I. Тіл сабағында көрнекі құралдарды пайдалану әдістемесінің



бет1/5
Дата08.11.2023
өлшемі50,58 Kb.
#190515
  1   2   3   4   5
Байланысты:
батп курси
Мейрқұл А пед, пед курс

МАЗМҰНЫ
Кіріспе...................................................................................................
I . Тіл сабағында көрнекі құралдарды пайдалану әдістемесінің
ғылыми-теориялық негіздері
1.1. Тіл сабағында көрнекі құралдарды пайдалану әдістемесінің
зерттелуі............................................................................................
1.2 Көрнекіліктердің түрлері.............................................................
1.3. Қазақ тілін көрнекі құралдар арқылы оқытудың педагогика-психологиялық негіздері.....................................................................
Қорытынды............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................



3
4-12
12-15
15-18
19
20-21



КІРІСПЕ
Курстық жұмысының өзектілігі: Мектеп реформасы оқу пәнінің мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін одан әрі жетілдіру, мектептің өмірімен байланысын нығайту мәселелерін өзара тығыз бірлікте қарастыруды міндеттеп отыр. Сондықтан да орта мектептің жетілдірілген бағдарламасы сабақ барысында тиімді әдіс – тәсілдерді кеңінен қолдануға айрықша маңыз береді. 
​Сондай әдістердің бірі – оқушылардың байқау, есту, тыңдау, көру қабілетінің ерекшеліктерін ескеретін көрнекі құралдар. 
Кейбір мектептердегі оқыту сапасының төмен болуы осы көрнекілік құралдарға тиісінше мән бермеуге байланысты екенін тәжірибе көрсетіп жүр. Көрнекілік құралдар мұғалімдердің шығармашылық ізденісін, әдістеме жаңалықтарына сергектікті, оны сабақ өткізу барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. 
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 8-бабында айтылғандай: «Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту және оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу» -деп көрсетілгендей көрнекілік құралдар арқылы оқыту баланың шығарма мазмұнын көз алдына елестету, қайта жаңғырту қабілетінің дамитынын, бейнелі ойлау, ой дербестігінің пайда болатынын көрсету. Көрнекілікқұралдар арқылы оқытылған білім мен тәрбиені оқушы көру, есту қабілеті арқылы бірден зейін аударып, есінде ұстап қалады, байқағыштыққа төселеді және баланың қабылдауын жеңілдетеді, ойының айқын болуын қамтамасыз етеді, естіген, көрген және оқығандарын ұмытпауға, берілген білімді саналы меңгеруге баулиды. Сонымен қатар көрнекілік құралдар арқылы оқыту оқушылардың эстетикалық талғамын шыңдайды, қызығу, сүйсіну, еліктеу сезімдеріне үлкен әсерін тигізеді. 
Қазіргі кезде мектеп реформасы талап етіп отырғанындай, білім беру құрылымын жетілдіру, оқытудың тиімді формалары мен әдістері, көрнекілік, техникалық құралдарды неғұрлым кеңінен қолдану міндеті қойылып отыр. Сондықтан жеткіншек ұрпаққа ғылым негіздерінен терең де тиянақты білім беруде, оларды тәжірибелік істерге жаттықтыруда көрнекілік, техникалық құралдардың орны айрықша деп айтуға болады. Осы жоғарыда айтылған мәселелердің бәрі орта мектепте көрнекілік, техникалық оқу құралдарын қолдану мәселесін ғылыми тұрғыда жан – жақты зерттеудің өзектілігін айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет