Инфографика және оны тегін жасау сервистері



Дата29.12.2021
өлшемі497,23 Kb.
#106303
Байланысты:
Жүсіпова Айгерім МОК-191 1-СӨЖ


Инфографика және оны тегін жасау сервистері

Орындаған: Жүсіпова Айгерім

Инфографика қандай да бір оқиғаны сипаттау немесе деректерді жеткізу мақсатында кез-келген мәтін мен графиканың үйлестіріліп берілуі. Бұл ақпаратты визуалды түрде ұсыну, көбінесе қиын ақпаратты тез, оңай және анық жеткізу қажет болғанда қолданылады, хабарды, ақпаратты, білімді графикалық тәсілдер арқылы ұсыну

Инфографика деген не?


Ең алғаш инфографиканы 1982 жылы USA Today газетінің баспагерлері қолдана бастады. Осының арқасында газет ең көп оқылатын басылымдардың үздік бестігінің қатарына енді. Уақыт өткен сайын инфографика тек қана технология мен бизнес емес, сонымен қатар өнер екені де анықтала бастады. Сонымен бірге осы өнерді жетік меңгеру баспа бизнесінің табысына тікелей әсер ететіні де анық болды. Сондықтан «Эсквайр» және «Нью-Йоркер» сияқты журналдар инфографиканы жасау жұмысын идеяның авторы болып табылатын бір журналист пен 3-4 дизайнерге тапсырады.


Қашан пайда болды?

Қалай жасалады?



Құрастыру:
  •  Инфографиканың өзегі болуы тиіс.
  • Бүкіл ақпарат соның айналасында орналасады.
  • Маңыздысынан бастап, қосымша ақпаратқа дейін – бәрі  қисынды, түсінікті, бірізді болуына мән беріңіз.
  • Артығының бәрін алып тастаңыз.
  • Түсіндірмелердің бәрін детальдардың жанына жазыңыз, орын аз болса – көрсеткіш сызықшамен бағыт сілтеңіз.

Ең маңыздысы – инфографикада өтірік айтуға болмайды! Бәрі тексерілген, нақты болуы тиіс. Сондай-ақ, масштабтарды ұстануға тырысыңыз. Бұл да маңызды.


Қалай жасалады?

Суретпен

Ерекше


Бір

Бірдей


Инфографика

Қалай жасалады?

Стандарт

Ерекше


Өлшемдерді қате, түсініксіз етіп

Графиктерді



Көп кездесетін қателіктер

Онлайн-сервистер Инфографика жасаудың ең оңай тәсілі-онлайнсервистерді пайдалану.

Easel.ly

Керемет веб-сервис. Бұл жерде көңіліңіз қалағанша өзгерте аласыз. Дайын әрі тегін шаблондар саны да алдағы сайттардан басып озады. Кез-келген жерде апарып, қалаған сурет немесе мәтініңізді қоя аласыз. Бұл сайттың интерфейсі де қарапайым, өте түсінікті.

Infogram.com

  Инфограм – онлайн веб-сервис. Конструкторлар мен шаблондарды пайдалана отырып, қажетті дүниеңізге қол жеткізесіз. Ең креативті инфографикаларды да осы сайттан жасап шыға аласыз. Бұл сайтқа арнайы қолданушы болып тіркелуге немес әлеуметтік желілердегі аккаунтарыңыз арқылы кіре аласыз.

ThingLink

Thinglink– интерактив суреттер жасауға арналған сервис. Яғни, қарапайым суретті интерактив нысанға айналдырады. Бұл үшін сіз видео, аудио не суреттерге түрлі белгілер салып қоясыз. Дайын жұмысты сайтқа, блогқа орналастыруға болады.

piktochart.com

Piktochart сервисі –Infogr.am и Easel.ly сервистерінің ортасы. Яғни, алтын аралықта. Infogram-нан айырмасы бұл жерде анимациаланған графикалар мен видео қоса алмайсыз. Бұл сервистегі жұмыстың нәтижесі Easel.ly секілді болады. Бірақ, Piktochart CSV (excel) таблицаларын қосу мүмкіндігіне ие.

Қорытынды

Қазір барлығы ақпаратты оңай әрі тез қабылдағанды ұнатады. Сол мақсатта не көмектеседі? Иә, инфографика! Сайттарды санамағанда газет-журналдардың өзі инфографиканы пайдаланғанды құп көріп отыр. Сол себепті, қазақша ресурстың тапшылығы қатты байқалады. Өйткені, аталған сервистердің барлығы ағылшын тілінде. Заман талабына сай адым жасаған жөн. Сөздің орнына – сурет. Оңай әрі ыңғайлы!

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • https://www.slideshare.net/akkairzhadyra/ss-46869404
  • https://ktalberta.ca/blog/2019/1/8/are-you-creating-an-info-poster-or-an-infographic-what-are-the-differences
  • https://newreporter.org/kz/2016/01/19/infografika-ne-qalaj/

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет