Тақырыбы: Мысыр мәдениеті



Дата07.02.2022
өлшемі39,9 Kb.
#89628
Байланысты:
Мысыр мәдениеті


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тақырыбы: Мысыр мәдениеті


Дайындаған: Абдирова Ботагөз
Қабылдаған:Оңалбайқызы Рая
Тобы : ЖМК-911
Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  3. Қорытынды

  4. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе


Көне заманнан біздің заманға дейінгі жеткен мәдениеттердің бірі – Мысыр мәдениеті. Мысыр мәдениеті дегеннен көз алдымызға перғауындар,алып заңғар пирамидалар, қабырғаларға бейнеленген көне суреттер келетіні анық.Және мумиаланған перғауындардың саркофагты таңқалдырмай қоймас.
Адамзат баласын таң қалдырған талай мәдени мұралар күлге айналып, гүлденген қалалар жермен-жексен болды, мейірімсіз де қатал уақыттың сынына шыдай алмаған кереметтер бірінен соң бірі жоғала бастады. Ал бүгінгі күнге кереметтердің ең көнесі осы Мысыр пирамидалары ғана жетіп отыр, ендеше көне тарихтың куәгері болған бұл тамаша ғимараттар әлі де талай ұрпақтардың қызықтай берер аса құнды мәдени ескерткіші ретінде қала бермек.

II. Негізгі бөлім


Көне Мысыр жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекетгердің бірі болды. Және мемлекет басшысы-фараондар болды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Раның» («Ра» күн деген мағына береді. Ол — құдайлардың құдайы және «алтын» ұғымымен қосылып айтылады — «Алтын» нұр шашқан күн) ұлымын деп жариялады. Перғауынның жеке-дара билік жүргізуі тіпті оның билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қойған жоқ. Ал осы бір шексіз билік пен мансап, байлық пен құдірет кенеттен жоқ болады. Оны өшіретін ұлы күш — өлім. Міне, сондықтан да болар — көне Египеттің мәдениетінің ең басты ерекшелігі — ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи қарсылық, немесе мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда айрықша рөл атқарды. Египеттіктер табиғаттың жыл сайын жаңаратындығын аңғарған, өйткені Ніл өзені тасығанда жерлерді құнарландырады, сөйтіп төңірекке өмір мен береке туғызады, ал тартылғанда құрғақшылық келеді, бірақ бұл ажал емес, өйткені — одан кейін де жыл сайын Ніл қайтадан тасып отырады. Табиғатта болып жатқан осы сияқты құбылыстардың негізінде «өлген адам тіріледі» деген діни ілім пайда болды.Тереңірек ойлап қарасақ, бұл ілімнің өмірге келуі ажалға деген табанды қарсылықтан туған. Жыл сайын буырқанып таситын Ніл өзені сияқты адам жаны да денеге қайтып оралады деген діни түсінік адамдар санасында берік орнықты. Олар қабірді адамның уақытша баспанасы деп санады. Ендігі жерде мәңгілік өмірді қамтамасыз ету мәселесі тұрды. Ол үшін адамның денесін сақтап, тірлікте оған қажет болғанның бәрімен қабірде де қамтамасыз ету керек, демек денені бальзамдап, оны мумияға айналдыру, не болмаса өлген адамның денесіне ұқсас етіп, оның мүсінін жасау қажеттігі туды. Сондықтан да, ежелгі Египетте мүсіншіні «санх», яғни «өмірді жасаушы» деп атады. Мүсіншілер өлген адамның бейнесін жасау ,тіршілікті қайта жандандыру деп түсініп, өз кәсіптерін мақтан тұтты.Бұл бір жағынан мысыр мәдениетінің мүсіндік шеберлілігінің жоғары деңгейде болғанын көрсетеді. Мысыр пирамидалары тастан қаланды және бұндай еңбекке жұмыс күші мен ауқымды қаражаттың керек екені белгілі. Қара жұмысқа қарапайым халық пен құлдар жұмылдырылды. Осындай керемет туындыны жасау үшін математикалық және геометриялық нақты есептеулер қажет.Бұл сол кездегі ғалымдарының білімділігі мен біліктілігін айқындайды. Және құрылысты салып біткен соң артынан қабырғаға құрылысшының аты жөнін қашап жазу дәстүрге айналған. Сондай құрылысшылардың бірі – Имхотеп болды. Оның құрылыс саласынан ғана емес философия, медецина,астрономия саласындада еңбектері баршылық. Ол Джосер перғауынның пирамидасына басшылық еткен. Имхотеп өз заманының данагөй, ойшыл философы болды. Оған гректер “Медицинаның құдайы ” ретінде танылған.
Ежелгі Мысырда медецина айтарлықтай жақсы дамыды. Адам организмінің күрделі екендігі және мидың қандай қызмет атқаратындығы белгілі болды.Тіс дәрігерігері сияқты жекелеген салаларға бөліне бастады. Және тағы бір қызық жағдай перғауынды мумиалау болды.
Перғауын өлген соң оның ішкі организмдерін жекелей бөлек ыдысқа салып, мүшесі ыдырап кетпес үшін соданы пайдаланған екен.Және денесі кепкен соң оның қуыстары арнайы бальзамға малынған зығырмен толтырылды. Соңында денені саркофагқа таңылып, жабылады.



III.Қорытынды
Қорытындылай келгенде мысыр мәдениеті өз заманында озық сәулет өнері мен білім ғылымның даму кезеңі болып табылады. Атап айтқанда медецина , филосоция , астрономия, геометрия, математика, косметалогия т.б. салалар қарқынды дамыды. Сол дәуірде ер адамдарда косметикаларды пайдаланды. Әрине боянып, сәндену үшін емес. Климаттың ыстық болуына байланысты күннен қорғану үшін пайдаланған. Біз қазіргі біз күнделікті өмірде қолданып жүрген тіс пастасы,шыны,цемент тәрізді заттарды да мысырлықтар ойлап тапқан. Мысырлықтар тарихта ұлы сәулетшілер, математик,медецинаның негізін қалаушылар ретінде қалды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер


1. https://el.kz/news/archive/content-3333/сайтынан алынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет