І. Сұрақтарға жауап Психиатрия қандай ғылым, нені зерттейді?



Дата26.01.2022
өлшемі22,09 Kb.
#114962
Байланысты:
файл
файл

І. Сұрақтарға жауап
1. Психиатрия қандай ғылым, нені зерттейді?
Психиатрия - адам психикасының бұзылуының шығу себептерін, патогенезін, клиникасын, емдеу мен аурудың алдын алу әдістерін зерттейтін ғылым.Грекше: - «психе» - жан және «иатрио» - емдеу деген сөздердің қосындысы. Адам жанын емдеу.

2. Жалпы психиатрияның негізгі міндеті қандай?


Психиатрия - клиникалық медицинаның бір бөлігі, оның міндеттері-психикалық аурулардың пайда болуын, клиникалық көріністерін зерттеу, емдеу мен алдын алу. Жалпы психиатрияның негізгі міндеті – белгілі бір психикалық ауруларға тән жекеленген белгілері мен синдромдарын, басқаша айтқанда, осы белгілердің тіркескен заңдылығын зерттеу.
3. Кәсіби этикалық Кодекс принциптері қандай?​
1994 жылы психиатрлардың кәсіби этикалық Кодексі қабылданып, онда негізгі этикалық қалып, ережелер қабылданды:
-автономиялық принцип – тұлғаны сыйлау, оның тәуелсіздігіне, таңдаған жолына араласпау;
-залал келтірмеу принципі – арнайы, тіке және басқа біреулер арқылы ауруға кесел келтірмеу;
-қамқорлық принципі – әрқашан аурудың мүддесін қорғау;
-әділеттілік принципі – дәрі-дәрмектерді ауруларға алаламай бөлу, тең бөлу.

4. Ауруханадан тыс психиатриялық көмекті көрсететін мекемелерді сипаттаңыз.


Ауруханадан тыс психиатриялық көмекті көрсететін мекемелер:
-психоневрологиялық диспансер;
-диспансерлік бөлім;
-психиатриялық кабинет;
- күндізгі стационар.
Психоневрологиялық диспансер – бұл емдік-профилактикалық мекеме, ол психикалық ауруларды ерте анықтауға, науқастарды бақылауға, емдік көмек көрсетуге, науқастардың еңбек-әлеуметтік жағдайын жақсартуға, сонымен қатар ауруды зерттеп, оның себептерін анықтауға, аурулардың алдын алуына, санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуге арналған. Диспансер психоздармен ауыратын, шекаралық жағдайлардағы, бас миы органикалық зақымдалған және басқа да психикалық бұзылыстары бар науқастарға ауруханадан тыс көмек көрсетеді.
Жедел көмек арқылы ауруханаға жеткізілген ауруларды дәрігерлерден құрылған комиссия қарап, психиатриялық емнің қажеттігі туралы қорытынды жасайды. Мас адамдарды, психопаттарды, психикалық қызметі шекаралық түрде бұзылған адамдарды жедел түрде ауруханаға орналастыруға болмайды.Күндізгі стационар – ауруханадан тыс психиатриялық көмек беретін аралық мекеме. Ол амбулаториялық еммен бірге ауруханалық стационардағы толық көлемдегі емді жүргізеді. Күндізгі стационарлар психоневрологиялық диспансерлер мен диспансерлік бөлімдерде ұйымдастырылады. Оның міндеттері: белсенді терапияны қажет ететін психикалық науқастарды емдеу, стационардан шыққан науқастардың емін жалғастыру, әлеуметтік-еңбектік реабилитация жүргізу.
5. Симптом дегеніміз не?
Жалпы психопатологияның негізгі бірлігі – симптом. Симптом - бұл патологияға бағытталған әртүрлі науқаста қайталанатын феномен, соңында дезадаптацияға әкелетін психикалық үдерістерінің қалыпты ағымынан ауытқуы. Симптомдар синдром құрылымында орналасуына байланысты ажыратылады, олсиндром туғызатын облигатты белгі ретінде жеке шығуы мүмкін.

6. Синдром дегеніміз не? Синдром түрлерін атаңыз.


Психикалық ауру ежелден бері, әдетте, жанның ауруы деп аталады. Бұл аурулар қалыпты психикалық денсаулыққа және адамның жұмысына тікелей қарсы әрекеттерден көрінеді. Ең қауіпті психикалық аурулар (шизофрения, эпилепсия, абстиненция синдромы кезеңіндегі алкоголизм) науқас өзіне және басқаларға зиян келтіруі мүмкін психозға әкеледі.
Психикалық аурулардың түрлері.
Психикалық аурулардың жіктелуі екі үлкен топ түрінде ұсынылған:
1. Эндогендік психикалық бұзылыстар. Ол көбінесе генетикалық ішкі факторлармен байланысты болады (шизофрения, биполярлық бұзылу, Паркинсон ауруы, қартайған деменция, жасқа байланысты функционалды-психикалық бұзылулар);
2. Экзогендік психикалық аурулар. Ол сыртқы факторлардың әсерінен мінез-құлықтың бұзылуы - реакциялық психоздар, невроздар(краниоцеребральді жарақаттар, ауыр инфекциялар).

7. Психикалық ауруларды зерттеудің қандай әдістері бар?​


Ең көп тараған психикалық аурулар бұрыннан бері мамандар тарапынан зерттелді, бірақ кейде аурудың ауытқулар себебін анықтау қиынға соғады. Дегенмен ауру дамуының бірқатар табиғи факторлары немесе тәуекелдері бар. Олар:
-қолайсыз орта;
-тұқым қуалаушылық;
-сәтсіз жүктілік;
-краниоцеребральды жарақаттар;
-бала кезіндегі зорлық-зомбылық;
-нейродиоксикация;
- ауырпсихоэмоционалдықжарақаттар.

8. Клиникалық әдіс не үшін қажет?


психикалық аурулар диагностикасында негізгі әдіс болып табылады. Ол науқастың паспорттық мәліметтерінен, шағымдарын анықтау, анамнездік мәліметтерін жинау, соматикалық және неврологиялық тексерулер, психикалық жағдайын зерттеу үшін.

9. Сұрау әдісі​ кезінде нелерді ескеру керек?


Клиникалық зерттеу кезінде дәрігерге психикалық науқастармен белгілі дағдыларды қажет ететін тіке қатынасқа түсуіне тура келеді. Егер дәрігер науқасты тиянақты түсінушілікпен тыңдаса, ол өз күйзелісін аша түседі, психикалық патологияны анықтау оңайға түседі. Науқастың сөздеріне күлуге, оның сандырақтық ойларына сөз таластыруға, ауру диагнозы жайлы анықтама беруге болмайды, науқаспен достық, еркін тақырыпта әңгімелесуге болмайды. Науқаспен және оның туыстарымен жеке сөйлесу керек, әңгіме мазмұны басқа науқастарға мәлім болмауы керек.
10. Субъективті және объективті анамнез түрлеріне сипаттама беріңіз.
Анамнезді тек аурудың сөздерінен ғана емес, сонымен қатар басқа да науқасты танитын адамдардан да жинаған дұрыс. Науқаcтан жиналған анамнез (субьективті анамнез) есте сақтау, сана бұзылуында, сандырақ жағдайларында, диссимуляция кезінде дұрыс мәлімет бермеуі мүмкін. Науқас кейде өзінің туысқандарындағы бар психикалық аурулар жайында, балалық шағының ерекшеліктері жөнінде, басынан өткерген соматикалық аурулары, бас-ми жарақаттары, орын алған талмалар, ұстамалары жайында біле бермейді. Мұндай жағдайларда туыстарын, достарын, көршілерін сұрастыру қажет – мұны​ объективті анамнез​ деп атайды. Обьективті анамнезді науқастың қатысуымен жинауға болмайды.

11. Науқас шағымдарын анықтау, анамнез жинау дәрігерге қандай көмек береді?​


Науқастан сұрай отырып дәрігер оның қойылған сұрақтарға көрсеткен реакциясына, жүріс-тұрысына, мимикасына көңіл аударады. Бұл тексерудің маңыздылығы ауруды сұрастыру қиындаған жағдайда, яғни ступор сананың өзгерген жағдайында, естің дөрекі бұзылыстарында, негативизімде және диссимуляциялық жағдайларда артады. Сұраудың және бақылаудың нәтижесінде дәрігер аурудың психикалық жағдайын суреттеп көрсетеді.
12. Өмір анамнезін жинауда нені ескеру керек?
Өмір анамнезін жинауда, ең алдымен, тұқым қуалаушылық мәселесін айқындау керек – ата–анасының және жақын туыстарын психикалық денсаулық жағдайын, жеке бас ерекшеліктерін толық анықтап алу керек. Туыстарына қатысты психикалық ауруларды толық сипаттау керек. Тұқымында өзіне-өзі қол жұмсағандар, оғаш жүріс-тұрысты, ақыл-ой кемістігі бар адамдар, ұстамалары бар адамдар, наркомания және алкоголизммен зардап шегетіндер, тұқым қуалайтын соматикалық аурулары бар адамдар бар-жоғын анықтау қажет. Ерте даму кезеңін анықтауда анасының жүктілік кезіндегі денсаулығын анықтау керек, босанғанда жарақат болған-болмағандығын, қандай жағдайда, қалай өскенін, тәрбиесін, қай жаста тілі шыққаны, жүргені, мектепке барғаны жайлы сұрау керек. Егер дамуында кедергі болса немесе дамуы бір қалыпты болмаса (мысалы, жасына сай емес әуесқойлық), осылардың барлығы ерекше тіркелуі керек. Балалық шағында ұйқы кезінде жүру, қорқыныштар, кекештену, энурез болған-болмағаны жөнінде білу қажет. Науқас қай жерде, қалай оқыды, қандай қызығушылықтары болды, қабілеттілігі, тәртібі анықталып, жыныстық даму кезеңі, осы кездегі мінез-құлқы мен жүріс тұрысындағы ерекшеліктерін анықтау керек.

ІІ. Тест
1. Төменде аталғандардың қайсысы психогенді бұзылысқа жатпайды?

б) индуцирленген сандырақ:

2. Науқастың санасын толық билейтін, шындыққа сәйкес келмейтін және коррекцияға жатпайтын патологиялық негізде дамитын ойларды қалай атайды?

в) сандырақтық;

3. Шұғыл әскери қызметтегі 18 жасар сарбаз (солдат) кезекшілікте тұрғанда аяқ астынан қаруын жерге лақтырып, киімдерін үстінен шеше бастаған және жасалған ескертуге мән бермеген. 3 минуттан кейін өз-өзіне келіп, үстіндегі шешілген киіміне қарап, таң қалды.


Аталған болжам диагноздардың қайсысына тән болуы мүмкін?

г) сананың қарауытқан бұзылысы;.

4. Бала кезінен ерке өскен, әжесінің сүйіктісі болған 22 жастағы қыз мектепте сәнді киініп, шашын ашық түске бояп, шылым шегуді бастаған. Бәрін өзіне қаратуға тырысқан, «ешкімге бағынбайтынын» көрсеткен. Сыныптастары оның ешкімге «тәуелсіз» екеніне «таң» қалса, бұл оның қанағаттану сезімін тудырған. Достарының ортасында өзін басты рөлге қойып, әртүрлі сыйлықтар жайлы, шетелдік достары туралы болмаған эффективті оқиғаларды ойдан шығарған
Аталған болжам диагноздардың қайсысына тән болуы мүмкін?

б) истериялық психопатия;



5. 47 жастағы ер адам әйелінің өлімінен кейін көңіл күйі жабырқаулы. Жоғалтқан жақын адамының бейнесі оның көз алдына келеді. Бірлесіп өмір сүрген кездері жөніндегі ойлар жаулап алған. Науқас әйеліне мұқият қарамағаны үшін өзін кінәлайды. Ұйқысы бұзылған, еңбекке қабілеттілігі төмендеген.
Аталған болжам диагноздардың қайсысына тән болуы мүмкін?

б) реактивті депрессия;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет