Интерактивті тақта. Active Board – ты іске қосу.
Ақпараттық – технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
ХХІ ғасыр ақпараттық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте –ақ республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алынуда. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізуді, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Электронды оқыту интерактивті жүйе болып табылады. Электрондық оқулық «оқушы-компьютер-мұғалім» жүйесін қалыптастырады, яғни оқушы жаңа тақырыпты ақпарат көзі –компьютерден оқып қажетті мәліметтерді алып, мұғалімге түсіндіріп бере алатындай болуы керек.
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де сабақ берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Интерактивті тақтамен жұмыс жасағанда сақтану шараларының қауіпсіздік ережелері:
Жұмысты бастар алдында міндетті түрде барлық қауіпсіздікті сақтау ережелерімен толық танысу қажет.
Егер де балалар жұмыс жасайтын болса, мұндай жағдайда мұғалімдердің бақылауында болуы қажет.
Кедергісіз жұмыс жасау үшін тақтаның екі жағынан 1 м орын қалдыру қажет.
Жүйені өзгертуге тырыспаңыз, өйткені ол жүйені бұзуы мүмкін.
Егер де бұл техника жұмыс жасамай қалса, онда өз бетіңізше жөндеуге тырысудың қажеті жоқ.
Бұл кепілдікті жоюға соқтырады.
Мультимедиа – проектор бағыты бойынша сәуле тақтаға шағылысады. Сондықтан оған тура қарауға болмайды.
Интерактивтік тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі. Ол тақтаның /IPBOARD, ActivStudio, Smart Board/ бағдарламасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
Активті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды, Интернет ресурстарын қолдана алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
Пән бойынша базалық білімді меңгеру;
Алған білімді жүйелеу;
Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
Достарыңызбен бөлісу: |