Сабақ. Сабақтың тақырыбы: Интернат қоймасы. Шерхан Мұртаза Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Тұрар Рысқұловтың балалық шағының бір көрінісімен



Дата27.07.2017
өлшемі63,67 Kb.
#22206
түріСабақ






Ашық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Интернат қоймасы. Шерхан Мұртаза

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды Тұрар Рысқұловтың балалық шағының бір көрінісімен

таныстыру. Мәтіннің идеялық мазмұнын ашып көрсетіп, ұғындыру.

2.Оқушының мәтінге мағыналық талдау жүргізу машығын, сын тұрғысынан

қисынды ойлау білігін дамыту.

3.Жақсы және жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Тірек-сызбалар, автор және Тұрар Рысқұлов суреті,

.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сыныпты топқа бөлу

- Оқушылар, бүгінгі ана тілі сабағымызды топпен жұмыс түрінде өткіземіз.

2.Психологиялық дайындық

Мұғалім: - Екі көзің не үшін керек ?

Оқушы: - Жақсыларды көру үшін.

Мұғалім: - Екі құлақ не үшін керек ?

Оқушы: - Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім: - Екі қолың не үшін керек ?

Оқушы: - Елге көмек беру үшін.

Мұғалім: - Екі аяғың не үшін керек ?

Оқушы: - Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін.

-Олай болса, мен сіздердің дендеріңізге саулық тілеймін!(тілек)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

-Үйге берілген С.Торайғыровтың «Кедей» өлеңін сұрау.

Топпен жұмыс. Әр топ өз пікірлеріңді дәлелдеңдер.


1-қатар

2-қатар

Қазір кедей адам жоқ.

Қазіргі кезде де кедей адамдар бар.


ІY.Жаңа сабақ.

1) Қызығушылықты ояту.

-Оқып отырған тарауымыз қалай аталады?

-«Ата-бабам тарихы –менің тарихым»

-Ие,Біз ата-бабамыздың тарихы ,бастарынан өткен қиын кезеңдері,ел басына күн туғанда өздерінің батырлықтары,ерліктері,еңбектерін аямаған,елі үшін туған бір туар азаматтар туралы осы тараудан оқып жатырмыз . Осындай тарихта ізін қалдырған дана, ұлы адамдарды бүкіл әлем біледі. Мысалы, батырлар, ұлы ақындар, жазушылар, халқын ойлаған жақсылықты жақындатқан халық сүйіктілері.

-Ендеше, бүгінгі сабақта осы жақсы адамдардың бірінің балалық шағының көрінісінен сыр шертеміз.
2) Болжау.

-Ол кім ? Бұл сұраққа жауап беру үшін мына бір сөйлемдерге назар аударайық, еске түсірейік.

Тақтада: «Иван Владимирович» «Аспара. Қызыл жебе. Көке»

«Жоқ, шынтақ жеңінен жылтыңдап қарамайды, оған надандық үңіліп қарайды»



  • Бұл шығарма кім туралы еді?

  • Тұрар Рысқұлов.

  • Шығарма қалай аталады?

  • Шығарма «Бала Тұрар» деп аталады.

  • Тұрар Рысқұлов туралы не білеміз топтастырайық.


1894

Талғар обл. Қоғам қайраткері, азаттық

Бесағаш ауылы. Тұрар Рысқұлов үшін күрескер.
3) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу.

  • Бүгінгі сабағымызда Шерхан Мұртазаның «Интернат қоймасы» әңгімесімен танысамыз.


4) Дәптермен жұмыс.

1.Күннің жады

2.Тақтада тақырып «Интернат қоймасы»

3.Топтастыру автор өмірін


1932

Жамбыл обл. жазушы, драматург,

Жуалы ауд. Шерхан Мұртаза журналист



Мыңбұлақ

Шығармалары

«Қызыл жебе» «Қара маржан»
5) Мағынаны тану.

а) Сөздік жұмыс.

ә) Мұғалімнің оқуы

б) Түртіп алу жүйесі

в) Алғашқы сұрақтар

- Мәтін ұнады ма?

- Қандай кейіпкерлер естеріңде қалды?
- Олар қандай іс-әрекеттерімен қызықтырды?

г)Оқыту жұмыстары


6) Ойын «Жұлдызды сәт»

Шарты:Ұпай сандары жазылған жұлдыздарды таңдайды. Қаланған сан сұрақтарына жауап беріледі. Соңында ұпай есептеліп, нәтиже айтылады.

10 10 10

20 20 20


30 30 30
10- Әңгіме кім туралы?

10- Атамырза мен Серік не істегілері келді?

10- Балалардың қайсысы қолға түсті?
20- Серік Тұрарға не айтты?

20- Тұрар мен Қабылбек Серікті неге аяды?

20- Балалар қандай шешім қабылдады?
30- Әңгімеден Серіктің сөзін тауып оқы.

30- Мәтінен ең соңғы үш сөйлемді оқып, мәнін түсіндір.

30-Әңгімеге басқаша ат қояр едің? Неге?
7) Сергіту.

Бір-біріне адамдық қасиеттерге байланысты мақалдар айтып,жақсылық тілей отырып,жүрекше сыйлау.

8) Шығармашылық тапсырма.

Әр топ әңгімедегі кейіпкерлерге мінездеме береді.

І топ – Тұрарға мінездеме

ІІ топ – Атамырзаға мінездеме



V.Сабақты қорытындылау

-Сабағымызды мына сызбаны түсіндіре отырып аяқтаймыз.


Күрес(шайқас)

Жұдырықтасу, Зымиян соққы

соғысу (ұрмай жаралайтын)

-Осы күрестердің жақсысы бар ма ?

-Жоқ.

-Дұрыс,демек әрқашан бейбітшілікпен,адалдықпен өмір сүруге тырысайық!



VІ. Бағалау.

VII Үйге тапсырма.

Әңгімені түсініп оқып, түсінгенін айтуға дайындалу.



10- Әңгіме кім туралы?
10- Атамырза мен Серік не істегілері келді?
10- Балалардың қайсысы қолға түсті?
20- Серік Тұрарға не айтты?
20- Тұрар мен Қабылбек Серікті неге аяды?
20- Балалар қандай шешім қабылдады?
30- Әңгімеден Серіктің сөзін тауып оқы.
30- Мәтінен ең соңғы үш сөйлемді оқып, мәнін түсіндір.
30-Әңгімеге басқаша ат қояр едің? Неге?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет