«Ынтымақ ауылындағы орта мектеп» КММ 2015-2016 оқу жылы
1-санаттағы математика пәні мұғалімі Акелеева Р.Т.
Шығармашылық есеп.
Жалпы еңбек өтілім-13 жыл. 1997 жылы Семей мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітіргем. 2004 жылдан бері осы мектепте еңбек етудемін.
Математика пәнін оқытудың сапасын көтеру сын тұрғысынан ойлау технологиялсын қолдану арқылы жүзеге асыру болғандықтан, қолданылатын әдіс-тәсілдер қазіргі заман талабына сай оқушылардың функционалдық құзыреттілігін қалыптастыруға әсер етуі қажет. Сондықтан менің әдістемелік тақырыбым: «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын математика сабағында қолдану және функционалдық сауаттылықтарын арртыруға негіз жасау» . Оқушының дүниетанымын кеңейту, жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық мүмкіндік туғызу, қабілетіне қарай шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтандыру, бойындағы қасиетіне қарай ізденуге бағыт беру, жол көрсету арқылы әдістемелік жұмыс тақырыбымның негізін қаладым және тақырыпты жүзеге асырудағы негізгі мақсатымды айқындадым:
Математика сабақтарында әрбір оқушының өзінің танып білу қызығушылық бағытын дамыту және іздену мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету.
Міне, алға қойған мақсатқа жетудегі бірнеше мәселелер, менің міндеттерімді құрайды.
Педагогикалық қызметтің міндеттері
Оқу-үрдісінде оқушылардың танымдылығын, белсенділігін арттыру арқылы білім сапасын көтеру;
Оқушылардың сабақ үстінде өз көзқарастарын білдіріп, негізгі ойын даралап ала білуге дағдыландыру;
Терең білім бере отырып, шығармашылықтарын дамытып, оқушылар-дың дүниетанымын кеңейту ;
Ақпаратты технологияларды математика пәнінде қолдануы жайлы мәселелер айналасында сараптама жасау арқылы білім сапасын арттыру;
Математика сабағында білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік жүйенің оқу құралдарын жүйелеу;
Оқу үрдісін жоғары деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әдістемелік даярламалар құрастыру;
Математика пәнін өзіндік меңгеру :
Әр оқушының белгілі бір қабілеті болады. Сондықтан оқушының қабілетін анықтау мақсатында қолданатын арнайы құралдар: тест, түрлі деңгейдегі тапсырмалар, сауалнамалар арқылы анықтап, болашақта сол қабілеттерді сабақ барысында дамыту. Топтық қызметті ұйымдастыру барысында оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, бірлескен топтық жұмыс жүргізу барысында әр оқушы оларда не күтілетінін түсінуі үшін, оқушыларға арнайы нұсқаулар, кеңестер беру арқылы олардың топтық жұмыс жүргізу біліктілігін дамыту .
Оқушының ойлау және өзіндік білім алу қабілетін дамыту:
Оқушыларға білім берудің барлық сатысында берілетін әр деңгейлі тапсырмалар оқушының өзіндік білім алуын қамтамасыз етеді. Оқушының танымдылық сұраныстарын қамтамасыз ете отырып, бұл тапсырмалар оқушының ойлау қабілетін оятады.
Оқушының өзіндік білім алуы, алған мағлұматты жетік меңгеруіне септігін тигізіп, өзіндік ойлау қабілеті, зейінін алған мағлұматты талдау барысында дамиды. Коммуникативтілігі, оқушының мұғаліммен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді, кіші топтарда жұмыс жүргізу барысында проблемалық тапсырмаларды орындау арқылы бірігіп жобалар құрасытуға жағдай жасай отырып, өзара сыйластыққа тәрбиелейді
XXI көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс.Қазіргі таңда оқу үрдісінде математика пәнін оқытуда сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдері мен технологиялар сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады. Заманауи сабақтардың оқушыларға сапалы және терең білім беруде атқаратын қызметі орасан зор.
Математика сабағын заманауи технологиялар арқылы өткізуде, Блум таксономиясы арқылы құзыреттілік оқу тапсырмаларын орындауға машықтандыруға болады. Оқушылардың оқи алу құзыреттіліктерін қалыптастыратын тапсырмаларды әзірлеу мен үшін үлкен ізденушілікті талап етті.
. Жеті модульдің бірі - сыни тұрғыдан ойлау баланың оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, кез келген нәрсені бақылап, талдай алатын, озық ойлы, білімді, өзін-өзі реттей алатын тұлғаны тәрбиелеуде көп көмегін тигізеді. Сонымен қатар, диалогтік оқыту да білім сапасын арттыруға көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Яғни диалогтік оқыту баланың білімін жетілдіруде көбірек қолданылады. Мен оған сенімдімін, өйткені өткізген іс-тәжірибемнің арқасында осыны байқадым.Әр оқушы өз ойын жеттік жеткізе алса, ол алған білімін толық меңргені.Мен оқу барысында көптеген мәліметтер алдым. Яғни жеті модуль бойынша қалай оқыту қажеттігін үйрендік. Оқушылардың бір-бірін бағалау түрлерімен таныстық .Оқушыларға екі жұлдыз –бір ұсыныс айтқан өте ұнайды.
Әр сабақта топтық ,жұптық, жеке жұмыстарды жиі ұйымдастыру арқылы оқушының қабілетін арттыру, дарындылығын анықтауға үлкен мүмкіндік беруде.
Өзекті мәселем: оқушылардың функционалдық сауаттылығын, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыра отырып, математикалық есептерді тез есептеу тәсілдерін меңгерту. Осы мәселелерді басшылыққа ала отырып сабақтарды түрлендіріп өткізудемін. Соның дәлелі: 2014 жылдың қараша айында өткен « жаратылыстану пәндері бойынша сыни тұрғыдан ойлауға тапсырмаларды берудің маңызы» атты желілік қауымдастықтың аймақтық семинарындағы «Хан тәңіріне саяхат» атты сыныптын-тыс жұмыс, 2015 жылдың сәуірінде «Білім бері мазмұнын жағарту жағдайында сапалы біліммен қамтамасыз ету» атты аудандық семинарда 8Ә сыныбымен өткізген «Төртбұрыштар » тарауын қайталау сабағы, 2015 жылдың қараша айында өткен республикалық семинарда 9А сыныбымен «Сандар тізбегі, берілу тәсілдері » тақырыбында ашық сабақ .
2014 жылы аудандық «Жыл мұғалімі» байқауына қатысып, «Шебер мұғалім» номинациясы бойынша марапатталдым. 2015 жылдың қазан айында облыстық «Педагогикалық олимп» жарысында ұсынған жоба сабағымда функционалдық сауаттылыққа негізделген Пиза, Тимсс тапсырмалары қамтылған, сол сабақ үлгісі 1-турдан сырттай өтіп, 2-турда қорғап, жүлделі 3-орын иелендім.
Үнемі мүғалімдермен іс-тәжірбиеммен алмасып отырамын. Оның дәлелелі Matematika.kz сайтында жарияланған «Математика әлемінде» атты сайыс-сабағының жоспары, флипчартымен, ustas.kz сайтында жарияланған 3 қысқа мерзімді жоспарлар. /2014 жыл/ «Сабақ-қазіргі мектептегі оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы» атты АОБПҚБАИ шығарған жинаққа «Осьтік симметрия» тақырыбындағы сабақ енді. Көп жылдар бойы Дарын бағыты бойынша жүргізілген жұмыстарды жинақтау мақсатында 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасын құрастырдым, ол бағдарлама облыстық әдістемелік кабинет шығарған «Геометриялық есептерді шығаруда векторлар мен координаттар әдісін қолдану » атты таңдау курсының бағдарламалар жинағына енді./2015ж/
Өз білімімді көтеруде мынандай курстар мен семинарларға қатыстым:
2012 жылы сәуір-маусым айларында 3-ші негізгі деңгей бағдарламасын оқып шықтым.
2012 жылдың қазан айында Алматы қаласында өткен «Назарбаев зияткерлік мектебінің жаңа әдіс-тәсілдерін іс-тәжірибеге енгізу: әдістемелік инновациялық үдеріс» атты облыстық семинарда «Жаңаша оқыту тәсілдерін сабақтарда қолдану» тақырыбында баяндама оқыдым.
2013 жылы Қаскелең қаласында өткен «Үшінші деңгей бағдарламасындағы әдіс-тәсілдерді іс-тәжірбиеге енгізу: әдістемелік инновациялық үдеріс» атты аймақтық-облыстық семинарда «Мұғалімнің көшбасшылығы» тақырыбында шеберлік сыныбын көрсеттім.
2014 жылы ауданымызда өткен «Сапалы жоспарлау-тиімді оқытудың негізі» атты оьлыстық-аймақтық курстан кейінгі қолдау көрсету іс-шарасында «Орта мерзімді жоспарлау үлгісі» тақырыбында баяндама оқыдым.
2014 жылы қара айында « Білім және жаңа инновациялар» орталығы ұйымдастырған «Оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудың тәсілдері мен тиімді жолдары» тақырыбындағы /72 сағ./ біліктілік курсын оқыдым.
2015 жылы КИО сайты ұйымдастырған математика пәні мұғалімдерінің республикалық қашықтан қткен олимпиадасына қатысын, сертификатталдым.
2015 жылы «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы интербелсенді әдістердің маңызы» атты аудандық семинарында « Пиза аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда мектептің әдістемелік жұмысы» тақырыбындағы баяндама оқыдым.
2014 жылы аудандық олипиададан 11 сынып оқушысы Нишонов Есімхан 2-орын иеленсе, 8-сынып оқушысы Айдын Құштар 2-орын иеленді. Қашықтықтан өткен олимпиададан 6 оқушы 1-орын, 4-оқушы 2-орын, 8 оқушы 3-орын иеленді. Ақбота-2014 интеллектуалдық олипиадасынан 5-сынып оқушысы Ғалымбек Сұлтан 1-орын алса, сол оқушы қашықтықтан өткен КИО сайты үйымдастырған олимпиадасына қатысқаны үшін сертификат алды. Дарын бағыты бойынша жылдағы жұмысымды жалғастырып, биылғы оқу жылында 9А сынып оқушысы Айдын Құштарға жетекшілік еттім. Ол оқушының жоба тақырыбы « Геометриялық есептерді анықтауыштар мен векторлық координаттар әдісімен шешу». Аудандық Дарын байқауында да және «Жас ұлан» ұйымы өткізген аудандық кіші ғылым академиясының жарысында да 3-орын иеленді. Қараша айында өткен Республикалық «Шексіз математика» олимпиадасына 5Ә сынып оқушысы Сванкулова Мерей қатысты, сертификат алды. Осындай шәкірттерді тәрбиелеп, шәкірттеріміз түскен оқу орындарында белсенділік танытып жатқаны үшін Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің проректорының Алғыс хатымен марапатталдым.
№1 папка – Тест материалдары ТМ-1
11-сынып тест материалдары
10-сынып тест материалдары
№2 папка-Тест материалдары ТМ-2
2.1 9-сынып тест материалдары
2.2 8-сынып тест материалдары
2.3 7-сынып тест материалдары
№3 папка-Тест материалдары ТМ-3
3.1 6-сынып тест материалдары
3.2 5-сынып тест материалдары
№4 папка- Көрнекілік- матеириалдар
4.1 11 сынып
4.2 10сынып
4.3 9 сынып
4.4 8 сынып
4.5 7 сынып
4.6. 6 сынып
4.7 5 сынып
№5 папка –Баспа оқу құралдары ОҚ
5.1 Ғалымдар туралы мәліметтер
5.1 Анықтамалықтар
5.3 Логикалық есептер жинағы
№6 папка- Дарын бағыты бойынша жұмыс
6.1 Дарын бағыты бойынша жүргізу жұмыстары
6.2 Оқушылардың шығармашылықтары
№7 папка-Деңгейлік дидактикалық материалдар
5-сынып
ОАӘ
6-сынып
ОАӘ
7-сынып
ОАӘ
8-сынып
ОАӘ
9-сынып
ОАӘ
10-сынып
ОАӘ
ҰБТ
ОАӘ
ОАӘ- Оқытудың әдістемелері
№8 папка Әдістемелік құжаттар ӘҚ
8.1 Әдістемелік нұсқау хат
8.2 Бағдарламалар
№9 папка Ғылыми әдістемелік жұмыстар
№10 Электрондық оқулықтар
№11 Слайдтар
Достарыңызбен бөлісу: |