Іс қағаздарын қазақша жүргізу



бет1/5
Дата24.03.2018
өлшемі0,6 Mb.
#39579
  1   2   3   4   5
Іс  қағаздарын қазақша  жүргізу 

І.            


1. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. 
ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясы  (1995), «Тіл туралы» Заң (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін ір министрлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны –қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру. 
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңінде негізгі төрт бағытта іс-шаралар жүргізеді. Соның бірі –ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау. 
Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші. 
 
1. ІС ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ  ТҮРЛЕРІ 
 
өмірбаян                                                                                  Заң 
түйіндеме                                                                                                үкім, өкім                         
жеке іс парағы                                                                                    Жарғы, жарлық 
визит карточкасы                                                                             Ереже 
өтініш                                                                                                                  хабарлама                                                                                                                                                                                                                       
арыз                                                                                                                     бұйрық 
мінездеме                                                                                                    нұсқау 
кепілдеме                                                                                                    ресми хаттар                         
кеден мағлұмдамасы                                                                                          хаттама                                                                                                                                                                                                                                                         
жеделхат                                                                                                              жарнама  
хабарландыру                                            
 
 
қолхат 
сенімхат 
кепілхат 
өтінім 
тапсырыс 
келісімшарт 
еңбек шарты 
шарт 
еңбек келісімі 
 
Іс-қағаздарының қызметтері: 
 
- жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші;    
- жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші; 
- әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші; 
- мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші; 
- жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы; 
-  мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші; 
- тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі; 
- мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші; 
- мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші. 
 
 
Іс қағаздарының сипаттары: 
- саяси ( мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда); 
- әлеуметтік ( қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда); 
- ұйымдастырушылық ( басқару қызметі жүйесінде); 
- құқықтық ( заңдық және  жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда); 
- тарихи ( әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай қатынастарда). 
- ресмилік ( міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуінде). 
 
Құжаттау үрдісі элементтері: 
-    құжаттарды дайындау; 
-    құжаттарды жолдау, тіркеу; 
-    сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу; 
-    құжаттарды қолдануға дайындау; 
-    құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау; 
-     құжаттарды мұрағат қорына дайындау.

Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуге қатысты  ресми құжаттар мен арнайы ұйымдар: 


І кезеңде 
-    Қазақ АССР Халық комиссарлар комитетінің 1921 жылы 2 ақпанда жарық көрген «Республиканың мемлекеттік мекемелерінде қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы» декреті; 
-    Қазақ АССР ОАК-нің 1923 жылғы қарашадағы «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуді ендіру туралы» декреті 
-    Қазақ АССР ОАК Президиумының «Қазақ тілінде іс қағаздарын енгізу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» қаулысы. 
-    Қазақ АССР Еңбек Халық Комиссириатының 1924 жылғы 21 июльдегі «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізуге байланысты қызметкерлерді жұмыстан босату және оларды қазақ тілінде сөйлеп, жаза алатын қызметкерлермен алмастырудың тәртібі жөніндегі» қаулысы. 
 
 
ІІ кезеңде 
-    1989 жылғы Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңы; 
-    1990 жылғы «Қазақ тілін және Қазақ ССР-індегі басқа да ұлт тілдерін дамытудың   
2000 жылға дейінгі кезеңдерге арналған мемлекеттік бағдарлама»; 
-    1993,1995 жылдардағы ҚР Конституциясы; 
-    1989 жылы құрылған Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы; 
-    1993 жылы Қазақстан Үкіметі жанынан құрылған Тіл комитеті 
 
 
2. РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАР СТИЛІ 
Стиль – латын сөзі,  қазақ тіліне аударғанда «жазу мәнері» дегенді білдіреді.  
Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көздейді. 
Қазақ әдеби тіл стильдері: 
1.    ауызекі сөйлеу стилі 
2.    көркем-әдебиет стилі 
3.    публицистикалық стиль 
4.    ресми іс қағаздар стилі 
5.    ғылыми стиль 
Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда акт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.  
Қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс тілінің ықпалымен жасалған : қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау. 
Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б. 
Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда – клиент, ауруханада – науқас, санаторииде – демалушы, тынығушы, транспортта – жолаушы т.б. болып табылады. 
Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері болады. 
 
 
 
 
 
Ресми құжат стильдеріне тән белгілер: 
-    мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы; 
-    тұжырымдардың дәл, нақты болуы; 
-    сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланылуы; 
-    терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі; 
-    терминнің ең қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы; 
-    қалыптасқан  мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы. 
 
ІІ.       Жеке адам өміріне қатысты  құжаттар. 
1. Өмірбаян. 
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі. 
. Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі-адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады. 
Өмірбаянның екінші түрі — мемуарлар, яғни акын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай  өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ.Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқүлованың «Өмірім менің - өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады. 
Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар-А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, А.С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С.Мүқанов - «Аққан жүлдыз»,  
М. Әуезов «Абай жолы». Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді. 
Күнделікті   өмірде   ең   жиі   қолданылатын   құжаттың   біріншісі  - өмірбаян.  Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде,  сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін. 
 
Өмірбаянның мазмұндық-құрылымдық жүйесі: 
1. Құжаттың аты (өмірбаян) 
2.  Аты-жөні (толық жазылады), туған жылы, айы, күні, туған жері 
3.  Ұлты 
4.  Білімі, оқыған оқу орындары 
5.  Қоғамдық-саяси қызметі 
6.  Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет 
7.  Қазіргі жұмысы, мекен-жайы 
Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты баяндап беруге тиіс. 
 
 
 
 
 
Өмірбаян үлгілері.                  
Өмірбаян 
 
Мен, Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков, 1983 жылы, 14 қаңтарда Алматы обылысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында тудым. Менің ұлтым - қазақ. Алматы каласы, Бостандық ауданындағы №81 орта мектебін 2000 жылы бітірдім. 
2004 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің 1 курсына оқуға түстім. 
Ата-анам бар; әкем — Ахмет Абимолдаұлы Нүсіпбеков циркте жұмыс істейді. Анам — Салтанат1 Әріпжанқызы Алпысбекова, ауруханада жұмыс істейді. Мен үйленбегенмін.  
Қазір осы жоғары оқу орнының  2-курсында оқып жүрмін. Мақсатым - жоғары білім алып, маман болып шығу. 
Мекен жайым: Алматы қаласы, "Орбита-3" ықшамауданы, 26-үй, 48-пәтер, тел. 29-48-56. 
Өмірбаян 
 
Мен, Серік Жүмаділұлы Қалымбетов, 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан обылысы, Бәйдібек би ауданы, Боралдай ауылында қызметкерлер отбасында тудым. 
1990-2001 жылдар аралығында  Шымкент қаласындағы 3. Шүкіров атындағы №20 орта мектепте оқыдым. Мектепте оқып жүргенде үздік окушы екенімді көрсете білдім. Әр түрлі қоғамдық жүмыстарды  атқардым, спортпен шұғылдандым. 
Ата-анам бар: әкем - Ж. Қалымбетов Шымкент қаласында жекеменшік кәсіпорнында жұмыс істейді. Шешем ~ 3. Қалымбетова Шымкент қаласындағы №20 орта мектепте орыс тілінен сабақ береді. 
2001 жылы аталған мектепті бітірген соң,  Қазақстан-Британ техникалық университетіне мұнайшы-инженер мамандығын алу үшін окуға түстім.  
Бүгінгі таңда осы оқу орнының 2-курс студентімін, мен үйленбегенмін. Ағылшын тілімен шүғылданамын, компьютерлік курсқа барып жүрмін. Алдыма қойған мақсатым: білімді маман болып шығу.  
Мекен -жайым: Алматы қаласы, Тастақ-1 ықшамауданы, 9-үй, 53-пәтер, тел.40-02-05. 
 
Өмірбаян 
Мен, Куаныш Өмірбекұлы Қасенов, 1963 жылы 1 мамырда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында тудым. Ұлтым - қазақ. 1970-1980 жылдар аралығында «Баршатас» орта мектебінде оқыдым. 
1980 жылы 1 қырқүйекте Қазақ политехника институтының металлургия өнеркәсібі кафедрасына ауыстым. Қазір осы кафедраның аға оқытушысымын. 
Ата-анам бар: Әкем - Өмірбек Қасенов -Ұлы Отан соғысының ардагері; қүрметті зейнеткер, анам - Хадиша Қасымова - ұзақ жылдар бойы Баршатас орта мектебінде мүғалім болып істеді, қазір зейнеткер. Отбасым бар: жұбайым - Жазира Дүйсенқызы, жоғары білімді маман, дәрігер. 
Үш балам бар, олар мектепте оқиды. 
Әскери қызметке міндеттімін. Аға лейтенант атағым бар.  
Қосымша мәліметтер: казақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білемін, ЭЕМ (ЭВМ) бағдарламаларын толық меңгергенмін. Интернетте жұмыс істеймін. 
Мекен- жайым: Алматы қаласы, "Қазақфильм" ықшамауданы, 47-үй,  18-пәтер. 
 
 
Негізгі сөздік 
өмірбаян                           - автобиография 
ұлт                                   - национальность 
білім                                 - образование      •'  . 
жоғары білім                   - высшее образование 
орта білім                         - среднее образование 
ата-ана                    - родители 
мұғалім                    - учитель 
үйленгенмін           - женат 
отбасы                    - семья 
жұбай                      -супруг (супруга) 
үйленбегенмін        - не женат 
ажырасқанмын        - разведен 
әскери қызметке 
міндеттімін              - обязан к воинской службе 
әскери қызмет         - воинская служба 
қосымша мәліметтер        - дополнительные сведения 
мекен-жай                       - адрес 
туу                                   - родиться 
оқу                                  - учиться 
қызмет                    - должностъ 
қызметкер                        - служащий 
маман                               - специалист 
мамандық                         - специальность 
бөлім                                - отдел 
беттеу                               - верстка 
бірлестік                          - объединение 
әкімшілік                         - администрация 
тіркелім                            - прописка 
тұрғылықты жер     - место жительства 
оқу орны                          - учебное заведение 
арнайы орта            - средне-специальный 
акционерлік            - акционерный 
коммерциялық                 - коммерческий 
ұйымдастыру ісінің 
техникасы                       - организационная техника 
дүниеге келу, туу         - родиться 
түсу                                - поступать 
бітіру                                - закончить 
бару                                  - лосещать, пойти, ходить 
үйлену                              - жениться 
тұрмысқа шығу                - выходить замуж 
жұмыс істеу            - работать 
ауысу                               - перейти 
міндетті                            - обязан 
 
Грамматикалық минимум 
Жіктеу есімдігі                          мен 
Жалқы есімдер       Жер-су атаулары  оқу орындарының, құрметті атақтар мен наградалардың, ұйымдар мен мекемелердің атаулары 
Сан есімдер (реттік сан есім) Етістіктің өткен шағы               -ды, -ді 
- ты, -ті 
-  қан, -кен 
-  ған, -ген 
Үстеу (қазір) 
Модуль сөздер (бар, жоқ) 
 
 
2. Түйіндеме.(Резюме) 
Резюме француз тілінен алынған термин. “Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді. 
Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі. 
Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете  білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында бірден ұғатындай болу керек  Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Мәселен, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттеріңіз жазылуы керек. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі. 
Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі. 
Түйіндеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі: 
-    аты-жөні; 
-    туған жылы, күні, айы, туған жері; 
-    ұлты; 
-    жынысы; 
-    мекен-жайы, телефоны; 
-    отбасы жағдайы; 
-    азаматтығы; 
-    білімі; 
-    бітірген оқу орындары; 
-    кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі; 
-    тілдік дағдылары
-    компьютерлік сауаттылығы; 
-    жеке қасиеттері (жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас т.б.) 
-    қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т.б.) туралы мәлімет, қосымша ақпараттар (мақтау грамоталары, сертификаттар, наградалар, патенттер т.б.) 
 
Түйіндеме жазғанда  жадыңызда ұстаңыз ! 
1.Түйіндемеде Сіздің маман ретіндегі бейнеңізді толықтыратын, аша түсетін өз мінезіңіздің кейбір жақсы қырларын да атап өтініз. Басшылық, жетекшілік, ғылыми жұмыстарға икемділігіңіз болса, ол да назардан тыс қалмасын. 
Дайындаған құжаттар мен жазбаларды қайталап бір оқып шығып, керекті мәліметтерді ойша реттеп алып резюменің колжазбасын дайындауға кірісіңіз. Құжаттар мен мәліметтерді дайындап алғаннан кейін резюме жазып шығу қиын болмайды. Ең бастысы ол мәліметтерді ретімен, қысқа, нақты бере білу. Қашан, қайда оқыдыңыз, қайда, кім болып істедіңіз, қайда, қашан біліміңізді көтердіңіз, тәжірибе жинақтадыңыз? 
. Егер ғылыми дәрежеңіз болса оны қалыптасқан редакциямен көрсетесіз. Мысалы, "техника ғылымының кандидаты", "биология магистрі", т.б. 
Жазған еңбектеріңіз, шыққан кітаптарыңыз болса, маңыздыларын атап көрсетіңіз. 
Қызмет бабымен, турист ретінде жасаған шетелдік сапарларыңыз да көрсетіледі. Шет тілін білу дәрежеңіз, компьютерді қаншалықты игергендігіңіз де көрсетіледі. 
Жеңіл машина немесе транспорттың басқа түрін жүргізе алатындығыңызды көрсету де артық болмайды. 
Айтылатын негізгі мәселелер осы. Қысқасы, "не, қайда, қашан" екендігі жазылады. 
 
2.Түйндемені оқыған қезде сіздің алға қойған мақсатыңыз айқын көрініп түруы кереқ, яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқығанда бірден үғатындай болғаны дүрыс. 
Жеке басыңыздың қасиеттерін атап көрсеткен кезде, оның сіздің таңдап отырған жұмысыңызға орналасуға септігі тиетіндігі басты назарда болуы қерек. Мысалы, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз, резюмеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттер жазылуы керек. Егер бастауыш сынып оқытушысы болғыңыз келсе, балаларды жақсы көретіндігіңіз, мейірімділігіңіз, шыдамдылығыңыз т.б. жазылуы кереқ. Жиналған мәліметтерді резюмеде берудің екі жолы бар: хронологиялық және фунқционалдық.. 
Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрген жүмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай Хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы орында сіздің бірінші жүмыс орныңыз, я болмаса бірінші аяқталған оқу орны жазылады. Егер сіздің жұмыс стажыңыз көп болса, алдымен косіптік жолыңьтзды көрсеткеніңіз дүрыс. Ал оқу орньш жаңа аяқтаған, қызметті жаңа бастағалы түрган адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені негізгі назарда үстайды. 
Функционалдық тәсіл. Бүл тәсіл білімі мен біліктілігі, жүмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мүнда жүмыс стажы кері Хронологиялық ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы моліметтер көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарынан істесеңіз, онда жүмысыңыздың жалпы сипаты өзгермегенде болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы, "1991-1999 жылдар аралығында Машина жасау заводында экономист, аға экономист, директордың орынбасары қызметтерін атқарды". 
Соңғы жүмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынган кепілдеме болса, оның бар екендігі резюмеде бір сөзбен айтылу керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол резюмемен бірге тапсырылады. 
 
Түйіндеме үлгілері  
 
Т Ү Й І Н Д Е М Е 
Сұлтанова Назира Айханқызы 
1914 ж. 4-сәуірде Талдықорган қаласында тудым. 
Мекен-жайым: Алматы қаласы, N. Тілендиев көшесі, 21, 3. 
Үй телефоны: 41-00-43 
Мамандығым; зақгер, тарихшы. 
Бағыт: Жогары оқу орнының оқытушысы, мемлекеттік аппарат қызметкері. 
Білімі мен қызметі туралы мәлімет: 
Қазақ мемлекеттік зац университетініц аспиранты 1997-2000 жж. 
Ілияс Жансугіров атындагы  университеті  тарих факулътетініц  оқытушысы   /995-1997 жж. 
Ілияс Жансүгіров атындагы Талдықорган университеті тарих және қуқық факулыпетініқ студенті — 1991-1995 жж. 
Негізгі мәліметтер. 
Казақстан тарихы, қуқықтану мәселелерімен айналысып, зерттеу жумыстарын жургіздім. "Әлихан Бөкейхаповтың саяси, қуқықтық көзқарастары" тақырыбында кандидаттық диссертация жаздым. Республика, қала, жоеары оқу орындары колемінде өткен конференцияларды баяндама жасадым. Жогары оқу орнында жұмыс істеген тәжірибем бар. Қогамдық жумыстарга белсене араласамын. 
Қосымша мәліметтер: Ана тілім — қазақ тілі. Агылшын  және орыс тілін жақсы білемін. Компьютермен жұмыс істей аламын. Туристік сапармен туркия, қытай, корея мемлекеттерінде болдым. Жеңіл машина жургізе аламын (1998 жылдан). Көпшілікпен жумыс істегенді ұнатамын. Үйымдастырушылық қабілетім бар. Тапрсыреан іске жауапкершілікпен. қараймын. 
Театрга, спорт жарыстарына барганды ұнатамын. 
Кепілдеме туралы мәлімет: Қазақ мемлекеттік заң университеті Мемлекеттік құқық кафедрасының меңгерушісі берген кепілдеме қосымша беріліп отыр. 
4 наурыз 2000 жыл ^_^^^_^^^^   Султанова Н.А. 
(қолы) 
 
 
Түйіндемеде  жұмсалатын терминдер және термин клишелері: 
үлт   _________________ ұлтым — қазақ 
азаматтық    ---------------- Қазақстан Республикасының 
азаматы білім    _______________ жоғары білімді 
орта білімді отбасы   --------------отбасым бар 
жұбай                               үйленгенмін 
бала                                  үйленбегенмін 
үл                                     ажырасқанмын 
қыз                                   түрмыска шақканмын 
ата-ана                   түрмысқа шықпағанмын 
Спортпен айналысамын: ат спортын, футболды үнатамын, I разрядты волейболшымын. 
Компьютерде, интернетте, ЭЕМ машиналарында  жұмыс істей аламын 
қазақ  
ағылшын 
орыс 
тілдерін 
орташа 
түсінемін 
оқи аламын 
сөздікпен аудара аламын 
 
3.    ЖЕКЕ ІС ПАРАҒЫ 
Кадрлар    жөніндегі    жеке    іс    парағы -  жұмысқа    қабылдану, сайланбалы оргаңдарға сайлану кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен ведомстволар талап еткен басқа жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі ресми құжат. Жеке іс парағында көрсетілетін мәліметтер еңбек кітапшасында, өмірбаянда берілетін мәліметтермен дәлме-дәл сәйкес жазылады, жеке адамның азаматтық хал-жағдайы, кәсібі мен мамандығы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолы толық көрсетіледі. 
 
НЕГІЗГІ  СӨЗДІК 
Жеке іс парақ /ғы/                              - личный листок 
Кадрлар жөніндегі жеке 
іс парағы                                             - личный листок по 
учету кадров 

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет