I нұсқа 10-сынып информатика Ақпарат термині латын тілінің «informatio» сөзінен аударылғанда қандай ұғымды білдіреді?



бет1/4
Дата26.09.2022
өлшемі92 Kb.
#150769
  1   2   3   4
Байланысты:
I í?ñ?à 10-ñûíûï èíôîðìàòèêà À?ïàðàò òåðìèí³ ëàòûí ò³ë³í³? «info
Новый документ в формате RTF, Новый документ в формате RTF, картинки

I нұсқа 10-сынып информатика


1. Ақпарат термині латын тілінің «informatio» сөзінен аударылғанда қандай ұғымды білдіреді?
A. баяндау, түсіндіру, мәлімет
B. есептеу, мәлімдеу
C. орындау, өңдеу
D. сақтау
2. Ақпараттық процестер - бұл...
A. Ақпаратты жинау, сақтау
B. Ақпаратты жинау, түрлендіру, беру, қабылдау, сақтау, жеткізу.
C. Ақпаратты беру және сақтау
3. Адам қабылдайтын ақпарат түрлері:
A. жүйелік, қолданбалы
B. бейнелі және таңбалы
C. жасанды және табиғи
D. дыбысты, дыбыссыз
4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз –
A. құрастырылған алгоритмді басқарушы субъект немесе нысан
B. мәтінді өзгертуге арналған программа пакеттері
C. құжаттарды құруға арналған программа пакеттері
D. процедуралар
5. Алгоритм –
A. базалық немесе жүйелік, қызметтік, қолданбалы түрінде орындау
B. программа пакеттері
C. орындалатын іс - әрекеттің немесе есептің нәтижеге жету жолын реттелген тізбектер түрінде орындау
D. ЭЕМ - ге қажетті программалар
6. Енгізу құрылғыларына не жатады?
A. принтер, дисплей, графиксалғыш
B. пернетақта, джойстик, өлшеу аспаптары
C. пернетақта, тышқан, сканер
D. монитор, пернетақта, дыбыс колонкасы
7. Қазіргі кезде кең таралған операциялық жүйе
A. MS - DOS
B. Windows
C. Filka
D. MS Word
8. Компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысынұйымдастыратын программалар жүйесі
A. Антивирус
B. Операциялық жүйе
C. Командалық жүйе
D. Компьютер
9 . «Алгоритм» атауы қайдан шыққан?
А) Мұхаммед әл-Хорезми атының латынша айтылуынан 
В) Латынның algor сөзінен
С) Мұхаммед әл-Хорезми атының арабша айтылуынан
Д)әл-Фараби атының латынша айтылуынан
10. Алгоритм дегеніміз не?
А)Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысында орындалатын әрекеттері
В) Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар
С)Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысындағы ретімен орындалатын түсінікті дәл ұйғарым
Д) Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып жұмыс жасау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет