Сыбайлас-жемқорлық



Дата07.02.2022
өлшемі18,65 Kb.
#91887
Байланысты:
Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз
тану

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тәрбие сағаты


Мақсаты:

  1. “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.

  2. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту

  3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру:
Топ жетекшісі:Утебалиева А.Т
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңынна сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу деп түсініктеме берілген.
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті білім алушылар. «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты ашық тәрбиелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!!!
2-жүргізуші: Тәрбиелік шарамыздың мақсаты білім алушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Баяндама: «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті»
Дайындаған:Көшалиева Ақжан
1-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

2-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек.


1-жүргізуші:  «Сыбайлас жемқорлық» деген не? 


“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік - “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін шыққан. Рим құқығында "corrumpire" түсінік болған, ол “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. 
Сыбайлас жемқорлықтың шығу тарихына тоқтала кетейік: жемқорлық б.з.б. IV-III-мыңжылдықтарда Алдыңғы Азияда Шумерліктерде, Б.з..б. III-II мыңжылдықтарда Мысыр, Өзен аралығы, Үндістан, Қытай, Иудей халықтарында пара алу түсінігі болған. Карфаген, Рим империясы, Византия, Осман империясы секілді өз заманы-ның құдіретті мемлекеттерінің ыдырап, жойылып кетуінің ең басты себептері-нің бірі осы сыбайлас жемқорлық.
Өкінішке орай, барлық әлем елдері сияқты «Сыбайлас жемқорлық» Қазақстан Республикасында айналып өткен жоқ. Қылмыстың бұл түрінің біздің қоғамымыздың да барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Ең қауіптісі, ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп жүр.

2-жүргізуші: Республикамызда сыбайлас жемқорлықты реттейтін бірқатар нормативтік құқықтық актілер қабылданған.


ҚР 37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік –құқықтық актілерде қабылданды оларға «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары жатады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жазаның түрі мен мөлшері жасалған қылмыстық әрекеттің қауіптілік деңгейі мен келтірілген залалына байланысты болады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 15-тарауында Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқықтық бұзушылықтар үшін әртүрлі жазалар қарастырылған.
Баяндама: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»
Дайындаған:Медетқызы Айнұр


Амантурлина Айзада
«Ой жалғау» 
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын) 
2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн) 
3. Ақырын жүріп .... (анық бас) 
4. Асыл тастан ... (өнер жастан) 
5. Тура биде... (туған жоқ) 
6.Хан болсын, ханға лайық ... (Заң болсын )
7. Батыр болсын, жорық жолы... ( мақұл болсын )
1. Ұрлық түбі ... (қорлық) 
2. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ) 
3. Әдепті бала ... (арлы бала) 
4. Тәрбие ... (отбасынан басталады) 
5. Әділ істің...(арты игі)
6. Абыз болсын, абыз сайлау... ( парыз болсын)
7. Би болсын, би түсетін... ( үй болсын 
Қортындылау: 
Айжан Темірғалиқызы:
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, барша әлемге танылдық, мемлекетіміздің тамыры тереңге тарап, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданды, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайымыз түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнымызды айқындадық. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойдық. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Құрметті білім алушыла әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктерімізді пайдалануға тырысайық .

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет