Қираған ғимараттар, үймереттердің үйінділеріндегі өрттерді сөндіру



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі101,83 Kb.
#93937
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Документ тапсырма 1


Қираған ғимараттар, үймереттердің үйінділеріндегі өрттерді сөндіру.
Осы Құрылыстағы басшылық құжаты (арғы қарай – ҚБҚ) ғимараттар мен үймереттердің жағдайын техникалық қадағалау ережесі ғимараттар мен үймереттердің жағдайына, олардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында, техникалық қадағалауды ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осымен БҚБ олардың меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне байланысты емес тапсырыс берушінің функцияларын орындайтын ұйымдарды қоса алғанда, техникалық қадағалауды жүзеге асыруда және жалдау, жалға алу негізінде осы мекемелердің балансында тұрған және/немесе өзге пайдаланушымен ұсынылған ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігінің және төзімділігінің техникалық тексеруін орындау үшін аттестаты бар сарапшыларды тарта отырып, заңды және жеке тұлғалар басшылыққа алуы тиіс.
3. Құрылыстағы басшылық құжаты қолданыстағы ғимараттар мен үймереттердің жағдайына барлық құрылыс құрылымдарымен, санитарлық-техникалық құрылғыларымен бірге техникалық қадағалауды, сонымен қатар су құбырын енгізу мен канализациялық шығарылымдарды (арғы қарай – құрылымдар және инженерлік құрылғылар), ғимаратқа тікелей жақын аумақты жобалауды, сондай-ақ зауыт ішіндегі кіріс темір жолдардың және көлік жолдарының, түрлі эстакадалардың, платформалардың, ашық қоймаларды және басқа да ғимараттардың жағдайын техникалық қадағалауды қарастырады.
Қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың техникалық қадағалауы ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығына техникалық тексеруді орындау үшін аттестатты бар сарапшылармен жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасы теміржолдарының жалпы торабына кіретін жалпы пайдаланылатын теміржолдарды және кіріс жолдарды, жалпы пайдаланылатын көлік жолдарын және оларға арналған ғимараттарды, көпірлерді, электрлік беріліс желілерін және байланыс ғимаратын, теңіз және өзен порты және кеме жүзетін ғимараттарды, қалалық су құбырлық-канализациялық ғимараттардың жылумен қамтамасыз ету және газбен қамтамасыз ету тораптары мен ғимараттарын пайдалану кезінде олардың жағдайына қарау үшін техникалық қадағалаудың салалық ережелерін басшылыққа алу керек.
5. Осы Құрылыстағы басшылық құжатында келесі терминдер және анықтамалар қолданылады:
1) апаттық жағдай - ғимараттың және үймереттің бүтіндей, немесе құрылыс құрылымдарының техникалық жағдайын, ақауларын және бұзылуларын сипаттайтын, көтергіш қабілеттілігін және қауіп - қатердің (шұғыл апатқа қарсы шараларды өткізу қажеттілігі) болуын дәлелдейтін категория.
2) механикалық қауіпсіздік - адам денсаулығы мен өміріне немесе мүлікке, қоршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктер өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін рұқсат етілмейтін ғимараттардың бұзылу жағдайы немесе ғимараттардың, үймереттердің немесе олардың бөлшектерінің төзімділігінің жоғалуы.
3) өрт қауіпсіздігі - адамдарға, қоршаған ортаға және мүлікке өрттің қауіпті факторлары әсер еткен, өрттің дамуына мүмкіндігі бар ғимараттардың немесе үймереттердің жағдайы.
4) өнімдер мен үрдістердің қауіпсіздігі - адамдар және жануарлар денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаға зиян немесе қауіп келтірмейтін құрылыс нысандарының және құрылыс өнімдерінің жағдайы.
5) әсер - көтеру құрылымдарына ісер ететін (тура әсер), күштердің тобы (жүктемелердің);– құрылым элементтерінде (негіздіктің тең емес деформациясынан, кен қазбалары ықпалы аудандарында және карсты аудандарда жер бетінің деформацияларынан, температураның өзгеруінен, құрылым материалының шөгушілігінен және сырғушылығынан, сейсмикалық, жарылыстық, ылғалдылық және басқа ұқсас құбылыстардан) ішкі күштерді тудырушы құбылыс.
6) қайта құру - қолданыстағы құрылымдардың пайдалану сапасын жоғарылату, оларды бастапқы күйіндегі қалыпқа жеткізетіндей етіп жөндеу жұмыстарының шаралары.
7) ақау - белгіленген жобамен немесе нормативтік құжаттармен (ҚНжЕ, МемСТ, ТШ, ҚН және т.б.) жекелеген құрылымлардың қандай да бір өлшемдерінің сәйкессіздігі.
8) ғимараттың (үймереттің) деформациясы - жүктеме мен әсердің ықпалынан ғимарат немесе үймереттің пішіні мен көлемінің өзгеруі, сондай-ақ орнықтылығын жоғалтуы (шөгу, жылысу, қисаю және т.с.с.).
9) төзімділік - ғимараттың (үймереттің), құрылыс құрылымдарының немесе олардың бөлшектерінің және ішкі инженерлік жүйе элементтерінің физикалық және басқа да, яғни техникалық қызмет көрсету қызметінің есептік мерзімі кезіндегі дұрыс пайдалануын және жобалауын қамтамассыз ететін қасиеттерін сақтау қабілеті.
10) ішкі жүйелер және инженерлік жүйелер - ғимараттың (үймереттің) бір бөлігі, ол сумен қамту, кәріз, жылыту, желдету және ауаны салқындату, қоқыстан тазалау, ішкі тасымалдау, байланыс, басқару және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған.
11) бір орындағы инспекция және сынау - ғимараттың (үймереттің) нақты жобалық құрылымды бөлшектері мен материалдарының қасиеті арасындағы сәйкестікті бақылайтын тәртіп. Бір орындағы инспекция және сынау келесі түрлерге бөлінеді:
– шектелген, бұл жағдайда нақты құрылымды бөлшектері мен материалдарының қасиеті арасындағы сәйкестік құрылыс сызбаларының қол жетімділігі, не шартты жобалау нәтижелері (инспекция мен сынауға кем дегенде элементтердің 20% тартылады) бойынша анықталса;
– кеңейтілген, бұл жағдайда бастапқы құрылыс сызбалары жоқ болады, ал құрылымдық бөлшектер мен материалдардың қасиеттері туралы мәліметтер инспекция мен сынау санына байланысты анықталады (инспекция мен сынауға кем дегенде элементтердің 50% тартылады);
– барлық көлемдік, бұл жағдайда бастапқы құрылыс сызбалары жоқ болады, сонымен қатар өте жоғары деңгейдегі мәліеттерді талап етеді (инспекция мен сынауға кем дегенде элементтердің 80% тартылады).
12) тұрғын ғимаратты күрделі жөндеу - ғимаратты қалпына келтіру мақсатында оның қорларын, қажет болғанда құрылымдық элементтерін және инженерлік жабдықтау жүйелерін ауыстырумен жөндеу, сонымен қатар пайдалану көрсеткіштерін жақсарту.
13) техникалық жағдайдың категориясы -құрылыс құрылымының немесе ғимараттың (үймереттің) пайдалануға құрылымдардың көтеру қабілетінің төмендеуі мен пайдалану сипаттамалары арқылы қабылданған жарамдылық дәрежесі.
14) көтеру құрылымдары - жүктемелер мен әсерлерді қабылдайтын және ғимараттың және имараттың беріктігін, қаттылығын және орнықтылығын қамтамасыз етуші құрылыс құрылымдары.
15) қоршағыш құрылымдар - ғимараттар мен үймереттердің ішкі келемдерді сыртқы ортадан немесе беріктік, жылу оқшаулау, гидрооқшаулау, бу оқшаулау, ауа өткізбеушілік, дыбыс оқшаулау, жарық мөлдірлі және т.б. женіндегі нормативтік құжаттар ескеріліп өзара қоршауга арналған құрылыс құрылымдары.
16) құрылыс құрылымдары - құрылыс нысанындағы құрылыс материалдарынан, немесе өнімдерінен жасалатын тұрақты элементтер.
17) техникалық жағдайды бақылау - пайдалану кезінде құрылымдардың жұмыс қабілеттілігін қалпында сақтау үшін, олардың техникалық жағдайын қадағалау жүйесі.
18) ғимараттарды (үймереттерді) кешенді бақылау - сараптау тексерістері нәтижелері арқылы құрылыс және пайдалану қауіпсіздігі бойынша техникалық шараларды және уақыт бойынша геотехникалық жүйенің беріктік және деформациялық сипаттамаларының өзгеру мүмкіндігін анықтау мақсатында өткізілетін геотехникалық жүйе ретінде нысанды ұзақ уақыт бойы бақылау.
19) беріктік - көтеру құрылымының немесе құрылым элементінің пайдалану жобалық мерзімінде қойылған талаптарға сәйкес болу қабілеттілігі. Беріктік ереже бойынша мүмкіндік шамалармен анықталынады.
Ескерту Беріктік көтеру қабілеттілікке, пайдалануға жарамдылық пен көтеру құрылымдардың төзімділігіне қосалқы ретінде таралады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет