Қылыш Сымбат Юриспруденция(кнр)-21-1к Жастардың бәчекеге қабілетті маман болуы. «Заман өзгерді, сен де өзгер»



Дата22.04.2022
өлшемі18,19 Kb.
#140404
Байланысты:
Жастар Қылыш С


Қылыш Сымбат
Юриспруденция(КНР)-21-1к
Жастардың бәчекеге қабілетті маман болуы.

«Заман өзгерді, сен де өзгер», Абай


Бүгінгі ұрпақ - еліміздің ертеңі. Сондықтан бәсекеге қабілетті, білімді де білікті маман даярлау мәселесі басым бағыттардың бірі. Елбасы жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында білім беруді дамытуға айырықша көңіл бөледі. Бұл саланы жаңғыртуда үлкен жұмыстар тындырылды. Енді басталған істі жалғастыру міндеті тұр.


Бүгінде елімізде білімнің сапасын арттыруға ерекше мән беріліп отырғанын айту керек. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр » деген болатын . Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнін терең біліп қана қоймай ,тарихи танымдық,педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп,оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болған да ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде саналады. Ұстаз – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Оның негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады.Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор,бақылаушы,тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші,зерттеуші, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Оқушы жүрегінен орын алатын педагог рухани бай, зиялы және шығармашыл тұлға болуы қажет.Ең керемет деген педагогты есіңе түсіргенде оның тұлғалық бейнесі көз алдымызда ең бірінші тұрады. Ал кәсіби қасиеті екінші орында болады.Педагог өз пәнін жетік – жоғары деңгейде, жан-жақты білгенде ғана шәкірт дайындай алады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында«Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керек» деп атап көрсетілген.
Ағартушы – ғалым А. Байтұрсыновтың : « Бала оқытуын жақсы білейін деген адам – әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білу керек» - деген сөздерімен түйіндегім келеді. Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» - деп атап көрсетуі педагогикалық үдерістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап ететіндігін көрсетеді. — Сапалы білім беру — «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімдік даму стратегиясының маңызды алғы шарттарының бірі. 
Елдің бәсекеге қабілетті болуы, әрбір азаматтың дарында әрі білімді болуы деген сөз. Сауаттылық сананы игеру ғана емес, сонымен қатар өз болмысың мен күшіңді көрсете білу.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың нақты бәсекелікке бастайтын үш бағдарламасын қолдау және игеру арқылы, біз жетістіктерге жете аламыз. «Цифрлы Қазақстан». «Үш тілде білім беру». «Мәдени және конфессияаралық келісім». Аталған үш бағдарламаның ішінде «Үш тілде білім беру» жүйесі іске асу үстінде. Мектеп, жоғары оқу орындарында үш тілде білім беру, көп тілді меңгеру жан-жақты талқылануда. «Қанша тіл білсең, сонша адамсың» деп айтқандай, тілмен қатар сандық қазақстанды қалыптастыру, дамыға технологияны меңгеру, мәдени қарым-қатынас орнату еліміздің қазір және болашақта тұғырлы болуының кепілі.
Ал бәсекеге қабілеттілік – бірнеше деңгейде қарастырылатын экономикалық категория:тауардың бәсекелестікке қабілеттілігі; тауар өндірушінің бәсекеге қабілеттілігі; салалық бәсекеге қабілеттік; елдердің бәсекеге қабілеттілігі. Бұл деңгейлердің арасында тығыз іштей және сырттай тәуелділік бар: елдік және салалық бәсекеге қабілеттілік діттеп келгенде нақтылы тауар өндірушінің бәсекеге қабілетті тауар шығаруына байланысты. Президент жаңғыру табысты болу үшін әрбір азамат өз еліне пайдалы болу керек деп есептейді. Президент табыс туралы тағы былай деген: «Үштұғырлы тіл» жобасының маңызын түсіндірген кезде берілген қазақ тілін — мемлекеттік тілі ретінде, орыс тілін — ұлтаралық қатынас тілі ретінде, ағылшын тілін — жаһандық экономикада ықпалдасудың табысты тілі ретінде үйрену. Аталған үш тілді меңгеру үшін жасалған тең дəрежедегі жағдайларды жасау, олардың қызмет көрсету дəрежесінің тең емес екенін, қызмет көрсету жүктемесінің тең емес екенін жəне, соңында, олардың мəртебесінің тең еместігін білдірмейді. Менің ойымша, табысқа жету үшін алдымен мақсат қою керек. Содан соң мақсатқа жететін жоспар болу керек. Содан кейін қадамдар жасап, табысқа жетесің. Зор табысқа жеткен кез-келген адам бәсекеге қабілетті бола алады. Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз – басқа ірі компаниялармен дәрежеңнің тең болуы. Немесе басқа адамдармен бірдей қабілетке ие болуың керек. Басқаша айтар болсақ, сенің қолыңда сені көрсететін затың немесе билігің болуы керек. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады.
Болашақта менің оқытатын шәкірттерім белгілі мамаңдық иесі болуына күшімді тигізіп,үлес қосатын ұстаздардың бірі боламын деп ойлаймын.
Ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі көне мамандық . Оның жан дүниесі өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар- тарапқа жетелеуші. Ұстаз бала болмысына өзгеріс енгізуші , бағыт-бағдар беруші.Сондықтан тәуелсіз елдің тұтқасын ұстар білімді жастарды тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда , ұлағатты ұстаздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет