін айтуға қабілеттілігі , есте сақтауы
- Өзгелерді оқытуға қабілеттілігі
- Ауруларға қамқорлық жасай білуі
- Бейтаныс адамдарға қамқорлық жасай білуі
Отбасы – отанымыздың ошағы.
Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп,
қалыптасады. Отанға деген ыстық
сезім - жақындарына, туған -
туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
2.1 Отбасына психологиялық кеңес берудің теориялық негіздері
Отбасына кәсіптік әлеуметтік – психологиялық көмек көрсетудің негізін құрғандар – психиатрлар мен психотерапевттер. Отбасына кеңес берудің психологиялық моделің психоанализ негізінде пайда болды. Оны құрушылар теориялық көзқарастарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді.
1. Психодинамикалық көзқарас М.Боуен, М,Ульрих
2. Бихевиористік көзқарас Д.Тиболт, Г.Кеңлей
3. Гуманистік көзқарас К.Роджерс
4. Психологиялық кеңес берудің моделі В.Кемплер
5. Құрылымдық моделі С.Минухин
6. Кеңес беру моделінің стратегиясы Дж.Галлей
Отбасылық кеңес беру процесін шартты түрде 5 фазаға бөлуге болады:
1. Байланыс орнату;
2. Проблемаларды анықтау;
3. Іс-әрекет фазасы;
4. Шешім қабылдау фазасы;
5. Кері байланыс фазасы;
Тиімді отбасылық кеңес берудің шарттары
Психолог клиентпен белгіленген бір уақытта кездесіп, оның проблемалары бойынша және кеңес берудің жүруі бойынша пікір алмасады.
Психолог кеңес алушының құқығы н құрметтейді, кәсіби қарым-қатынас жасау шараларын шамасы келетіндерімен шектейді. Психолог клиенттің өзінің мәселері бойынша шешім қабылдауға қабілетті екеніне сезінеді.
Психолог клиентке үлкен сенім артатынын сөзбен немесе басқа да бір әдіспен жеткізеді, оны эмоцияналды түрде қолдайды және өзінің тілектестік сезімін білдіруі арқылы оған өзінің қиындықтарын айтқызады.
Психолог кеңес алушының жағдайын қызығушылықпен тындап, оның проблемаларын обьективті анықтау үшін кеңес алушының «ізімен жүріп», терең және жан жақты түсініп алады.
Психолог клиент алдында тұрған проблемалар туралы қорытынды мен ұсыныс беруге асықпайды, ол кеңес алушыға ыңғайлы жағдай туғызуға ғана асығады.
Психолог клиенттің әр қадамына ырзашылығын білдіріп, оны өзімен бірге қосылып проблеманы шешу жолында қызмет жасауға шақырады.
Психолог клиентке барлық мәселені жан-жақты талдап, оның себептерін толық түсінуге және проблемаларды бірлесіп шешуге ұмтылады.
Тиімсіз отбасылық кеңес берудің көрсеткіштері
Психолог пен клиент кездесулері уақытында өтпейді.
Психолог клиентпен айтарлықтай байланыс орнатпайды.
Психолог кеңес алушыны «көрмейді», «естімейді» және «сезбейді». Ол өзінің айтқандарына ғана көніл аударады. Кейде клиенттің «аузын ашқызбай» тек өзі сөйлейді. Кеңес алушыға шағымдары бойынша қатал ескертулер жасап, оның қылықтарын жамандыққа жориды. Кеңес алушыны әшкерлеуге тырысады немесе моральдық талаптарға жүгіндіреді.
Кеңес алушыға өзінің шешімін зорлап міндеттеп береді, асығыс кеңестер мен ұсыныстар береді.
Кеңес алушымен дауласумен аяқталған кездесу болашақта клиентті шындықты жасыруға немесе психологиялық көмектен бас тартуға мәжбүр етеді.
Бастапқы гипотезаны қатаң ұстанады. Диагнозды нақты қояды және емдеудің нақты жолдарын ұсынады.
Сонымен отбасына психологиялық кеңес беру жұмысы оның жүргізуді негіздейтін түрлі теориялық көзқарастарға сүйенеді. Отбасылық кеңес берудің мазмұны мен оның түрлері отбасы мүшелерінің жас шамаларына және психологиялық даярлығына қарай бағдарланады.
2.2 Психологиялық кеңес беру жұмысының бірнеше бағыттары:
1) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша консультация беру;
2) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу;
3) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету;
4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру.
5) білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық кеңес берудің ең көп қолданатын саласы мектеп оқушыларына және олардың ата – аналарына кеңестер беріледі.
6) Баланың психологиялық дамуын шешу мәселесі бойынша
7) Психологиялық көмекті қажет ететіндерге дер кезінде қажетті іс – шаралар жөнінде
8) Ата – аналарға балалармен ара қатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша
9) Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым – қатынас бойынша
10) Сұраныс бойынша баланың арнайы қабілетіне жеке тұлғалық ерекшелігіне, интеллектуалдық дамуына диагностика жүргізу және ата- аналарға бағыт беру және т.б.
Психологиялық кеңес – диагностикалық негізде туындайды.
1. Кәсіби кеңес кезінде міндетті түрде мамандыққа қажетті көрсетулер және кері көрсетулер, сонымен қатар осы процедураны орындау үшін болжаудың (диагностиканың) әр түрлі әдістері болу керек.
2. Кәсіби кеңес кезінде өзін - өзі бағалауды дамыту және жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін көрсету, өзін - өзі обьективті анықтауға көмек көрсету.
3. Барлық ұсыныстарды нақты әрі әдепті түрде беру, кеңесті сенімді жағдайда өткізу. Қоғам талаптарын ескере отырып жеке тұлғаның күшін нақты іске бағыттау қажет.
4. Психолог әрбір оқушының қабілеті мен мінез ерекшеліктері бар жеке тұлға екеніне көз жеткізе отырып, оқушының потенциалды мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатындықтарын сенімді болу керек.
5. Психолог жауаптарын жүйелеп қорытындылай келе, нақты сұрақтар қоя алады, осының негізінде кеңестер береді.
6. Психолог жауаптарында жеке тұлғаны кешенді зерттеу негізінде (өмірбаяны, басынан өткен оқиғалар, анкета сұрақтарына жауабы,
бақылау көрсетулері, дәрігерлік диагноз, психодиагностика қорытындылары) қорытынды жасайды.
7. Жеке тұлғаға кеңес бергенде соңғы мәліметтеріне баса назар аудару керек.
8. Кеңесші өзіне қажетті тәжірибелерді жан – жақты зерттеуі керек, оқушының кемшіліктерін, мінезінің жайсыз жақтарын түсіндіріп оларды түзету жолдарын көрсету қажет.
9. Оқушының интеллектуальды және эмоциональды ортасына ықпал жасап, әрдайым оның психологиялық жағдайын ескеру керек. Оның мақсаты - әңгімелесушінің сөзін түсіне отырып, түсінікте болу.
Осы негізде ата – аналар мен педагогтарға кеңес береді, педагогикалық – психологиялық насихат, психокоррекциялық жұмыс жүргізіледі
Психологиялық қызметте кеңес беру бағыты бойынша қызметкерлер нақты міндеттерді шешеді:
1.Оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне, мұғалімдерге, тәрбиешілерге, ата-аналарға, мастерлерге балаларды оқыту және тәрбиелеу және бірлесіп жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңестер береді.
2.Балаларға оқу, жетілу, өмірлік және кәсіби өз-өзін анықтау, ересектермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынас, өз-өзін тәрбиелеу және т.б. мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес беріледі.
3.Жеке және топтық кеңес беру арқылы педагогикалық кеңестерге, әдістемелік бірлестіктерге, жалпы мектептік және кластық ата-аналар жиналысына қатысып, дәріс оқу арқылы педагогтардың, ата-аналардың, мастерлердің, қоғамдық өкілдердің психологиялық мәдениетінің жоғарылауына септігін тигізеді.
4. Бала тағдырында мүмкін болатын өзгерістерді (арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне жіберу, ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу ж.т.б.) анықтауға байланысты сәйкес инстанциялардан дұрыс шешім шығару мақсатында, халықтық соттың, қамқорлық көрсету ұйымдарының сұранысы бойынша баланың психикалық жағдайы, психикалық даму ерекшеліктері туралы сұрақтар бойынша шешім қабылдаған кезде кеңесші-сарапшы ретінде кеңес береді.
5.Өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша нақты балалар мекемесіндегі тәрбиелеу жағдайларын балалардың жас ерекше-ліктеріне сәйкестендіріп, психологиялық ерекшеліктерінің негізінде оқу-тәрбие шараларын жоспарлауға кеңесші ретінде қатысады.
Психологиялық қызметті жүргізуші психолог-мамандардың құқықтары:
1. Мектептің ерекшелігіне байланысты жұмыстың тиімді бағыттарын анықтауға құқылы.
2. Оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың нақтылы міндеттерін белгілеп, жұмыстың әдістері мен түрлерін таңдауға құқылы.
3. Психологиялық қызметтің ережелеріне қайшы келген жағдайда әкімшіліктің бұйрығынан бас тартуға құқылы.
4. Оқушылардың тағдырын шешуге байланысты құрылған комиссиялар мен түрлі ұйымдардың жұмыстарына кеңесші дауыспен қатысуға құқылы.
5. Мектептегі қажетті құжаттармен танысуға, дәрігерлік мекемелерге тапсырыстар беруге құқылы.
6. Зерттеулер мен тәжірибелер жүргізуге, психологиялық диогностика мен түзету жұмыстарының жаңа әдістерін өз тәжірибесінде қолдануға, олардың тиімділіктерін анықтауға құқылы.
7. Мектеп әкімшілігімен келісу арқылы жоғары органдардың алдына оқушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған сұраныстармен шығуға құқылы.
8. Мектеп оқушыларының кәсіби мүмкіндігін анықтау мақсатында кәсіптік бағдар беру орталықтарымен байланыс жасауға құқылы.
Қорытынды
Психологиялық қызметтің мақсаты – білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Отбасылық кеңес беру – бұл отбасылық терапияның бір түрі, оның өзіндік терапевтикалық қатысудың ерекшелейтін белгілері мен шектері бар. Отбасылық кеңес беру, отбасылық терапиямен бірге параллельді дамып, бір–бірін өзара байытты. Отбасылық кеңес берудің алдында тұрған мақсаты – отбасындағы әрекеттестікті өзгерту мен жеке тұлғалық өсу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу болып табылады. Психологиялық кеңес берудің негізгі мақсаты : психологиялық көмек көрсету қажеттілігі даусыз екенін дәлелдеп беру, яғни кенеттен әңгімелесу арқылы кеңес сұрап келген адамға проблемаларын шешуге және өзін қоршағандармен ара қатынасын дұрыс орнатуға көмек көрсету.
Психолог – кеңесінің жұмысы жемісті болу үшін әрбір жанұядағы жанұялық теорияны ондағы бағытты, жұмыс техникасын өзінше жорамалдап қоймай жанұяның өзіндік концепциясын ұғынып, өзі жұмыс істейтін жанұяда қандай мәдениеттің басымырақ екенін түсінуі қажет. Жанұяға еніп кеткен мәдениет екінші бір тері сияқты: біз онда дағдылы түрде өсеміз де оның бар екендігін байқамай да қаламыз. Дегенменде оның біздің мінез-құлқымызға әсері көп екеніне таң қалмауға да болады. Бұл біздің жатырда пайда болғаннан бастап өміріміз, яғни, анамыздың жүкті кезінде өзін қалай сезінгені, нәресте кезімізде бізді қалай күтті, бізді оқытқанмен өсіп жатқандағы тіл мен дыбыстар”.
Сонымен қатар баланың өзіне сенімсіздігі, сәтсіздікке ұшырауы ата-ананың ұстанымының дәлелсіздігіне байланысты бала өмірінде неше түрлі қиындықтар мен проблемалар орын алуына негізделген болуы мүмкін. Бірақ кеңес алуға келген клиент ата-ана болғандықта, кеңес берушінің басты назары оның жеке күйзелістерін шешуіне көмектесуге, бала үшін күйзелуі қаншалықты дұрыс екенін анықтауға бағытталуы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 528 Бұйрығы.
2. Т.Р.Нұрмұхамбетова «Тәжірибелік психология» IIII - бөлім
3.Сұлтанова Ғ.Т. «Мектеп психологының жұмыс кітабы» әдістемелік көмекші құрал
4. С.Нұржанова Жалпы және балалар психологиясы
5. Мектептегі Психология в школе журналдары