Жалпы білім беретін мектептің
7-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау
Қазақстан РеспубликасыныңБілім және ғылым министрлігіұсынған
Алматыкітап баспасы
2021
Қадырқұлов Р.А., Беристемова Н.Қ.
Қ79 Информатика. Жалпы білім беретін мектептің 7-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау/. Р.А. Қадырқұлов, Н.Қ. Беристемова – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2021. – 129 бет.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында
«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелестік қа- білетімен айқындалады» делінген. Әрбір қазақстандық, тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерді игеруі қажет екенін жіктеп көрсетеді. Солардың бірі – компьютерлік сауаттылық.
Компьютерлік сауаттылық – адам қызметінің барлық салаларында, күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған ақпараттық технологияларды табысты қолданатын тұлғалық сапа.
Білім алушылардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту – оқыту мен оқу үдерісінде, ғылымның әртүрлі салаларын игеруде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды дұрыс қолдануға мүмкіндік береді.
Бұл әдістемелік нұсқаулық 7-сынып оқушыларына «Информатика» пәнін оқытуда мұғалімдерге көмекші ретінде ұсынылады.
Әдістемелік нұсқауда жаңартылған білім беру мазмұнының талаптарына сай дайындалған оқулықты үйлесімді пайдалану үшін әрбір тақырыпты тиімді жоспарлау, оқыту және бағалауды ұйымдастыру барысында мұғалімдер қауымына арналған бағыт-бағдар берілген.
Сонымен қатар, «Информатика» пәнін оқытудың мақсат-міндеттері, әдіс-тәсілдері, оқушы жетістігін бағалау, оқытудың әдістемелік ерекшеліктері, оқулық мазмұнының құрылымына түсіндірме, ұзақмерзімді, қысқамерзімді сабақ жоспарлары қамтылған.
Оқулықтың әрбір тақырыбының мазмұны мен құрылымы оқушы игеретін жаңа білім мен тәжірибеге бағытталған ой қозғау, қызығушылықты арттыруға арналған проблемалық сұрақтар, өз бетімен түсінуі үшін теориялық ақпарат, тәжірибелік дағдыны дамытуға арналған практикалық жұмыстар, қосымша ақпараттар, жаңа білімді бекіту мен сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған сұрақтар, зерттеу, жобалау және үй тапсырмалары қарапайымнан күрделі әрекетке бейімделіп беріледі.
Қазіргі оқу әдістемелік кешеннің заманауи компоненттерінің бірі – білім беру үдерісінің барлық қатысушылары: мұғалім, оқушы, ата-аналар қолданатын интернет ресурстар (bilimland.kz, ustaz.kz, smk.nis.edu.kz, sabak.kz) жүйелі ақпарат, тәжірибе алмасу алаңы болып саналады.
Сіздерге ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешен авторлардың жинақталған тәжірибесі негізінде жасалды.